«Әлеумет» Экология негіздері - ұғымдарды қалыптастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Аушамина Г.З.
Тақырыбы: «Жақсы немене, жаман немене.»
Мақсаты: Табиғат әлеміне жылы сезімін тәрбиелеу, оны аялауға, күтіп баптауға тәрбиелеу; үлкендер мен құрдастарының табиғатқа жасаған теріс қылықтарын көре білуге, содан нәтиже шығаруға тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмысы: Әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын.шығаруға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы:Жақсы жаман сөздері.
Дидактикалық құрал:Табиғат суреттері.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
І кезең Мотивациялық қозғаушы | «Тілек шоғы» Балалар өздеріне ұнаған гүлдерді таңдап алындар. Қолындағы гүлді есімін атап,жылы сөз айтып ұсынады. «Кімде-кім жақсылық жасап,жылы ниет білдіріп, тілек тілесе,ол өзіне қайта «Тілек шоғы» болып жақсылықпен оралады. | Балалар құмырада тұрған гүлдерден бір-бірден өздеріне ұнаған гүлдерден тандап алады. Бала тәрбиешінің ұсынған гүлін өзінің гүлімен бірге тілек айта отырып ұсынады. Балалар кезекпен гүлді жылы сөз айтып, бір-біріне береді.Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып,тәрбиешінің өзіне оралады. |