|   - Балалар жылдың қай мезгілі?  - Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?  Жұмбақ.      - Балалар сиқырлы баққа барғыларың келе ме?  Олай болса сиқырлы баққа барайық.  Балалар сап түзеп жүреді.  Біз келеміз адымдап  Жол ізімен арындап  1, 2, 3, 4  Қолды жоғары көтеріп  Биіктерге жетеміз  Үп - үлкен боп өсеміз.  Қолды жанға созамыз  Топ - топ етіп басамыз.  Алға қарай асамыз.  - Балалар міне сиқырлы баққа да келдік.  Қандай керемет бақ, балалар сендерге ұнайды ма?  Бақта нелер өсіп тұр?  (Музыка ойналып, тауыс құсы ұшып келеді.)  Тауыс құсы: Мен өз бағыма қонайын деп ұшып келсем, балалар келіп қалыпты ғой. Жарайды ендеше, менің сендерге қоятын шартым бар, орындасаңдар қонақ етемін, сыйлығымда бар.  1 – ші шартым: Сендер қандай құстарды білесіңдер?  Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, құстар екіге бөлінеді. Сендердің айтқан құстарың дала құстарына жатады. Ал үйлеріңде қандай құс бар?  2 - ші шартым: Құстар туралы тақпақ.  Айназ: Мен торғаймын, торғаймын  Жерге бекер қонбаймын  Құрт - құмырсқа шіркейден  Ақ бидайды қорғаймын.  Армат: Шыр - шыр еткен торғайды  Қорғамасақ болмайды  Кіп - кішкене торғайлар  Ағаштарды қорғайды.   |