kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары жаңа технология элементтерімен жазылған. Сабақ ҚМЖ бойынша жасалған. Тақырыбы:" Адамдар ғарышты қалай зерттеді?" кері байланыс жүргізілген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ»







Пәні:Жаратылыстану

Мектеп: "№4 жалпы білім беру орта мектебі" ММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мұғалімнің аты-жөні:Майланова Кундыз Танбаевна

Күні:17.01.2017

Қатысқандар саны: 24


Сынып: 1 "Ғ"

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы:


Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

Оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар:астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;



Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттеу;


Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

Күтілетін нәтижелер:

  1. күнтізбелердің әртүрлі нұсқалары: қабырғаға ілетін, үстелге қоятын, аудармалы және т.б. алғашқы күнтізбелердің суреттері.

  2. Интернет-ресурстар:

  3. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны туралы бейнефильм.

Оқушылар: ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;

ерте заманда аспан денелерін бақылау арқылы қандай маңызды жаңалықтар ашылғанын түсінеді. Бұл үшін олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қандай жаңалық ашуға болатынын анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

Бағалау критериилері:

Астрономияны ғарыш тура- лы ғылым ретінде түсінеді;

Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппарат

тарын біледі, сипаттайды;

Алған білімдерін өмірде қолданады;

Ойлау деңгейлері:

Білу:


Түсіну



Қолдану


Тілдік мақсаттар:латын әріптері мен транскрипциясының кестесі:олардың айтылуын үйрету.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері.

Астрономия, ғарыш, шоқ жұлдыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ғарыш дегеніміз не?

Астрономия дегеніміз не?

Не себепті......деп ойлайсың?

Астрономия нені зерттейді?

Адамдар ғарышты не үшін зерттейді?

Уақытты білу үшін не қажет және оны қалай өлшейміз?

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Адамдар әрдайым жұлдызды аспанның құпия­ сын ұғуға тырысқан. Олар бақылау барысында жұл-дыздардың өзара орналасу қалпын өзгертпейтінін және шоқжұлдыз құрайтынын байқаған. Шоқжұл­ дыздардың көмегімен адамдар кеңістікте бағдар­ лауды үйренген. Бірақ аспан жұлдыздардың су­ реті салынған шар сияқты Жерді айналып жүреді деп есептеген. Айды бақылағанда, ол туу әрі толу нүктелерін және өзінің пішінін өзгертіп отыра­ тындығын анықтаған. Ай күнтізбелері мен гномон аспанды игерудің алғашқы жаңалықтары болыптабылады. Гномон —Кейіннен Күн күнтізбелері құрастырылған­. Оларда күн мен түннің теңелуі және Күннің тоқырау аралығы­ жыл болып есептелген. Әрине, қайсысы бірінші, қайсысы екінші болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ Ай күнтізбесі — Ай фазаларының ауысуын бақылағаннан кейін, Күн күнтізбесі гномон­ ның ашылуынан­ кейін пайда болды деген болжамның ықтималдығы жоғары.


Кіріспе тапсырма. Оқушыларға өздерін ертезамандағы адамдардың орнында елестетуін тап­ сырыңыз. Сабақты былай бастаңыз: “Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?”


Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылаңыз­­ дар.


Осы ойынды сабақ көлемінде жүргізуге болады.


Алғашқы жаңалықтар. Алғаш қандай астрономиялық жаңалықтар ашылғанын ойланып көрсін. Ол үшін аспанға тағы бір рет “көз тігу керек”. Ең бірінші нені көруге болады? Барлық мүмкін болатын жауаптарды тыңдаңыз. Жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильмнің бас жағын дауыссыз көрсетуге болады. “Не көрінеді?“ — деп сұраңыз. Оқушылар “адамдар ең алдымен жұлдыздарды көріп, олардан шоқжұлдыздарды құрастырды” деген қорытынды жасаулары керек. Ол не үшін қажет еді? — деп нақтылаңыз. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильм көрсетуге болады. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының­ Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беріңіз.


Кейінгі жаңалықтар. Оқушыларға әлі де ерте замандағы адамдардың рөлінде бола тұруды тапсырыңыз. Оларға тіршілік ету үшін не қажет болғанын ойланып көрсін. Ерте замандағы адамдар­ дың, негізінен, диқаншылықпен және мал шаруашы­­ лығымен­ айналысқанын естеріне салыңыз. Ол үшін нелер қажет болғаны туралы оқушылардан­ сұраңыз. Аспан денелерін бақылау жаңбыр жауатынын анық­ тауға көмектесе­ алатынын сұраңыз. Шағын сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыруға болады. Нәтижесінде­ оқушылар “адамзаттың­ кейінгі ашқан жаңалығы­ күнсағат пен Ай күнтізбесі болды” деген қорытынды­ жасай алады.


