Балалар бүгін бізде ерекше сабақ. Біз ертегі еліне саяхат жасаймыз.Мен сендерге «Бауырсақ » ертегісін көрсетемін. «Бауырсақ » – орыс тілінде « Колобок » деп аталады. Ертегіні асықпай айту, оны үстел үстіндегі ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін көрсете отырып түсіндіру.
Балалар «Бауырсақ» кейіпкерлерін атандаршы?
Қоян, қасқыр, аю, түлкі қандай жануарлар?
Олар қайда мекендейді ?
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды,
Ойлы , қырлы, жерлерден.
Ытқып, ытқып, жүгірді.
Балалар ертегінің суреттерін мұқият қарайды. Балалар аса қызығушылықпен суреттерді көреді.
Ата, апа, қоян, қасқыр, аю, түлкі
Дала жануарлар.
Орманда мекендейді.
Балалар бойларын сергітіп алды.
Ады ыт
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Шығармашылық жұмыс: Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жұмыстың орындалу реті.
Не жасайтыныңды шешіп ал
Материал таңда
Ермексазға белгі сал
Кескішпен бөл.
Алақанға салып жұмсарт
Ермексазды жұмарла
Белгілі бір пішінге келтір
Көлемі әр түрлі домалақтар дайында
Ермексазды домалақтап үйрен. Домалақтар мен жіңішке кесінділерден Бауырсақ мүсіндеуге болады.
.
Рефлексялық-түзетушілік
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Сендерге сабақ ұнады ма?
Балалар сұраққа жауап береді.
Күтілетін нәтиже :
Біледі: мазмұны.
Меңгеруі: Балалар кейіпкерлерді мүсіндеуді, ертегі кейіпкерлерін атай білу
Қолдану: Ертегіні ынталанып тыңдау.
Тәрбиеші: Бакбер Г.
Желді бақылау
Бақылау
Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту;желдің қалай құрылуы жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады,жерден ауа қызады, одан әрі жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің нашар, күшті жақтарын ажырата білуге үйрету; қандай белгілері бойынша желдің күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп тербелсе әлсіз жел. Жазғы желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту.
Жұмбақ:
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қонады.
(Жел)
Тақпақ жаттайық:
Желдет, желдет! Баласын жылат,
Жетіқара дауылдат! Тайтерісін қалтырат,
Өрісін құлат, Науа-астауын жылтырат!
Еңбек іс-әрекеті
Гүлдерді суару
Балаларды өсімдіктерге жақсы қарауға үйрету. Жұмыс уақытында талпынуға, талаптылыққа, өсімдіктерге деген сезімталдылықты тәрбилеу.
Ойын: «Көжектер мен түлкі» Мақсаты: Балаларды аңғарпаздыққа, қушылыққа баулу. Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет пердесін кейіп, дөңгеленіп отырады. Ойын жүргізушісі: Көжектерім тұршы, Беттеріңді жушы. Ну орманға барайық, Тамақтанып алайық. Жалаңдаған қу түлкі, Келіп қапты орманға. Көжектерің қайда деп, Қуып келді соңынан. Көжектер ән ырғағымен секіріп қаша жөнеледі, түлкі қуады.
“Поезд” ойыны.
Кәне кімнің бойы ұзын
Паравозы ол поездың
Қатар,қатар тұрайық
Поезды біз құрайық
Ал паравоз баста алға!
Бәрімізді басқарда
Пш,пш,пш біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік.
Поезд. Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.