Просмотр содержимого документа
««?лкенге ??рмет, кішіге ізет»»
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
Мақсаты: 1. Балалардың әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейту.
2. Баланың силастық туралы ақыл-ойын ояту.
3. Үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, имандылыққа баулу.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды балабақшамыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Досымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біз бүгін күнделікті өмірде кездесіп жүрген сөздерді ерекше ықыласпен әдемі жеткізіп бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлаймыз.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» - деген тақырыпта бүгінгі оқу іс – әрекетімізді өткіземіз.
- Балалар, үйлеріңде үлкен кісілер бар ма?
Балалар: - Иә, бар - анам, әкем, әжем, ағам.
Тәрбиеші: Өте жақсы, ендеше сендер оларға қалай құрмет көрсету керек екенін білетін боларсыңдар.
Әже: - Рахмет, құлыншақтарым. Сендер қандай әдепті балаларсыңдар, шаршап келген едім, мына істеріңе қатты риза болып қуанып отырмын.
Тәрбиеші: - Балалар, бізге кім келді?
Әжеге арналған тақпақтарымыз бар еді ғой, қанек-ей кім айтады?
Інкәр: Әжем өрнек тереді
Сырмақ сырып оюлап,
Басы ауыра береді
Шай ішпесе қоюлап.
Тәрбиеші: Өте жақсы, ал енді әдептілік, туралы үлкендер тақпақтарымызды кім айтады екен?
Бекнұр : Атаменен әжемнің
Айтқан тілін аламын
Үлкен кісі жұмсаса
Қайда болса барамын.
Алмас: Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Қарақат: Тату өскен баламыз
Айтқан тілді аламыз
Нанға кетсе анамыз
Терезені ашпаймыз
Ақайша : Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар
Әкемнің әкесі-
Ақ басты атам бар
Әкемнің шешесі-
Ақ шашты әжем бар.
Баян : Ұлдардың үлкені
Бір туған ағам бар
Қыздардың үлкені
Бір туған әпкем бар
Медет : Атың жақсы болса
Ер жігіттің қырағы
Балаң жақсы болса
Жан мен тәннің шырағы.
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар, енді үлкендер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Інкәр: Үлкенге құрмет-кішіге ізет.
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Қарақат : Жақсы сөз жарым ырыс.
Әжеден- ақыл, анадан мейір.
Әмір: Жақсыны арман оздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.
Әлішер: Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.
Алижан: Ата-балаға сыншы.
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
Ата сөзі-бата сөзі, ата сөзі-ақылдың көзі.
Гаухар : Әке- бәйтерек, ана-жапырақ
бала жағасындағы құрақ
Кәусар : Әдептілік, ар-ұят адалдықтың белгісі.
Бастаған істі аяқтамай тастама.
Әдепті бала-арлы бала. Әдепсіз бала – сорлы бала.
Сергіту сәті: Бір шаңырақ астында Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз.
Бекнұр : Ешкімдіде ұрмаймын,
Ешкім маған тимейді
Мен де бәрін силаймын
Аға ақылын тыңдаймын.
Қазына, Қарақат: «Әжемнің шәйі» әнін орындайды
Тәрбиеші: Балалар, жалпы қазақ ертеден үлкендерді силап, яғни үлкендерге- құрмет кішіге-ізет көрсеткен. Шығармашылық орталығында балалар аналарына, әжелеріне арнаған сыйлықтарын жапсырады.
Сабақ қорытындысы:
- Бүгінгі сабағымызда біз үлкендерге құрмет көрсетуге, кішіге ізет көрсетуге үйрендік. Үлкендерге көмегімізді, құрметімізді, істеген істеріміз, қылықтарымызбен, инабаттылығымызбен көрсетуі екенбіз.
Әже ризашылығын білдіріп сөз сөйлейді.
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді. Келе жатқан 8-Наурыз мерекесімен құттықтайды.