Құрал – жабдықтар: Оборудование: Equipment: Аққалаа суреттері, слайд, әртүрлі материалдардан жасалған аққала. Шығармашылық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.
Алдын – ала жұмыс: Предварительная работа: Preliminary work: Көрнекілік, әңгімелеу, түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Сөздік жұмыс:
Словарная работа: Dictionary work: :
Вводная часть: Кіріспе:Tasks
Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ақ қаланы туралы білімдерін кеңейтіп, балалардың шығаршамашылық қабілеттерін дамыту. Аққаланы құрастыруға, жапсырмалау, оны ұжыммен бірге, ұқыпты, әрі таза жұмыстануға жасауға үйрету. Үлкен-кішілі дөңгелектерден аққала бейнесін мүсіндеу, ұқыпты, үйрету.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Основная часть: Негізгі бөлім:
«Шаттық шеңбері» Балалар, қыс мезгілінде күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға таратып, жылулық шеңберін құрып, - бір-бірімізге жылы, мақтау сөздер айтайық, әрі мына күннің бетіндегі бұлттарды алып тастап, күннің жылуын бүкіл әлемге таратайық. Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай? Ендеше бастайық.
Балалар қыс мезгілінде қар жауады..Мына қарды қолымызға ұстап көрейікші. Қолымызға ұстасақ қар салқын, суық. Қар жылы, ыстық кезде еріп суға айналады. Кәне байқап көрейік. Қолға ұстап тұрсақ еріп кетеді. Стақандағы суға салсақ ери бастайды. Жылы жерде еріп, суға айналады.
Жұмбақ жасыру:
Аспандағы көлеңке ,
Жерге суын шашады, (Бұлт)
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Қыс мезгілінде ауа-райы салқын, суық болады, боран соғады. Қар жауып, жер беті айнала аппақ болып жатады. Қар лақтырып ойнап, аққала жасаймыз, шана, шаңғымен ойнаймыз.Қардың түрін анықтап қарасаң мынадай болады. Қарлар қанша қар болса да бір-біріне ұқсамайды. Қардың көлеміне, жаууына байланысты атаулары бар. Ақша қар — жаңа жауған таза қар. Аққала – қыс мезгілі кезінде қардан жасалады. Нағыз аққала қардан жасалады. Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.
Жаңа біліп алдық қардан аққала жасайды. Балалар қараңдаршы аспандығы бұлттарды көрдіңдерме, осы бұлттан қар жауайын деп тұрған сияқты, кәне қолымызды жоғары көтеріп қарларды ұстап мына жерде тұрған көңілсіз аққалаға қарларды үстіне жапсырайық.Мына жерде түрлі пішіндер жатыр екен, артында тапсырмалар жазылған. Осы тапсырмаларды орындайық, бүгін не туралы өткенімізді қайталап көрейік. Мына жерде қандай сурет пайда болады екен.
Ең үлкен астыңғы дөңгелегінің тапсырмасы:
Қазір жылдың қай мезгілі. Қыс мезгілінің белгілерін, ерекшеліктерін білеміз бе?
(Қыс мезгілі. Қар жауады, аяз болып, боран соғады.)
Ортаңғы дөңгелектің тапсырмасы
Біз қыс мезгілінде тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?