kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану пәнінен ащық сабақ.Жанды табиғат.Өсімдіктер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаратылыстану пәнінен Өсімдіктер тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану пәнінен ащық сабақ.Жанды табиғат.Өсімдіктер»

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:жаратылыстану

Сынып:1

Мектеп: Алтынсарин орта мектебі

Күні:15,05,2019

Мұғалімнің жөні :Куанбаева Ж.У

Сабақтың тақырыбы: 2.1 Жанды табиғат.Өсімдіктер

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

1.1.2.2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру


Сабақ мақсаттары

Барлығы:Өсімдіктердің мүшелерін ажыратады.

Көбі: өсімдіктердің негізгі мүшелерін атауларымен атайды,негізгі мүшенің орнын.қызметін саралайды. (тамыр,сабақ,гүл,жеміс)



Кейбірі: гербариидің көмегімен өздік жұмыстар жүргізе біледі.


Бағалау критерийлері

Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс)атайды

Жұргізілген эксперименттің нәтижесін қорытындылайды.

Сөздік қор


Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды.(тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс)атайды


Құндылықтарды дарыту

Өз ауласындағы өсімдіктерді ретсиз жұлмау,баптау.

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Еңбек құралдпарын пайдаланғанда (желім) ұқыпты пайдалану.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сауат ашу, математика

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)


Алдыңғы меңгерілген білім




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


(Ұ) «Жұмбақ» әд

Мақсат:

Қысы жазы шешпейтін,

Көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді кейпін,

Жаралғандай асылдан. «Шырша»

Сұрақ-жауап әдістері арқылы пысықтау.

Ж.Ж

Класстермен жұмыс әдісі арқылы «Анықтау» ойынын ойнайды

(шыршаның суретін сызба арқылы талдату,суретін салады)Мысалы:Шырша-жасыл,сабағы бар,жапырағы тікен.т.б

«Шапалақ» бағалау

Әңгімелеу әдісі арқылы «миға шабуыл» әдісі арқылы өз ойларын ортаға салады.тақырыппен байланыстырып кетеді.

Жұмбақ,геометриялық фигуралар,желім,қағаз.

Сабақ ортасы

«Конфет алу» әдісі арқылы 2 топқа бөлінеді.

1.ТОП «Бидай» ;2 ТОП «Қызанақ» Зерттеу жұмысы «Бес саусақ» әдісі арқылы

Гербариидің көрнекілік арқылы алақанға суреттеп,саусақтарға жапырағын –ж,тамырын-т,сабағы-с,гүлін-г деп талдатады,зерттей отырып жазады.





Ж.Ж«Өсу ретін орналастыр!»ойыны.Сәйкестендіру әд

Жемісі

6

Тамыры

2

Жапырақ

4

Тұқым

1

Гүл

5

Сабағы

3

«Өзін өзі бағалау» бағалау.Мұғалімнің дұрыс нұсқасы бойынша салыстырады.Өздерін бағалайды.

Бөлме өсімдігі,смайликтер,







Карточкалар,қалам.Салыстыру көрнекілігі

Сабақтың соңы

Ж.Ж «Суреттеу» әдісі арқылы суретпен жұмыс түрі. «Тауып көр!» ойыны

Оқушылар суретке қарап отырып қайталап суреттейді.Тек бұл ойында өсімдіктің қай бөлігі жетіспей тұрғанын тауып,толық бейнелеу керек.

Критериалды бағалау әдісі арқылы бағалау.

тамыр

Сабағы

Жапырақ

гүлі

Айгул





Самат





Турар





Дискрипторлары:барлық мүшелерін суреттей біледі.

Жоқ мүшесін өз беттерінше таба биледі және суреттейді







Рефлексия «Менің көңіл гүлім» суреттеу әд

Әр оқушы дайын таратылған гүлдерін бояйды.(қаншалықты ұнаса толық не толық емес)

Суреттер.қалам













Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

-Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ажыратады.

-Негізгі мүшелерінің қызметін саралату

(сабақ,тамыр,жапырақ,гүл,жеміс)

Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сандық техникаларады қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



















Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;



Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. өсімдік суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. үрмебұршақ тұқымдары;

  4. стақандар;

  5. пластикалық тостағандар (кішкене стақандар және басқа да ыдыстар);

  6. мақта;

  7. тұқымы бар жемістер (қызанақ, шие, алма, алмұрт және т.б.);

  8. алдын ала дайындалған тәжірибе нәтижесі.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білетін болады.

  2. Суретте көрсетілген өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс, тұқым) танып, ажыратады.

  3. “Тұқымдар қалай өнеді?” зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылау, талдау, қорытындылау дағ­ дыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.1.1өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғатта тіршілік формалары мен мөлшерінің алуантүрлілігіне қарамастан, өсімдіктердің құры­ лысы ұқсас болып келеді. Өсімдіктердің мүшелері­ вегетативтік (өсімді) және генеративтік (көбею) болып екіге бөлінеді. Қоректену және өсу қызметін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады­. Өсімдіктердің ең маңызды вегетативті мүшелері­ өркені және тамыры болып табылады. Өсімдіктердің­ бұтағы сабақтан, жапырақтардан және бүршіктерден тұрады. Өсімдіктердің генера­ тивті мүшелеріне гүлдер мен олардан пайда болатын тұқымы бар жемістер жатады. Генеративті мүшелер өсімдіктердің жынысты көбеюін қамтамасыз етеді.