Күнтізбе. Әртүрлі күнтізбелер нұсқасын көрсетіңіз. Оларды топтарға таратып беруге болады. Оқушыларға қазіргі күнтізбелердің көбінде мейрам күндері, Күннің тұтылуы, шығуы мен батуы жазылып тұрғанын көрсетіңіз. “Ерте замандағы а, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды тапсырыңыз. (Ал­ ғашқы күнтізбелердің ортасында Күн және Ай бейнеленген,­ ал айлар айнала орналасқан.


Пәнаралық байланыс


Дүниетану. Оқиғалар мен нысандарды хронологиялық тұрғыдан жүйелеу.


АКТ қолдану дағдылары:




Бастапқы білім:


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарпланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы




Ұйымдастыру

Кіріспе тапсырма.Блиц-турнир. Оқушыларды топтарға бөліп, оқулықтағы сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз.Астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, оларды атап бере алады.



Телескоп.Оқушылардан дүрбі туралы не білетіндерін сұрап, ғалым Галилео Галилей жайында айтып беру. Оқулықтағы суреттерге назар аударту. Оларды салыстыру.

Дүрбі

(Телескоп)












Сабақтың ортасы
















































Сергіту сәті



Сабақтың соңы






















Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Ізденуге арналған тапсырма беремін.



















Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

1. Жер қандай?Ертеде адамдар жердің пішінін қалай елестеткен?

Зерттейік.Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1-топ: "Суретшілер" -зымыранның суретін салады.

2-топ:"Мүсіншілер" - оны ермек саздан жасайды.

3-топ:"Оригами"- зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды.

4-топ:"Тәжірибе"-зымыранды ұшырады (Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыранды орналастырады. Ол 10 секунд ішінде ұшады).

Осы жұмыс орындалғаннан кейін барлық топ мүшелерін жинап, өздерінің орындаған жұмыстарын

талқылап, қорытынды жасау үшін 5 минут уақыт беріледі.

Балалар, сонымен біз бүгінгі сабақта қай жаққа саяхат жасадық?

Зерттеу туралы не білдік?Ендеше білімімізді пысықтау үшін келесі тапсырманы орындайық.

Тапсырма. Саяхатқа бармас бұрын мен сендерге ғарыш туралы түсінік беріп кетейін. Ғарышқа алғаш ұшқан Юрий Гагарин, Талғат Бегилденов, Тоқтар Әубәкіров . Зымыран айлағы еліміздің Байқоңыр қаласы . Ең алдымен ғарышқа ұшу үшін бізге зымыран қажет. Олай болса зымыран құрастырайық.

Бағалау критериилері. Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде түсінеді;

Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын біледі, сипаттайды;

зымыранды құрастырады.

Дескриптор:Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде түсінеді;

Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын біледі, сипаттай алады.

Зымыранды құрастыра алады.

Тапсырма. Дәптермен жұмыс.Суретшінің қателігі. Оқушылар суретті қарап, сәйкессіздікті анықтап, себебін түсіндіре алады.(Расытханалардың айналасында көпқабатты ғимараттар болмауы керек, расытханалардағы телескоптар заманға сай болуы керек.)Осыдан кейін оқушыларға суретті бояп шығуға ұсынамын.

Бағалау критериилері.Аспан денелерін біледі, жазады. Жұлдыздар- дағы әріптерді байланыстырып құрастырады.

Дескриптор. Аспан денелерін біледі, жаза алады. Жұлдыздардағы әріптерді байланыстырып құрастыра алады.


"Бүгін қандай тамаша көңілді күн"



Саралау.Орындап көр. Арнайы құралдарсыз түнгі аспаннан нені көруге болады?Бақылап кел.

Бағалау критериилері.Үй тапсырмасын мұқият орындап бақылап келеді, иқандай аспан денелері бар екенеін жазып, айтады.

Дескриптор.Үй тапсырмасын мұқият орындап бақылап келіп, қандай аспан денелері бар екенін жазып, айта алады.

Бағалау. "Бағдаршам"әдісі.

Мадақтау сөздері арқылы "Жарайсың, жақсы, әттеген-ай"

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау.

Кері байланыс. "Тілек шамы" Әр оқушы бір-біріне "Тілек шамын"

беру арқылы өз отбасына тілектерін айтады.



Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Сыныптағы қабілетті оқушыларға жеке тапсырма беру арқылы олардың қабілетін дамытамын.























Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.

Бүгін оқушылар ғарыш туралы толық мағлұмат алды.


Сабақ оқушыларға қызықты, жақсы деңгейде өтті.

Жоспа

Түрлі-түсті қағаздар, ермексаз,А3 қағазы, шыны ыдыс пен дәрілер және уақыт.



































Арнайы бақылау дәптері

















Ақ параққа арналғаан жеке тапсырма.






















Пәнаралық байланыс-Денсаулық және қауіпсіздікті, АКТ-мен байланыс. Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Құндылықтармен байланыс. (тәрбие элементі).Сыныптағы басқада оқушылардың айтқан пікірімен санасуға, сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.






Бұл тапсырманы орындаған кезде мынадай сұрақтар қойыңыз:


— Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)


— Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)


— Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)


Зерттейік. Оқушыларды шамамен әр топта алты-сегіз адам болатындай етіп бөліңіз. Топтарға бөлген кезде оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеру керек. Тапсырманы орындау үшін: А4 фор­ матты парақтар (басқалардан баяу жұмыс жасайтын оқушылар үшін астрономиялық жаңалықтар жазылған парақтарды алдын ала дайындап қойыңыз), бояулар, түрлі түсті қарындаштар қажет болады.


Оқушылар ерте кезде ашылған астрономиялық­ жаңалықтарды парақтарға жаза алады. Бір парақ — бір жазба. Әр жаңалықтың суретін салып көрсетуге болады. Одан кейін оқушылар жаңалықтарды (па­ рақтарды)­ хронологиялық ретпен орналастырады. Нөмірлейді.

Топта оқушылар әр жаңалықты пантомима не­ месе рөлдік қойылым түрінде ұсынуға болатынын ойластырады.

Әр топ өз нұсқасын көрсетеді.


Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың­ өмірін жақсарту үшін жасалғанын түсі­ нетін болады. Сонымен қатар оқушылар осы тап­ сырманы­ орындау барысында өздерінің бақыла­ ғандарының­ нәтижесін ұсына алу дағдыларын жетілдіреді­ (ауызша, сурет, пантомима түрінде).


Бағалау


Астрономияда мәлімет алудың ең негізгі әдісі — бақылау екенін біледі, оның көмегімен қандай жаңалықтар ашылғанын түсінеді.

Алғашқы жаңалықтар. Оқушылар алғашқы астрономиялық жаңалықтар бейнеленген сурет­ терді таңбалап, белгілі ретпен нөмірлей алады. Жұмыс кезінде не себепті осындай рет сақталғанын нақтылап,­ олардың дәлелдерін тыңдаңыз.

Ықтимал жауаптар

Суреттерді орналастыру тәртібі бойынша: 4. Шоқжұлдыздар.

2. Күн мен түннің ауысуы.

1. Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолы.

5. Күнсағаттар.

3. Күн күнтізбесі.

Нақты хронологиялық реттілікті анықтау қиын болғандықтан,­ келесі нұсқаларды қабылдауға бо­ лады: 2—4—1—5—3; 4—2—1—5—3. Маңыздысы,­ Күн күнтізбесінің соңғы болуы. Гномон (күнсағат) тек Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолынан кейін болуы, ал Күн күнтізбесі бірінші болуы мүмкін емес.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ

Автор: Майланова Кундыз Танбаевна

Дата: 04.11.2017

Номер свидетельства: 436782

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Таби?и ??былыстарды? к?пт?рлілігі ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(49) "tabig-i-k-u-bylystardyn-kopturlilighi-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "269818"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450927310"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ашық сабақ. Тақырыбы: Зат қандай болады?"
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk_sabak_takyryby_zat_kandai_bolady"
    ["file_id"] => string(6) "528757"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1574765899"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(37) "zharatylystanu_p_ninien_ashyk_sabak_1"
    ["file_id"] => string(6) "454891"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517836333"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "География п?нінен "Агро?нерк?сіптік кешен" та?ырыбында ашы? саба?. 9-сынып."
    ["seo_title"] => string(71) "gieoghrafiiapninienaghroonierksiptikkieshientakyrybyndaashyksabak9synyp"
    ["file_id"] => string(6) "317405"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460357377"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ "Ағза аурудан қалай қорғанады?""
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk_sabak_agza_aurudan_kalai_korganady"
    ["file_id"] => string(6) "529539"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575144010"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства