kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жануарлар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру.Үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа     қажеттілігін түсіндіру.Сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.Үй жануарлары- төрт түлік малдың төлдерінің аттарын дұрыс айтуға үйрету, үй жануарларға қамқорлықпен тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жануарлар»»

Ж.Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені

Ашық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Ортаңғы«Балдырған» тобы

Уақыты:10:00

Тәрбиеші: Алшекенова Айнұр Мералықызы

Білім беру саласы

Қатынас. Шығармашылық

Бөлімі

Тіл дамыту. Жапсыру

Тақырыбы

«Үй жануарлары»

Мақсаты

Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру.Үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру.Сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.Үй жануарлары- төрт түлік малдың төлдерінің аттарын дұрыс айтуға үйрету, үй жануарларға қамқорлықпен тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер

Үй жануарлары мен төлдерінің суреттері

Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жұмбақтар.

Көп тілді компонент

Түйе- верблюд-camel, жылқы- лошадь-horse,сиыр- корова-cow қой-баран-sheep, ешкі- коза-qoat.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық:























Ұйымдастырушылық-ізденістік:





































































































Рефлексиялық-

түзетушілік


  • Амандасу.

  • Балалар, бүгін бізде ерекше күн.

Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Балалар, бүгін біз кең, жарық, әсем бөлмедежиналып қалыппыз. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрып көрейікші.

-Шеңбер неге ұқсайды, балалар?

-Дұрыс айтасыңдар.


Шаттық шеңбер:

Қане, қане тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Қайырлы күн!

Қайырлы алтын жер!

Қайырлы күн, балабақшам!

Қайырлы күн, достарым!


Жарайсыңдар, балалар. Енді жақсыкөңіл-күймен біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастайық.


Балалар, біз бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы не туралы екенін білуіміз үшін жұмбақ шешіп көрейік.

Жұмбақ шешу.

1.Кезекті біз жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(түйе-верблюд-camel)


2.Аяғында тағасы бар,

Мойнында жағасы бар.

Мінсе көлік болар,

Сауса қымыз болар.

(жылқы- лощадь-horse)


3.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(сиыр- корова-cow)


4.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоңы бар.

(қой-баран-sheep)


5.Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар.

Иегінде сақалы бар.

(ешкі- коза-qoat)


-Балалар, біз бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы Үй жануарлары.


Слайдпен жұмыс.

Тәрбиеші балалармен бірге слайдтан жабайы аңдардың суреттерін тамашалайды.


-Түйе – түйені ертеректе көшіп-қонған кезде үстіне жүк артып көлік ретінде пайдаланған. Түйе сүтінен адамға пайдалы, емдік қасиеті бар шұбат жасалынады. Түйенің төлі – бота деп аталады.

-Жылқы – жылқы мінсе көлік сойса ет. Оның еті өте дәмді, ал қымызы адамға пайдалы емдік қасиеті бар. Жылқының төлі – құлын.


-Сиыр – сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар құрт, ірімшік, май, айран, қаймақ, сүзбе, сиырдың еті өте дәмді болады. Сиырдың төлі – бұзау.

-Қой – төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, еденге төселетін киіздер бәріде осы қойдың жүнінен жасалады. Қойдың етін тағам ретінде пайдаланамыз. Қойдың төлі – қозы.

-Ешкі – түбіті, терісі өте мықты болады. Ертеректе ешкінің терісінен сусын құятын ыдыс жасаған, сүті мен еті өте пайдалы. Ешкінің төлі – лақ.

-Қане, үй жануарларының төлдерін бірге атайық.

Түйе – бота, Жылқы – құлыншақ, Сиыр – бұзау, қой – қозы, ешкі – лақ.

Таңғажайып сәт.

Әже мұнайып келеді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе? Әже.

Сіз неге мұнайып жүрсіз.

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан. Сендер менің қозыларымды көрдіңдер ме? – деп сұрайды.

Оны еш жерден таба алмадым. Енді не істеймін.

Тәрбиеші: Біздер әжеге басқа қозылар тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп, үлгі суреттерді көрсетеді.

Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:

-Алдымен ақ парақтарды, желімдерді балаларға береді.

-Қозының суретін үлестіреді.

-Одан кейін суреттерге желімді жағып, ақ мақтаны қозының үстіне орналастырып жапсырамыз.

Балалардың еңбек нәтижесіне жетуіне, жұмысты соңына дейін аяқтап шығуына бағыт беріледі.

Тәрбиеші: Енді балалар бәріміз әжемен бірге сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағын,

Ботам былай жүреді,

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау былай жүреді.

Тәрбиеші қозылардың жасалған суреттерін қарап, балалардың жұмыстарын бағалайды, қорытындылайды.

Әже: Ой рахмет, балалар. Сіздердің қозыларынмаған ұнады. Өте әдемі.

Ойын:“Дауысынан таны” дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші балалардан үй жануарлары мен төлдері болып екіге бөлінуін ұсынып, сиыр, жылқы, қой, ешкіні және олардың төлдерінің бетпердесін киюін сұрайды. “Қой” болып тұрған бала “мә” деп дыбыс шығарады, ал төл дауысын танып жауап беріп қасына барып тұрады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Ал енді мен үйіме қайтайын. Сіздерге рахмет, жақсы балалар екенсіңдер. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Сау болыңыз әже

-Жарайсыңдар балалар.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде немен таныстық?

-Қандай үй жануарларын білесіңдер?


-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Оқу іс-әрекеті аяқталды,сау болыңыздар!

Сәлемдесу.







Балалар шеңбер бойына тұрады.

-Күнге ұқсайды.




Балалар әр сөзді қайталап және қимыл-қозғалыс арқылы шаттық шеңберін жасайды. Бір-біріне жылы тілектер тілейді.









Балалар жұмбақты мұқият тыңдайды.


Балалар жұмбақтын шешуін табуға тырысады.


Балалардың жауабы.

-түйе-верблюд- camel.




-жылқы-лощадь-horse.





-сиыр-корова-cow.




-қой-баран-sheep.




-ешкі- коза-qoat.





Балалар слайдтағы суреттерге назар аударып, қызыға қарайды.




Балалар тәрбиешіні мұқият, зейін қойып тыңдап отырады.









Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.















Балалар үй жануарларының төлдерін тәрбиешімен бірге қайталайды.



Балалар әжемен

амандасады.

Сәлеметсіз бе әже.







Көмектесуге келіседі.






Балалар қозыны қалай жапсыру керектігін қарап, үйренеді.



Балалар жапсыруға кіріседі.

Балалар сергіту жаттығуын қайталап ботаның, бұзаудың жүрісін салып жүреді.


Балалр өздерінің жетістіктеріне қуанады.

Балалар «Дауысынан таны»ойынды көңілді, әрі қызықты ойнайды.

Сау болыңыз әже.

-Үй жануарларымен.

-Қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі.

-Ия, ұнады.

-Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже:


Жасайды

Балалар қозының бейнесін жапсырудың әдіс-тәсілдерін,

Түсінеді

Балалар үй жануарлары қандай екенінн, олардың қандай пайдасы бары жайлы білу;

Қолданады

Балалар үй жануарларының төлдерін біледі.Ойын ойнауға, дыбыстарын айырабілуді игеру керек.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Жануарлар»

Автор: Алшекенова Айнур Мералиевна

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 401023

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Жануарлар ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(28) "zhanuarlar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "203719"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429535988"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Жануарлар ?ыста ?алай жылынады? "
    ["seo_title"] => string(34) "zhanuarlar-k-ysta-k-alai-zhylynady"
    ["file_id"] => string(6) "111365"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407412497"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Жары? – жануарлар тіршілігіне ?ажетті жа?дай "
    ["seo_title"] => string(52) "zharyk-zhanuarlar-tirshilighinie-k-azhietti-zhag-dai"
    ["file_id"] => string(6) "111364"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407411952"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Жануарлар қалай көбейеді?""
    ["seo_title"] => string(25) "zhanuarlar_kalai_kobeiedi"
    ["file_id"] => string(6) "538262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1580702140"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Та?ырыбы	Жануарлар?а да ауа керек "
    ["seo_title"] => string(38) "tak-yryby-zhanuarlarg-a-da-aua-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "113846"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411069496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства