Тілдік мақсат | Дағдыларды дамыту: сұрақтарға жауап алудың жолдарын талқылау (топта), бақылау кезеңдерін дұрыс атау, ғылыми терминологияны пайдалана отырып зертханалық жұмыс нәтижелерін түсіндіру кезінде толық, ашық түрде жауап беру. Көптілділік: ауа – воздух – air негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Зертханалық жұмыс, бақылау кезеңдері, тақырыбы, мақсаты, ақпарат жинау, ақпараттарды өңдеу, нәтижелерді ұсыну. талқылауға арналған сұрақтар. Тәжірибелік жұмыс дегеніміз не? Қандай тәжірибе жұмыстарын сен өз бетіңмен жасай аласың? Тәжірибелік жұмыс кезінде қандай ережелерді сақтау керек? |
Жоспарланған жұмыс I.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату мин | (Ұ) Педагог ҰОҚ жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды. Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жусаң сен әрдайым, Аппақ бетің, маңдайың. Тазалықтың досы, Су деген осы. | Өлең |
II.Өмірлік тәжірбиені маңыздандыру ҰОҚ-ның ортасы | (Ұ) Педагог жұмбақ шешуді ұсынады. Жылт-жылт етеді, Жылғадан өтеді. (Су) Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа) Балалар кестедегі суретке қарап, оқу іс-әрекетінде әңгіме не жайында болатынын болжамдайды. Оқу іс-әрекетінің соңына қарай қол жеткізілетін мақсат анықталады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып ора- лады) | |
III.Тақырып бойынша жұмыс 6-27 мин | • (Ұ) Педагог балаларды мәтінмен таныстырып, сұрақтарды талқылауды ұсынады. Тәжірибелік жұмыс шеңберінде жұмыстың қауіпсіздік ережелерін талқылау. • (Ұ, Ө) Балалар тәжірибелік жұмысқа қатысуға шақыру қағазын алады. • (Ұ, т, Ж, Ө) 1-тәжірибе. Тәжірибе жасау арқылы судың түссіз, мөлдір, дәмсіз, иіссіз екенін анықтау. 1.1. судың түсі қандай? (1-тапсырма) Екі стақандағы су мен сүтті салыстыру. Сүттің түсі ақ. Ал судың түсі мөлдір. Нәтижесінде судың түссіз мөлдір, ал сүт ақ түсті болатынын анықтау. 2.2. судың дәмі қандай? (2-тапсырма) Су мен апельсин шырынын салыстыру. Шырында апельсин жемісінің дәмі бар. Ал судың дәмі жоқ. Нәтижесінде судың дәмсіз екені анықталады. 2-тәжірибе: судың үш күйін анықтау 2.1. су – сұйық зат. Суды мөлдір стақанға құю. Даусын естірту. Нәтижесінде балалардың судың сұйық болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. 1.2. су қай кезде қатты денеге айналады? (3-тапсырма) Стақанға суды құйып, бір күнге тоңазытқышқа қойып, нәтижесінде судың төмен температурада қатты денеге айналатынын дәлелдеу. 1.3. су буға қалай айналады? Суды қайнатқанда буға айналатынын түсіндіру (бейнеүзінді, сурет арқылы) 3-тәжірибе: Ауасыз тіршілік жоқ екенін және ауаның көзге көрінбейтінін анықтау. 3.1. Ауасыз өмір сүре аламыз ба? Ол үшін тыныс мүшелерін бекітіп, тыныс алмау керектігі ұсынылады. Нәтижесінде адам ауасыз өмір сүре алмайтыны туралы тұжырым жаса- лады. 3.2. Ауа көзге көріне ме? Ауаның түсі жоқ болғандықтан, көзге көрінбейтінін тек адамға сезілетінін анықтау. • (Ұ) Динамикалық кідіріс. • (Ұ) Педагог ойындар ұсынады: • егер: Жер бетінен барлық су жоғалып кетсе; • тұщы су тұзды суға айналса; • суды аязға шығарып қойса; • шәйнектегі суды көп уақытқа отқа қойса, не болар еді? (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 4-5-тапсырмаларды орындайды. | Тақта немесе флип- чарт. Суға арналған ыдыс, су. Біржолғы ыдыс, су, сүт. Стақан, су, апельсин шырыны. Ыдыс, су. Стақан, су, мұз. |
IV.ҰОҚ-ның қорытындысы Рефлексия | Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Балалардың өз жұмысын бағалауын, зымыранды кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: 1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім. 1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын. | Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар. |