Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері : Сүйемін туған жерімді, Сүйемін туған елімді. Отанымды суйемін! Өскенде қызмет етемін! Жұмбақтар жасырады: 1.Итке ұқсас пішіні, Ұнатпайды кісіні. 2.Жазда қыдырады, Қыста тынығады. 3.Орғыған қорқақ, көзі қыли, Жаз бен қыста екі түрлі тон киеді. 4.Бұтақтан бұтаққа секірген, Кішкентай ғана шапшаң аң. 5.Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай мен шу | Шеңбер жасап тұрады. Кілемге отырады. Мұқият тыңдап, ойланып, жауаптарын айтады. - Бұл – қасқыр. -Бұл – аю. -Ол – қоян. -Ол – тиін. -Бұл – түлкі. |
Ұйымдастыру– іздестіру | Аталған аңдардың суретін тақтаға іледі. -Ал, осылардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? -Жабайы аңдар қайда өмір сүреді? -Жабайы аңдарды орысша «дикие животные» деп айтады. -Ал, орманды «лес» деп айтады. Дидактикалық ойын: «Не жасырылған?» Әр балаға карточка таратады. -Орман тұрғындары адамдарды көрсе, тығылып қалады екен. Осы жолы да солай болды. Шыршаның артында тығылған аңды, көрініп тұрған дене мүшесінен тауып, айтуды ұсынады. Әңгімелесу. -Қоян қандай аң? -Қалай ойлайсыңдар, қоян не себепті қыста ақ тон киеді? -Қоян қыста немен қоректенеді? -Ал қасқыр қандай аң? -Ал түлкі қандай аң? -Түлкі немен қоректенеді? -Қалай ойлайсыңдар, түлкі өмірде де қу, айлакер ме? Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп - теріп алайық, Себетімізге салайық. -Аю қыста не істейді? -Аюдың сыртқы ерекшеліктері қандай? -Аю тәтті құмар аң. Жазда жидек теріп жейді. Омартаға түсіп бал жейді. Сөздік жұмысы: Омарта – дегеніміз, аралардың ұясы, тұратын үйі. Онда аралар балдарын сақтайды. -Сондай – ақ аю балықты да жақсы аулап, күнелтеді. -Ал аюдың үйін – апан дейді. Апанды аю күз мезгілінде дайындайды. Апанды ағаш бұтақтарымен жауып, асты жұмсақ болуы үшін жапырақтар төсеп салады. -Тағы қандай жабайы аңдарды білесіңдер? Дидактикалық ойын: «Анасына жетуге көмектес» Тақтаға жабайы аңдар мен балалары бейнеленген сурет іледі. Баласымен анасын қарындашпен біріктіру (қосу) керектігін түсіндіреді. | Қызыға қарайды. -Жабайы аңдар. -Жабайы аңдар орманда өмір сүреді. Бірнеше рет, екі тілдегі баламасын қайталап, естеріне сақтауға тырысады. Суретке мұқият қарап, қай аң жасырылғанын атап, өз болжамын дәлелдеуге тырысады. Мысалы: -Шыршаның артында, түлкі жасырылған, өйткені тоқсары түсті құйрығы көрініп тұр. -Қоян кішкентай, қорқақ аң. Құлақтары ұзын, құйрығы қысқа. Жазда сұр түсті, ал қыста ақ түсті тон киеді. -Жауларынан қорғану үшін. -Қоян қыста ағаштың қабығын кеміреді, ал жазда, шөп жейді. - Қасқыр итке ұқсайды, сұр түсті. -Тоқсары түсті, құйрығы ұзын, тұмсығы сүйір, ұзындау келген. -Тышқан, қоян, құстарды жейді. Әркім өз ойын айтады. Сергіту сәтін қимылдарын келтіре отырып орындап, бой жазады. -Аю қыста тынығады. -Аю үлкен, қоңыр түсті, маймақ аң. Мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталап, естерінде сақтауға тырысады. Мұқият тыңдайды. -Кірпі, бұлан, марал, борсық... Суретке мұқият қарайды.Нұсқауды ескере отырып, әр аңның баласын атайды. -Қасқырдың баласын – бөтірік, ал қоянның баласын – көжек дейді. - Аюдың баласы – қонжық, түлкінің баласы – мыршай деп аталады. |
Рефлексивті– түзетушілік | Қорытынды: Сұрақтар қоя отырып, қортындылайды. -Бүгін біз не жайлы әңгімелестік? -Қандай жабайы аңдарды білесіңдер? -Неге біз оларды жабайы аңдар деп атаймыз? - Жабайы аңдарды орысша қалай айтады? Рефлексия: Оқу іс – әрекет жақсы әсер етіп, көңіл – күйлері жақсы болса, қызыл текшені көтеруді, ал керісінше болса көк текшені көтеруді ұсынады. | Сұрақтарға толық жауап береді. -Біз бүгін жабайы аңдар туралы сөйлестік. -Аю, қоян, түлкі, қасқыр, кірпі, бұлан деген аңдарды білеміз. -Себебі, жабайы аңдар, орманда тұрады, тамақтарын өздері тауып жейді. -Жабайы аңдарды орысша «дикие животные», ал ағылшынша «wild animals» деп айтады. Өз көңіл – күйлерін білдіріп, ойларымен бөліседі. |