Жабайы аңдар Өткізген: Мубаракова Назерке Нуриденкызы Тіл дамыту. Тақырыбы: Жабайы аңдар. Мақсаты: Жабайы аңдармен таныстыру. Білімділігі: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру. Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Аңдардың түр-түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд жабайы аңдардың суреттері, құрастырма суреттер, орман көрінісі, жұмсақ ойыншықтар. Қолданылған әдіс – тәсілдер: 1. Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл. 2. Ассоциация. • Оқушы жасай алады, • өз білгенін ұсынады, • топта топ мүшелерімен қарым қатынас дағдысы қалыптасады. 3. Мағынаны ашу. • “Тірек сөздер арқылы” әңгіме қалыптасады. * Оқушы жасай алады • болжайды, қиялдайды. • Әңгімелеуде өз болжамын, шығармашылығын жеткізеді. • Жаңа тақырыппен жұмыс істеуде ықыласты болады. • Қарым-қатынас шеберлігі қалыптасады. “Жүзеге асыру қадамдары” • Мұғалім сұрақ қою арқылы балаларды әңгімеге жетелейді. • Балалар әңгіме құрастырып ортақ шешімдерін айтып береді. • Шығармашылықпен жұмыс жасайды. 4. Рефлекция. (қорытынды жасау, күтілетін нәтиже) “Күтілетін нәтиже” • Тақырып бойынша білгендерін айтады. • Жаңа ақпараттармен танысады. • Қарым-қатынас шеберлігі пайда болады. Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Саламатсыздар ма, оқушылар. Шаттық шеңбері Қуанамын менде, Қуанамын сенде, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге. Қызығушылығын ояту. Мультсериал көру «Ну Погади!» - Не көрдіңіздер? Бұл аңдарды қайдан көрдіңіздер? - Бұлар қайда мекендейді? - Бұлар қандай жануарлар? Үй жануарларынан айырмашылығы неде? - Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Жабайы аңдар» деп аталады? Жабайы аңдар орманда, таулы жерде мекендейді. Олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Немен қоректенеді? Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз. Аю – жазда жеміс – жидектермен ал қыста ұйықтайды. Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. - Балалар, орманға келдік, мына алдымыздан шыққан аңның аты не? - Қоян. - Дұрыс, енді балалар сол қоянның бізге тапсырмасы бар екен, оны орындамасаңдар орманға кіргізбеймін дейді, қоян. Орындаймыз ба? Қоянның тапсырмасы: - Мына суреттегі аңдардың атын атап бер. (слайд) - Сұраққа жауап беру және сол аңдар жайлы тақпақ айту. - Қоян қандай? Қоян қорқақ. - Түлкі қандай? Түлкі айлакер. - Қасқыр қандай? Қасқыр жыртқыш. Ақ қоян ау, ақ қоян, Үркек қоян, сақ қоян. Қаша берсең қалыңға, Қорқағым деп ат қоям. Мен айлакер түлкімін, Алдау менің өнерім. Таба алмаймын бір тыным, Күнде, түнде желемін. Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан. - «Кім жылдам?» ойынын шапшаңдыққа баулу үшін ойнаймыз. Үстінде аңдардың суреттері жатыр. Соларды үй жануарлары және жабайы аңдар деп екіге бөліңдер. Соларды тез жинау. Сергіту сәтін орындап жіберейік. Дыбыстық жаттағулар орындайық: менен кейін қайтала. - Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр, - Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі, - Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян, - Ю, ю, ю қорбаңдайды аю. - Ары қарай жүрейік: Алдымызда кім кездесті? Қасқыр. Жолбарыстың тапсырмасы: «Не жейді?» Жануарлардың нені жейтінін айту керек. (Суретпен жұмыс). «Аңдар қалай қозғалады?». Музыкамен аңдар қозғалып шығады, қоян секіріп, түлкі бұлаңдап, аю қорбаңдап. Жануарлардың құйрығын тап. - Аңдардың қиылған суреттерін құрастыруға беріледі. (аңдардың суретін қиып, құрастыру керек) -Жұмбақ шешейік: Қалқиған құлағы бар, Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян) Қыс бойы ұйықтайды, Көктемде оянады. (аю) Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай-шу. (түлкі) - Балалар, біз бүгін жабайы аңдармен таныстық. - Олар қайда мекендейді екен? - Қандай жануарлармен таныстық? - Аңдардың күшіктерінің аттарын атаңдаршы? Балаларды мадақтау. Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет. Орнымыздан тұрайық, Түзу сызық құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау – саламат болайық. |