kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жануарлардың қысқы тіршілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

-Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін бекітіп,тереңдету,олардың қысқы табиғатқа бейімделуі,олар туралы қызықты деректермен таныстыра отырып тілдерін дамыту;үштілділік заңдылығын ұмытпау.

- Сұрақтарға толық сөйлем құрап,жауап беруге үйрету,не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру,аңдардың түрлеріне көңіл аудартып оның тіршілігі туралы әңгімел

-балалардың аңдарға еу. деген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жануарлардың қысқы тіршілігі»



Ересектер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы : Қатынас.

Бөлімі : тіл дамыту.

Тақырыбы : «Қысқы орманға саяхат».

Мақсаты :

-Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін бекітіп,тереңдету,олардың қысқы табиғатқа бейімделуі,олар туралы қызықты деректермен таныстыра отырып тілдерін дамыту;үштілділік заңдылығын ұмытпау.

- Сұрақтарға толық сөйлем құрап,жауап беруге үйрету,не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру,аңдардың түрлеріне көңіл аудартып оның тіршілігі туралы әңгімелеу.

-балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер : көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.

Көрнекіліктер : аңдардың түрлі-түсті суреті,слайдттар,логикалық тапсырмалар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар : жабайы жануарлар туралы суреттер қарап,сол бойынша әңгіме жүргізу.

Дидактикалық ойындар: «Бұл ненің үйі?», "Қыс белгілері" «Олар немен қоректенеді?».

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалалардың әрекеті

Себептік-әрекетті ояту

Қонақтармен амандасу.

Амандасу үлкенмен

Тәрбиенің басы ғой

Барлығымен ізетпен

Сәлеметсіздер ме дейміз.

-Балалар,қазір бізде қандай жыл мезгілі?

-Балалар,сендер қысқы орманға барғыларың келе ме?

-Қараңдар,менің қолымда қандай ғажайып ұлпа қар бар,біз оны бір-бірімізге беріп бір-бірімізге жылы лебіздерімізді айтайық.

Есік қағылады.топқа қолында видеохаты және тағы бір конверт,онда балалалрға арналған тапсырмалар бар Сауысқан ұшыпкеледі.Амандасады.

-Балалар бүгін мен сендерден көмек сұрап келдім.Ормандағы барлық аңдарды қарша Ханшайымы сиқырлап қатырып тастады.Мына видеохаттан өздерің көре аласыңдар.

Қ.Х : -Мен ормандағы барлық жануарларды қатырып тастадым,егер оларды босатқыларың келсе,менің тапсырмаларымды орындауларың қажет.Мен сендерді сиқырлы айнамнан қарап отырамын.

-Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Т : -Жануарларға көмектесу үшін біз қысқы орманға баруымыз қажет.Ал қысқы орманға жолды бізге сауысқан көрсетеді,ал бізді бәрімізді сиқырлы айнадан қарша Ханшайымы көріп тұрады.

Қонақтармен амандасады.





Қыс мезгілі

Бір-біріне беріп жылы лебіздерін білдіреді.



Сауысқанмен амандасады.








Видеохатты экраннан көреді.








Көмекке дайынбыз.

Ұйымдастырылған ізденушілік

С :-Жолда көптеген қиындықтар кездеседі,әртүрлі тапсырмалар болады,сендер оларды орындай аласыңдар ма?Ендеше қысқы орманға аттанайық.

-Мына жол өте тайғақ бұдан сырғанап кетпес үшін біз тілімізді жаттықтыратын жаттығуларды айтып өтейік.

-ян-ян-ян-секіреді қоян;

-ыр-ыр-ыр-орманда ашулы қасқыр;

-кі-кі-кі-айлакер,қу түлкі;

-ін-ін-ін-жаңғақ жейді тиін.

-пі-пі-пі-тікенекті кірпі;

-ю-ю-ю-қорбаңдайды аю.

-Келесі тапсырма,мына төбешіктерде әріптер жатыр,сол әріптерге сендер жабайы жануардың атын ойлап табу керексіңдер.

-Қ,К,Т,А әріптері

-Балалар,қараңдар,мында іздер жатыр,ол нелердіңізі екен мұқият қарайықшы.

-Міне,біз қысқы орманға да келдік.Бәріміз,таза ауамен дем алайық.

-Мұрынмен дем алып,мұрын арқылы демді шығарамыз.

Дем алу гимнастикасы.

Сауысқан балалармен қоштасады.

Т : -жарайсыңдар,балалар бірақ бұл әлі басы ғана алдымызда әлі көптеген қиындықтар бар.

Т: 1-тапсырма.Сенквейн әдісі бойынша жұмбақтар жасырамын,ал сендер шешуге тырысыңдар және оның шешуін сендер үш тілде айтып беру керексіңдер

Қ.Б:-қорқақ,қыли,ақ

Жүгіреді,секіреді,кеміреді

ол өте сүйкімді.

Ол жануар.

-қотанаяқ,ұйқышыл,

қорбаңдап жүреді,

маған ол ұнайды,

Ол жануар?

-Ал енді сендер осы әдіспен өздерің жұмбақ құрастырыңдар.






Т:2-тапсырма-Сендер,бұл тапсырманы орындадыңдар,ал қазір олардың балаларын қалай атайды екен,соны тексерейік.

Д.О «Баласын қалай атайды?»

Презентация көрсетіледі.



Т: 3 -тапсырма.Мен енді сендерге тапсырманы одан әрі күрделендіремін,қазір маған сендер,жабайы жануарлар туралы айтып бересіңдер,олардың төрт аяғы бар,денесін жүн жапқан оны мен өзім де білемін.,қызықтысын айту керексіңдер.











































Сергіту сәті-ағылшынша аңдар туралы.

Т: 4-тапсырма-Мына суретте сендердің сүйікті жануарларың нелерін жоғалтқан?Кәне,табуға көмектесе аласыңдар ма?

Д.О «Ненің құйрығы».

Т :-5-тапсырма.:-Балалар,ал сендер,жануарлардың қайда тұратынын,оны қалай атайды,білесіңдер ме?

Д.О Луллия шеңбері бойынша.-екі топқа бөлінеді,столда жануарлар мен олардың қоныстарының суреттері.

Т : -Балалар,Қарша Ханшайымы өте қатал,ол орманда шулағанды ұнатпайды.Сендер орманда өздеріңді қалай ұстау керектігін білесіңдер ме?Кәне,есімізге тағы бір рет түсірейік.

Проектордан орманшының үйі көрінеді.

-Балалар,қалай ойлайсыңдар,бұл кімнің үйі?

-Ал орманшы жануарларға қалай көмектеседі?

-Қараңдар,орманшы жануарларға тамақ дайындап

қойыпты,жануарлар не жақсы көретінін біз білеміз ғой,ендеше әркімнің тағамын жеке бөліп салып қояйық.


Дидактикалық ойын «Ғажайып дорба»


Т:-Қ.Х-ның да тапсырмалары да бітті.Сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар,жарайсыңдар.


Осы кезде Қарша Ханшайымы шығады.


-Иә,балалар тапсырманы орындады,кедергілерді жеңе білді,мен айтқан сөзімде тұрамын,жануарларды өз ормандарына жібердім,өздерің көріп тамашалай аласыңдар.

-Мен сендерге өзіммен бірге тәтті сыйлықтар ала келдім.



Тәрбиеші :-Балалар,біз енді өз тобымызға қайтайық.


Қ.Х. :-Мен сендерге көмектесейін

-көздеріңді жұмыңдар,өзімізді үш рет айналамыз,көзімізді ашамыз.


-Міне,тобымызға да келдік












Орындаймыз.






Балалар бірге қайталап айтады.




Ол жаттығуды да жасайды.





Берілген әріпке сөздер ойлап табады.


Қай із қандай жануардыкі екенін тауып айтып береді.



Мұрынмен дем алып,мұрынмен шығарады.








Қоян-ағылшынша,орысша




Аю-ағылшынша,орысша




ашулы,ызақор,

жортады,жүгіреді,

маған ол ұнайды

Ол жануар

Қасқыр-ағылшынша

Айлакер,қу,

жүгіреді,алдайды,

ол әдемі,

Ол жануар.

Түлкі-ағылшынша


Аюдың баласы-қонжық.

Қоянның баласы-көжек.

Түлкінің баласы-мыршай.

Тиіннің баласы-тиін.

Кірпінің баласы-кірпі.

Қасқырдың баласы-бөлтірік.



Балалар бір-бірлеп әрбір аң туралы айтып береді.

Аюлар өте ақылды жануарлар,олардың есте сақтау қабілеті жақсы дамыған.Мысалы : олар құрылған қақпанға таяқ лақтырып,содан соң ондағы тамақты алады.Сондай-ақ олар қай жерде жидек,саңырауқұлақ өсетінін,қашан пісетінін

біледі.

Қасқыреркіндікті жақсы көретін аң. «Қасқырды аяқтары асырайды»деген мақал бар.Қасқыр қақтығыстап қайтпайды,не өледі,не жеңеді.Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді.Ол өзінің маңдай терімен ғана ұстаған олжасын жейді.Ана қасқыр ұйықтағанда,әке қасқыр күзетіп тұрады.

Қояндар-адам санасындағы бейнеде-сүйкімді,мейірімді және қорқақ.алайда олар қатты ашуға беріліп,өз өмірлерін асқан ерлікпен қорғауы мүмкін.Олар мазасыз ызақор келеді.Қоян тырнағынан кейін өліп кететін хайуандар бар.Қояндар кемеден,қайықтан қатты қорқады,оларды өзен арқылы алып өту өте үлкен жұмыс.Тістері өмір бойы өседі.

Тиін -керемет бағбан.Миллиондаған қарағайлардың көптеп өсу себебі тиін тығып кеткен дәндерін ұмытып қалдырғаннан болу керек.

Түлкі-өте ақылды жануар.Ол бүргелерден арылу үшін тісіне таяқ тістеп,судың терең жеріне дейін барады да,таяқты тастап өзі жағаға шығады,осылайша оңай құтылады


Бойларын сергітеді.


Әр жануардың құйрығын табады.

Балалар,қандай жануар екенін тауып алады.



Иә,білеміз,қазір біз көрсетейік.


Балалар белгілерді алып,ережелерді айтып береді.





Бұл орманшының үйі


Әртүрлі жауаптар тыңдалады.





тарелкелерге әр жануардыкін жеке салып,дайындап қояды.











Проектордан жануарларды босатқанын көреді.

Видеороликті тамашалайды.



Рахмет!







көздерінжұмады,өздерін үш рет айналамыз,көзімізді ашамыз.



Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар,бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

-Сендерге не ұнады?

Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже :

Жасайды: жабайы жануарлар туралы ақпаратты жеткізе алды. Түсінеді : жұмбақтарды шешіп,ойлау қабілеттерін арттыру.Қолданады : білім қорларын пайдалана білді.

















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жануарлардың қысқы тіршілігі

Автор: Рамазанова Назгуль Курмашевна

Дата: 20.01.2019

Номер свидетельства: 496310

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Тіл дамыту "Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі""
    ["seo_title"] => string(44) "til-damytu-zhanuarlardyn-k-ysk-y-tirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "261819"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449214389"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі"
    ["seo_title"] => string(33) "zhanuarlardyn-k-ysk-y-tirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "276685"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452775855"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Жабайы жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі "
    ["seo_title"] => string(41) "zhabaiy-zhanuarlardyn-k-ysk-y-tirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "211109"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431540088"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Жабайы жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі,"
    ["seo_title"] => string(36) "zhabaiyzhanuarlardynkyskytirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "284293"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453966402"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті "Жануарларды? ?ыс?ы тіршілігі""
    ["seo_title"] => string(57) "uiymdastyrylganokuisriekietizhanuarlardynkyskytirshilighi"
    ["file_id"] => string(6) "284626"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454001473"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства