Мотивациялық қозғаушылық: Ұйымдастырушылық-ізденістік: Рефлексиялық- түзетушілік | Шаттық шеңбер: Білгір қазақ баласы, Сәлем – сөздің анасы. Тобымызға келіп отырған Апайларды қараша. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз. Сәлеметсіздер ме апайлар! -Өте жақсы балалар орнымызға отырайық. Тәрбиеші: -Мен бүгін балабақшаға келе жатып сандық тауып алдым. Ол сиқырлы сандық екен. Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сиқырлы сандықтан шығару үшін жұмбақтарды шешу керек. Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, ал оны сендер шешіп беріңдер. Жұмбақтар. Оңай алдырмайды, Ізін қалдырмайды. Ол не? Жол үстінде қу қазық Мергеншіге жол азық. (Аю)
Белестен шапқан бесті ат, Бүкір келген желісті ат. Бейғам елде іздейді, Малдан күдер үзбейді. Ол не? Үстінен тоны түспеген, Сонда да аразқыспенен. (Аю)
Слайдпен жұмыс. Тәрбиеші балалармен бірге слайдтан жабайы аңдардың суреттерін тамашалайды. -Балалар, біз қанша аңдарды құтқардық (жұмбақтың шешуіндегі аңдарды тура, кері санау). Бұлардың барлығын қалай атаймыз? Олар қайда тұрады? Бұл аңдар сендерге құтқарғандарың үшін рахмет айтуда. Менің қолымда қандай аң? -Дұрыс айтасыңдар, мен сендерге бұғының мүйізінің пайдасы туралы айтқым келіп отыр. Бұғының мүйізінен көп ауруға ем дәрі-дәрмектер жасалады. Одан жасалған дәрілер жүрек қан тамырлары ауруларына, қан азайғанда өте пайдалы екен. Бұғының осындай пайдасын біліп жүрейік. Сонымен қатар аңдарды аңдар саябағынан (зоопарк) көруге болады. Ойын: «Ненің басы, ненің аяғы» -Балалар, қараңдар аңдар бізден қорқып тығылып қалыпты. -Балалар енді мына суретке қараңдаршы, аңдардың қасында нелері жүр? -Дұрыс айтасыңдар. Осы аңдардың балалары, қалай аталатының білесіңдер ме? Білесіңдер мұқият тыңдаңдар, мен сендерге айтып беремін. Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық! Сергіту сәті. Қорбаң, қорбаң қорбаңбай, Келе жатқан аю ғой. Жақындап оған барайық, Қатар, қатар тұрайық, Алыстан байқап қарайық. -Өте жақсы. Тәрбиеші: -Балалар, мына жабайы аңдардың атын үш тілде айтып көрейікші. Аю-медведь-bear, түлкі-лиса-fox, қасқыр-волк-wolf Ойын: «Қайсысы артық?» -Балалар , мына жабайы аңдардың ішіндегі басқа артық сурет бар сияқты, кім айтар екен? Жарайсыңдар балалар. Ойын: «Жабайы аңдарды тап». Шарты: мен сендерге үй жануарлары мен жабайы аңдардың аттарын айтқанда ғана қолдарыңды шапалақтауларың керек. -Өте тамаша балалар,. Қорытыңды. -Балалар, сиқырлы сандықтың ішінен нені көрдіңдер? Аюдың, қасқырдың, қоянның баласын қалай атайды? -Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма? -Оқу іс-әрекеті аяқталды,сау болыңдар! | Сәлемдесу. Балалар шеңбер бойына тұрады. Балалар әр сөзді қайталап және қимыл-қозғалыс арқылы шаттық шеңберін жасайды. Бір-біріне жылы тілектер тілейді. Балалар тәрбиешінің қолындағы сиқырлы сандыққа назар аударады. Балалар жұмбақтын шешуін табуға тырысады. Балалардың жауабы. (Түлкі) (Қоян) (Қасқыр) (Аю)
Балалар слайдтағы суреттерге назар аударып, қызыға қарайды. -жабайы жануарлар дейміз. -олар орманда тұрады. Балалардың жауабы. -бұғы. Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды. Балалар аңдардың құйрығын, басын айырып көрсетіп берді. -балалары жүр. Балалар тыңдайды. Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыстар жасайды, тәрбиешімен бірге өлеңнің сөздерін қайталайды. Балалар тәрбиешімен бірге үш тілде айтады. Аю-медведь- түлкі-лиса- қасқыр-волк- қоян-заяц- Балалар суреттерге назар аударып, мұқият қарапжабайы аңдардың ішіндегі басқа артық суреттерді айтады. Балалар қолдарың шапалақтап отырады. Балалардың жауабы. -жабайы аңдарды. -Аюдың баласын қонжық. қасқырдың баласын бөлтірік. қоянның баласын көжек дейді. -Ия, ұнады. -Сау болыңыз! |