Өсімдік бөліктері


Суретке қара. Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата.




Жемістердің ішінде не болады?

Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?

Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Ойланып көр.

Есте сақта!



Өсімдік бөліктері — тамыр, сабақ,жапырақ, гүл, жеміс және тұқым.






Кіріспе тапсырма. Оқушылардың сабаққа қы­зығушылығын­ арттыру үшін сабақты ойыннан бастауға­ болады. Оқушылардан өздерін өсімдіктер рөлінде елестетулерін сұраңыз: қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашсын. Оқушылардан қан­-дай өсімдікті бейнелегенін және қандай бөліктері бар екенін сұраңыз.


Өсімдік бөліктері. Оқулықтағы өсімдік бөлік­тері бейнеленген суреттерге қарауды ұсыныңыз. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұраңыз. Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып немесе тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс. Жұптасып немесе шағын топта бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсыныңыз. Өсімдік бөліктерін нөмірімен атап, суреттерімен сәйкестендіру керек. Мысалы, 1 — тамыр.


Жеміс — өсімдіктің бөлігі. Оқушылардан оқу­лықтағы суретке қарап, бейнеленген жемістерді атауларын сұраңыз. Олардан қандай жеміс-жидек­ терді жақсы көретіндерін және себебін сұраңыз. “Жидектер мен жемістерді жеу” деген пантомима ойнауға болады. Оқушылардың бірі оларды қалай жейтінін көрсетуі тиіс, ал басқа оқушылар жеміс не жидек екенін табулары керек. Оқушылардың назарын жемістердің алуантүрлілігіне аударыңыз. Олар жемістердің пішінін, мөлшерін, түсін, сонымен қатар құрғақ немесе шырынды екенін сипаттасын. Егер пантомима көрсету мүмкін болмаса, оқушы­ лардан жемістің іші қандай, олардың дәмі қандай екенін нақтылап сұраңыз. Өсімдіктің жемісінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылардың жауабынан кейін ”Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша? Олардың пішіні мен мөлшері қандай?” деген сұрақтар­ қо­ йыңыз. Мүмкіндігінше бірнеше жемісті алдын ала дайындап қойыңыз. Ортасынан жарылған жемістерді көрсетіңіз.


Мектептегі өсімдіктер. Шағын тәжірибелікжұмыс жүргізіңіз. Осы жұмыстың барысында оқу­ шылар “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, онда бөлме өсімдіктерімен сы­ ныпта жұмыс жасаңыз. Қауіпсіздік техникасы бо­-йынша­ нұсқаулық жүргізіңіз. Оқушыларға өсім­ діктерді немесе олардың бөліктерін жұлуға бол­ майтынын ескертіңіз. Олар өсімдіктермен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жууы керек.

Зерттейік. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз.Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсетуі керек. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстыра алады.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз.


Әр топқа қажетті заттарды беріңіз: үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан.

Оқушыларға мынадай нұсқаулар беріңіз:

  1. Шағын ыдысты алыңыз.

  2. Түбіне мақта салыңыз.

  3. Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құйыңыз.

  4. Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.


  1. Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойыңыз да, қақпақпен жабыңыз. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы керек.


  1. Тұқымды жылы жерге қойыңыз.


Шамамен үш күннен кейін тұқымдар бөртіп, бір аптадан кейін өнеді. Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қоюға болады.


Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет,сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.





Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.


Кейбір оқушылар қолда бар заттарды пайдалана отырып, өсімдіктің коллажын жасап, оның бөліктерін белгілей алады.


Бағалау


Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады.


Өсімдік бөліктері. Оқушылар өсімдіктің әрбөлігінің атын жазады. Жаза алмайтын оқушыларға өсімдік бөлігін, оның атауымен қосуды ұсыныңыз. Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаңыз. Орындау жылдамдығы мен ұқыптылығына назар аударыңыз. Тапсырманы орындауға қиналған оқушы­ ларға көмектесіңіз.

  1. Оқушылар өсімдіктердің тұқымдары мен жеміс­ терін ажыратады.


Жемістер және тұқымдар. Оқушыларға жеміс-терді бояп, тұқымдардың суреттерін аяқтауды, со­ нымен қатар оны дұрыс атауымен қосып, өсімдікті атауды ұсыныңыз. Жемістердегі тұқым санына ерекше назар аударыңыз. Бұл оқушыларға қиын болуы мүмкін. Оқи алмайтындарға көмектесіңіз.

Тұқымның өнуі. Оқушылардан үрмебұршақ­тың қалай өнетіндігін бақылауды сұраңыз. Тұқымның өнуін бақылап, 3 және 6 күннен кейінгі суретін са­ луды тапсырыңыз.


Мұнда оқушылардың бақылау жүргізу және ба­ қылау нәтижелерінің суретін дұрыс салу қабілет­ терін атап, мақтап отыру қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаратылыстану пәнінен ащық сабақ.Жанды табиғат.Өсімдіктер

Автор: Жанара Куанбаева

Дата: 05.12.2019

Номер свидетельства: 530429


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства