kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үйшік" ашық оқу іс - қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

(ересек тобы)

Тәрбиеші: Жұмабаева Л.А.

Білім беру саласы: Таным. Математика

Тақырыбы: Үйшік

Мақсаты:  Балаларды 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндерді ажырату, атап айтуға үйрету. Кеңістік қатынастарын анықтауға (жоғары - төмен, сол жақта - оң жақта); түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тықырлауық  тышқанмын! бақылдауық бақамын! қорқақ қоянмын! қу түлкімін! сұр қасқырмын! қорбаңбай аюмын!  

Билингвалды компонент: Үйшік - теремок

Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивтік тақта, флипчарт тапсырмалары, карточкалар, сандар

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

- Балалар, бүгін біз сендермен ертегі еліне саяхатқа барамыз. Ал, қандай ертегі екенін жұмбақты шешсеңдер білесіңдер.

Орманда тұр бір қорап

Безендірілген оюмен

Жануарларға есігі ашық

Бұл не екен? (Үйшік)

Билингвалды компонент: Үйшік - теремок
- Дұрыс, бүгін біз «Үйшік» ертегісін есімізге түсіреміз.

 Балалар қызығушылығын танытады.

Балалар жауабын шешеді: үйшік

Ұйымдастыру-ізденушілік

Бірде оның қасынан өтіп бара жатқан тышқан үйшікті көреді. Тышқан тоқтап:

- Бұл үйшікте кім бар? Кім тұрады? – деп сұрайды.

Ешкім есікті ашпаған соң, тышқан үйшікке жақындап, бір хабарландыру оқиды: «Үйге кіремін десең, тығылған сандарды тап».

- Балалар, Тышқанға көмектесейік пе?

1 тапсырма: Суреттегі тығылған сандарды табыңдар.

Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.

Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Бақа: Тук-тук, бұл үйшікте кім бар?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Кел, бірге тұрайық.

Тышқан:

- Кім үйшікке кіреді,

Сол сандарды табады.

2 тапсырма: «Қандай сандар жетіспейді» (карточкамен жұмыс)

Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.  

Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.

Қоян: Кім бұл үйшікте бар?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен қорқақ қоянмын! Кел, бірге тұрайық.

3 тапсырма: Есікті ашу үшін, пішіндерді  дұрыс санап, берілген сандарға апару қажет.

Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті.

 Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезені  қағады.

Түлкі: Сүп-сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа:Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен қу  түлкімін.

Кел, бірге  тұрайық.

- Егер тапсырманы орындасаң үйге кіресің.

4 тапсырма: Логикалық есептер

Қазда бар екі аяқ

Тауықта бар екі аяқ

Екеуін қосып санасақ

Болады сонда қанша аяқ

3 алманың біреуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады    

Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды?  

Апай сау бол дейміз де

Бет түзейміз енді үйге

Бұл қай мезгіл, бұл қай кез

Атай қойшы ал тез  

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі – қайың астынан.

Біреуі – терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады.

Сергіту сәті.

Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ - жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен:

- Бұл үйшікте кім бар?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі: Мен қу түлкімін! Ал  сен кімсің?

Қасқыр: Мен сұр қасқырмын!  Кел, бірге тұрайық.

- Есік ашылмайды. Оны ашу үшін тапсырма орындау керек.

5 тапсырма

Карточкамен жұмыс.

- Балалар, суретте не көріп отырсыңдар?

- Зымыран қайда ұшады?

- Жоғары ұшып бара жатқан зымыранды жасыл, төменге – қызыл, оңға – көк, солға - сары түспен бояңдар.

Қасқыр қысыла - қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді.

Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп, бар даусымен:

- Бұл үйшікте кім бар?!

Тышқан: Мен тықырлауық  тышқанмын!

Бақа: Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі: Мен қу түлкімін!

 Қасқыр: Мен сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?

Аю: Мен қорбаңбай аюмын!  

Кел, бірге тұрайық.

Тәрбиеші: Балалар, аю үйшікке кірсе не болады? Ендеше біз оларға көмектесейік.

Тапсырма: Әр жануарларды дене бітіміне қарай өз бөлмесіне орналастыр.

- Неге тышқан мен бақаны жоғары қабатқа орналастырдың? - Неге аюды төмеңгі бөлмеге орналастырдың?

Балалар көмектесуге ынтасын білдіреді.

Балалар суреттегі тығылған сандарды табады.

Балалар сандарды тура және кері санайды.

Балалар жетіспейтін сандарды қояды.

Балалар пішіндерді  дұрыс санап, берілген сандарға апарады.

Балалар есептерді шығарады.

( 4)

( 2)

(төртбұрышты доп болмайды)

(кешкі кез)

(3)

Балалар өлеңнін сөзін тыңдап, қимылын жасайды.

Зымыран

Ғарышта

Балалар жоғары ұшып бара жатқан зымыранды жасыл, төменге – қызыл, оңға – көк, солға - сары түспен бояйды.

Аю кірсе, үйшік сынып қалады.

Балалар әр жануарларды дене бітіміне қарай өз бөлмесіне орналастырады.

Тышқан мен бақа кішкентай, сондықтан оларды жоғары қабатқа орналастырдым. Аю үлкен, ол жоғары қабатқа симайды.

Жетекші-жөндеуші

Қорытындылайды.

- Балалар, сендерге бүгінгі ертегі  ұнады ма? Қандай жануар үйшікке бірінші келді? Қандай соңғы келді? Қандай жануар үшінші келді? Қандай жануар қасқырдың алдынан келді?

Ұнады.

Тышқан

Аю

Қоян

Түлкі

Күтілетін  нәтиже:

Ұғынады: Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге

Түсінеді: кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге

Қолданады: 10 көлеміндегі сандарды санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып, атап айтуға, түстерді ажырата білуге, кеңістік қатынастарын анықтауға (жоғары - төмен, сол жақта - оң жақта), логикалық есептерді шығаруға


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Үйшік" ашық оқу іс - қызметі»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

(ересек тобы)

Тәрбиеші: Жұмабаева Л.А.


Білім беру саласы: Таным. Математика

Тақырыбы: Үйшік

Мақсаты: Балаларды 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндерді ажырату, атап айтуға үйрету. Кеңістік қатынастарын анықтауға (жоғары - төмен, сол жақта - оң жақта); түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Балалардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тықырлауық  тышқанмын! бақылдауық бақамын! қорқақ қоянмын! қу түлкімін! сұр қасқырмын! қорбаңбай аюмын!  

Билингвалды компонент: Үйшік - теремок

Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивтік тақта, флипчарт тапсырмалары, карточкалар, сандар

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап


Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

- Балалар, бүгін біз сендермен ертегі еліне саяхатқа барамыз. Ал, қандай ертегі екенін жұмбақты шешсеңдер білесіңдер.

Орманда тұр бір қорап

Безендірілген оюмен

Жануарларға есігі ашық

Бұл не екен? (Үйшік)

Билингвалды компонент: Үйшік - теремок
- Дұрыс, бүгін біз «Үйшік» ертегісін есімізге түсіреміз.

Балалар қызығушылығын танытады.






Балалар жауабын шешеді: үйшік

Ұйымдастыру-ізденушілік

Бірде оның қасынан өтіп бара жатқан тышқан үйшікті көреді. Тышқан тоқтап:

- Бұл үйшікте кім бар? Кім тұрады? – деп сұрайды.

Ешкім есікті ашпаған соң, тышқан үйшікке жақындап, бір хабарландыру оқиды: «Үйге кіремін десең, тығылған сандарды тап».

- Балалар, Тышқанға көмектесейік пе?

1 тапсырма: Суреттегі тығылған сандарды табыңдар.

Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.



Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Бақа: Тук-тук, бұл үйшікте кім бар?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Кел, бірге тұрайық.

Тышқан:

- Кім үйшікке кіреді,

Сол сандарды табады.

2 тапсырма: «Қандай сандар жетіспейді» (карточкамен жұмыс)

Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.  



Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.

Қоян: Кім бұл үйшікте бар?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен қорқақ қоянмын! Кел, бірге тұрайық.

3 тапсырма: Есікті ашу үшін, пішіндерді дұрыс санап, берілген сандарға апару қажет.

Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті.



Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезені  қағады.

Түлкі: Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа:Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен қу  түлкімін.

Кел, бірге  тұрайық.

- Егер тапсырманы орындасаң үйге кіресің.

4 тапсырма: Логикалық есептер

Қазда бар екі аяқ

Тауықта бар екі аяқ

Екеуін қосып санасақ

Болады сонда қанша аяқ



3 алманың біреуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады    

Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды?  

Апай сау бол дейміз де

Бет түзейміз енді үйге

Бұл қай мезгіл, бұл қай кез

Атай қойшы ал тез  



Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі – қайың астынан.

Біреуі – терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?



Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады.



Сергіту сәті.



Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ - жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен:

- Бұл үйшікте кім бар?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі: Мен қу түлкімін! Ал  сен кімсің?

Қасқыр: Мен сұр қасқырмын!  Кел, бірге тұрайық.

- Есік ашылмайды. Оны ашу үшін тапсырма орындау керек.

5 тапсырма.

Карточкамен жұмыс.

- Балалар, суретте не көріп отырсыңдар?

- Зымыран қайда ұшады?

- Жоғары ұшып бара жатқан зымыранды жасыл, төменге – қызыл, оңға – көк, солға - сары түспен бояңдар.

Қасқыр қысыла - қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді.



Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп, бар даусымен:

- Бұл үйшікте кім бар?!

Тышқан: Мен тықырлауық  тышқанмын!

Бақа: Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі: Мен қу түлкімін!

 Қасқыр: Мен сұр қасқырмын! Ал сен кімсің?

Аю: Мен қорбаңбай аюмын!  

Кел, бірге тұрайық.

Тәрбиеші: Балалар, аю үйшікке кірсе не болады? Ендеше біз оларға көмектесейік.

Тапсырма: Әр жануарларды дене бітіміне қарай өз бөлмесіне орналастыр.

- Неге тышқан мен бақаны жоғары қабатқа орналастырдың? - Неге аюды төмеңгі бөлмеге орналастырдың?











Балалар көмектесуге ынтасын білдіреді.

Балалар суреттегі тығылған сандарды табады.















Балалар сандарды тура және кері санайды.

Балалар жетіспейтін сандарды қояды.













Балалар пішіндерді дұрыс санап, берілген сандарға апарады.


















Балалар есептерді шығарады.



( 4)





( 2)




(төртбұрышты доп болмайды)





(кешкі кез)








(3)





Балалар өлеңнін сөзін тыңдап, қимылын жасайды.





















Зымыран


Ғарышта

Балалар жоғары ұшып бара жатқан зымыранды жасыл, төменге – қызыл, оңға – көк, солға - сары түспен бояйды.
























Аю кірсе, үйшік сынып қалады.

Балалар әр жануарларды дене бітіміне қарай өз бөлмесіне орналастырады.


Тышқан мен бақа кішкентай, сондықтан оларды жоғары қабатқа орналастырдым. Аю үлкен, ол жоғары қабатқа симайды.

Жетекші-жөндеуші

Қорытындылайды.

- Балалар, сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма? Қандай жануар үйшікке бірінші келді? Қандай соңғы келді? Қандай жануар үшінші келді? Қандай жануар қасқырдың алдынан келді?


Ұнады.

Тышқан

Аю

Қоян

Түлкі


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге

Түсінеді: кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға, көмек бере білуге

Қолданады: 10 көлеміндегі сандарды санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып, атап айтуға, түстерді ажырата білуге, кеңістік қатынастарын анықтауға (жоғары - төмен, сол жақта - оң жақта), логикалық есептерді шығаруға











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Үйшік" ашық оқу іс - қызметі

Автор: Жумабаева Ляззат Ахметбековна

Дата: 25.01.2017

Номер свидетельства: 383654

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашық оқу қызметі " Ойнайықта, ойлайық""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_ok_u_k_yzmieti_oinaiyk_ta_oilaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "457259"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518590370"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ашық оқу қызметі " Маша мен аю""
    ["seo_title"] => string(35) "ashyk_ok_u_k_yzmieti_masha_mien_aiu"
    ["file_id"] => string(6) "457249"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518587607"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашық сабақ бояулар патшалығына саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_boiaular_patshalyg_yna_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "400696"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489601483"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ғажайыптар әлемі"
    ["seo_title"] => string(16) "gazhaiyptar_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "549742"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1589477727"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "??рман?азы «Кісен аш?ан» "
    ["seo_title"] => string(28) "k-u-rmang-azy-kisien-ashk-an"
    ["file_id"] => string(6) "236018"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443943425"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства