kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстанудан сабақ жоспары: "Әлемді өзгерткен жаңалықтар".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаратылыстану пәнінен "Әлемді өзгерткен жаңалықтар" атты тақырып бойынша сабақ жоспары. Жаңа форматта құрылған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстанудан сабақ жоспары: "Әлемді өзгерткен жаңалықтар".»


Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Әлемді өзгертетін жаңалықтар



Мектеп: №10 орта мектебі


Күні: 06.04.2018 ж.

Мұғалімнің есімі: Тургумбаева Л.С.


СЫНЫП: 5


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы 5.4.D

Әлемді өзгерткен жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

5.7.1.1. Әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру.

Сабақ мақсаттары

  1. Ғылыми жаңалықтар не екенін біледі

  2. Жаңалықтардың әлемді қалай өзгертетінін біліп, түсінетін болады, мыcaл келтіре алады.

  3. Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды, болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады.

Бағалау критерийі

Білу - Оқушылар ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін және әлемді өзгерткен жаңалықтарды біледі.

Түсіну - Жаңа технологиялардың не екенін түсінеді.

Қолдану - Ғылыми жаңалықтарға ауызша мысал келтіре алады Талдау - Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды.

Тілдік мақсат

Оқылым: Оқулықтан әлемді өзгерткен жаңалықтар туралы оқиды.

Тыңдалым: Әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар(ДНК) туралы видеоролик тыңдайды

Жазылым: Термин сөздерді дәптерге жазады

Айтылым: Оқулықтан басқа тағы қандай жаңалықтар болып жатқанын ортаға салып айтады.Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады

Негізгі сөздер мен терминдер: Жаңалық, ғалым, ғылым, прогресс, техника, технология, зерттеулер, ұялы телефон, ғаламтор, «жасыл революция», ЭКСПО-2017, вакцина.

Құндылықтарға баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

  • Өмір бойы оқуға дайын болу;

Пәнаралық байланыс

Физика пәнімен телефон жасауда электр тоғын пайдалану керектігін, биология пәнімен ДНҚ туралы мәлімет алуда байланыстыра алады.

Алдыңғы білім

Оқушылар аса маңызды ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығулартүрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, жоқ оқушыларды түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал тудыру.

Ынтымақтастық құру «Мінезің қандай?» әдісі.

Оқушыларға түрлі геометриялық фигуралар (кеспе қағаздар) беріледі. Сол кеспе қағазда жазылған мінез өзінің мінезіне сейкес келеме келмейтіндігі туралы сөз етеді. Сол геометриялық фигуралардың көмегімен оқушыларды «Геометриялық фигуралар» әдісі бойынша 4 топқа біріктіруге болады

Сен көшбасшысың, үнемі белсенді

болып жүргенді ұнатасың (1 топ)

С ен еңбекқорсың, оқығанды жақсы

көресің, үйренгенді жақсы көресің (2 топ)

Сен өте шығармашыл адамсың,

сенен ғажайып түрлі идеялар

мен ойлар шығады (3 топ)


Сен жайдары адамсың, жүргенді ұнатасың(4 топ)

Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын суреттер көмегімен сұрау. Оқушыларға алдын – ала ұялы телефон, теледидар, микроскоп, компьютер, радио, батарея, автомобильдің шығарылған суреттері беріледі. Оқушылар суреттерді таңдай отырып, суреттің артында жазылған сұрақтарға жауап беріп, ол суретті тақтаға жабыстырады.Суреттің артында өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар берілген. Ал суретте бүгінгі жаңа тақырыпқа байланысты суреттер бейнелеген.

Сұрақтар

1. Қызыл кітап қандай құжат?

2. Қызыл кітапты жасаудың мақсаты неде?

ҚР Қызыл кітабы қанша томнан тұрады?

3. Мұқабаның қызыл түсі нені білдіреді?

4. Кітапқа қанша түр енгізілген?

5. Қызыл кітапқа енген 3 өсімдік пен 3 жануарға мысал келтір

6. Не мақсатта Қызыл кітапқа өсімдіктер мен жануарлардың түрлері енгізіледі?

7. Халықаралық табиғатты қорғау одағы қай жылы құрылды?

8. Қызыл кітап қай жылы жарыққа шықты?

9. Табиғат компоненттерін қалай қорғауға болады?

10. Өз аумағыңда Қызыл кітапқа енген жануар мен өсімдік түріне мысал келтір.









Сабақтың ортасы

Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады.

Мұғалім оқушыларға әлемде болып жатқан қазіргі таңдағы қандай жаңалықтар туралы білетінін сұрайды. Оқушылар өз ойларын айтады. Жаңа сөздерді дәптерге жазып алады.

1 тапсырма.

«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. 4 топқа оқулықтағы мәтін бөлініп беріледі. Мәтінді оқып болған соң постер қорғайды.










Мәтінді жақсылап оқып, түсінгеніңді плакатқа түсіреді.

1 топ – Қандай жаңалықтар қазіргі ғылым дамуының алғышарты екенін түсіндіреді.

Дескриптор:Оқушылар қазіргі ғылымның дамуыныңалғышарты болған дөңгелек, компьютер, электр, электр шамы,радио жайлы түсіндіреді.

2 топ – Дүниежүзінің дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы айтады.

Дескриптор:Ыбырай Жақаев, Ескендір Тайманов, Руслан Өтебаев жайлы айтады

3 топ –Ғылымның дамуына үлес қоса алатын зерттеулер жайлы айтады.

Дескриптор: Оқушылар қазіргі таңдағы ашылулар автокөлік түрлері, смартфондар, таза су өндіретін аппарат, бассейн жайлы түсіндіреді.

4 топ – Ашылған жаңалықтардың, зерттеулердің адам өмірі үшін маңызы қандай?

Дескриптор:Дүние жүзінде болып жатқан ғылыми жаңалықтардың адам өмірі үшін маңызын түсіндіреді.

Әр топ бір – бірінің жұмысын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

2 тапсырма. «Көршіңе әңгімелеп бер » әдісі бойынша оқушылар ДНК және Нобель сыйлығы туралы видеоролик көріп, танысады.

  1. Видеоны мұқият қарап шығып, ойыңмен бөліс

Оқушылар видеоны көріп, жұппен талдайды, келесі топпен ақпарат алмасады.

Мультфильмді көріп болған соң топта талқылау үшін сұрақтар беріледі және өз ойларын ортаға салады.

Балаларға Нобель сыйлығы туралы әңгімелеп беріңіз, себебі бұл аса көрнекті ғылыми зерттеулер, төңкерістік ашылымдар немесе мәдениет пен қоғамның дамуына қомақты үлес қосқаны үшін жыл сайын берілетін беделді халықаралық жүлде.

Дескриптор:

  1. Видеороликті мұқият қарап шығып, өз ойларымен бөліседі.

Әр оқушының айтқан ойын «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды.

3 тапсырма. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі бойынша оқушылар кестені толтыру керек.

3 топқа 3 кесте беріледі.

Кестені толтырыңдар.

1 топ

Ашылған жаңалықтардың мәні

Қоғам үшін маңызы

Адам үшін маңызы













Дескриптор: Әлемде ашылған жаңалықтар, олардың адам үшін және қоғам үшін маңызын анықтайды.

2 топ

Жаңалық ашқан ғалымдар

Ашқан жаңалығы









Дескриптор: Әлемде болып жатқан жаңалықтарды ашқан ғалымдар және олардың ашқан жаңалығын айтып түсіндіреді

3 топ

Жаңалықтар

Қай жерде қолданылды

Табиғаттағы және адам өміріндегі жаңалықтардың маңызы мен мәні













Дескриптор:Әлемде ашылған жаңалықтардың қолданылған жерін және маңызы мен мәнін анықтайды.



4 топ

Қазіргі таңдағы ашылған белгілі жаңалықтар

Болашақта ашылуы мүмкін жаңалықтар









Дескриптор: Қазіргі кездегі және болашақтағы жаңалықтарға талдау жасайды

Оқушылр «Жұлдызша» әдісі арқылы бағаланады.

4 тапсырма. «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі бойынша оқушылар топпен жұмыс жасайды. Оқушыларға жасырын суреттер беріледі. Қай топқа балық түссе, сол алтын балық болады және сұраққа топпен ақылдаса отырып жауап береді.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Медицинаның жеткен жетістіктерін атаңыздар.

Дескриптор: Оқушылар медицинадағы жаңалықтар микроскоп, рентген, узи, екпелер, вакцина жайлы айтады және оларға мысал келтіреді.

  1. 2017 жылы Қазақстанда Қандай іс-шара ұйымдастырылды және мақсаты қандай?

Дескриптор: ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі жайлы айтып береді.

Оқушылар смайликтер арқылы бағаланады.









Оқулық, постер, маркер, стикерь



























ДНҚ туралы мультфильм:

https://www.youtube.com/watch?v=sWwpAn4pN80

Нобель сыйлығы туралы мәліметтер:

http://nobeliat.ru/

http://n-t.ru/nl/hm/

http://www.nobelprize.org/




























































Сабақтың соңы

Кері байланыс: «Рефлексиялық нысана» техникасы

  1. Бүгін мен белсенді қатыстым

  2. Қызықты болды

  3. Түсінікті болды

  4. Жаңаны білдім

Үйге тапсырма: «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында эссе жазу




Саралау –Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қабілетті оқушыларға қандай тапсырма береміз?

Бағалау - Оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралаудың мынандай тәсіледрін сабағымда пайдаландым.

Жіктеу тәсілі

«Мінезің қандай?» әдісі

«Топтастыру» әдісі

Қарқын тәсілі

«Миға шабуыл» әдісі

Тапсырма тәсілі

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

«Джигсо» әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Диалог және қолдау көрсету тәсілі

«Көршіңе әңгімелеп

бер » әдісі

Бүгінгі сабағымда қалыптастырушы бағалау жүргіздім. Оқушылар бір-бірін

«Бесбармақ» әдісі

«Смайликтер» арқылы

«Қол шаплақтау» әдісі

«Жұлдызша» әдісі арқылы

бағаланды.

«Рефлексиялық нысана» әдісі арқылы кері байланыс алдым.


Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты және оқу мақсаты шынайы әрі қолжетімді болды. Барлық оқушылар өз мақсаттарына кол жеткізді. Саралауға арналған тапсырмалар берілді. Сабақ кезеңінде уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ.

Қорытынды бағамдау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Джигсо» әдісі ең тиімді болды әлемді өзгертетін жаңалықтар туралы оқушылар жалпылама түсініп шықты.

2: «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі арқылы оқушылар соңғы жылдардағы ғылыми жаңалықтар туралы білді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Әдіс тәсілдерді сабағымда жиі қолдансам әрі көбірек қолдансам қызықты болар еді

2: Оқушылардың қызығушылығын оятатын тапсырмалар көп қолдануым қажет

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Қызығушылықты арттыратын тапсырмаларды көптеп қолдану қажет деп ойлаймын.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаратылыстанудан сабақ жоспары: "Әлемді өзгерткен жаңалықтар".

Автор: Тургумбаева Лаззат Сериковна

Дата: 04.01.2020

Номер свидетельства: 534428


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства