kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғажайыптар әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі»

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, жұмбақтар шешу, слайд, сергіту сәті.

Оқу қызметінің барысы: Балалар қонақтарға амандасады.                                                                                                   Қостілді компонент: ертегі – сказка – fairy-tale,  қоян-заец-rabbit        түлкі-лиса-fox

Тәрбиеші: Балалар міне бүгін бізге көп қонақтар келіпті келген қонақтарға амандасайық

Балалар:

 Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Үлкендерге құрметпен,

Бәріңізге ізетпен

Біздер салем береміз.

Всем, всем добрый день!

Гуд монинг, гоулд сан  

Гуд монинг май френдз

Тәрбиеші: Балалар ерте ерте ертеде деп не басталатын еді?

Балалар: Ертегі

Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі әлеміне бармас бұрын ондағы кейіпкерлер туралы есімізге түсірейікші.Олардың өздеріне тән мінез құлықтары болады: ашулы, қатал, мейірімді, адал, қайырымды. Сендер қандай кейіпкерлерді ашулы деп елестетесіңдер?

Балалар:  қасқыр, арыстан, жолбарыс ашулы.

Тәрбиеші: мейірімді, адал кейіпкерлерді атаңдар.

Балалар: қоян, мысық, әтеш, ит адал кейіпкерлер.

Тәрбиеші: ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін, қанатымызды жайып ұшып көрейік.

Музыка қосылып, балалар әуенмен қимыл жасайды.

Тәрбиеші: Міне, балалар ертегілер еліне келдік. Балалар,біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер əдемі жəне хош иісті болады.

Кəне, гүлдерді иіскеп көрейікші.

Тамаша! Енді орынымызға отырамыз.

Ендеше мен сендерге қазір «Қоянның үйшігі» ертегісін айтып берейін. Олай болса бәріміз теледидарға назар салайық.

Қоянның   үйшігі.

(орыс  халық  ертегісі)

Орманда  түлкі мен қоян өмір сүріпті.  Түлкінің үйшігі мұздан,  ал қоянның үйі ағаштан болыпты.

 Көктем келіп,  күн  жылынғанда түлкінің үйшігі,  әрине бірден еріп кетті.

 Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.  -Қоян,  қоян!  Мені кіргізші,  жылынып алайын!

Жылпос  түлкі  осылай алдап-сулап, аңқау қоянның  үйшігіне  кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. 

Қоян жылап келе жатып,  иттерге  кезігеді.

-Қоян, қоян!  Не болды саған?  Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?

-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне,  баспанасыз тентіреп жүргенім.

-Жылама!  Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз. 

Иттер жиналып,  қоянның  үйіне  келеді. 

-Аф, аф, аф!  Әй,  түлкі,  шық қане!  Босат,  қоянның  баспанасын! 

-Аха!  Шықсам шығайын!  Бірақ,  мен  далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой!  Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып.  Иттердің үрейі  ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлап,  тайып тұрады.  «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап,  тағыда жылай бастайды. Алдынан аю  шығады. 

-         Қоян-ау,  не  болды.  Сонша неге жылайсың? 

-         Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің  жылы ағаш үйімді тартып алды. 

-         Жылама!  Мен оны қуып шығамын.

-         Жо-оқ!   Қуып шыға алмайсың.  Иттерде  қуып  шыға  алмады.

-         Көресің,  қуып  шығамын.

-         Аю үйшіктің алдына келіп: 

-         Түлкі,  шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.

-         Түлкі болса пеш үстінен: 

-         Шықпаймын.  Шықсам  саған жаман болады.  Быт-шытыңды  шығарамын! – деп қорқытты.  Аюдың үрейі ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлады. 

Амалы  құрыған қоян тағыда жылай бастады.  Қараса,  жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады.    Қолында күмістей  жарқыраған шалғысы бар.

 -         Қоян, қоян!  Неге жылап отырсың?- деп сұрады.

-         Жыламай қайтейін?  Түлкінің мұз  үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

-         Жылама!  Мен оны қазір қуып шығамын!

-         Жо-жоқ!  Қуып шыға алмайсың!  Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады.  Сенде қуа алмайсың! 

-         Жүр,  көрерсің!  Қуамын!

-         Екеуі үйшік жанына келді.  Әтеш  қатты дауыстап өлең айта бастады.

-         Шөп шабамын, шөп шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да  шалғынша шабамын!

Түлкі қорқып кетіп: Киініп  жатырмын», - дейді. 

-Шөп шабамын, шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! -   деп әтеш қайта әндете бастайды. 

Түлкі сасқалақтап:  «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» - дейді. 

Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды.  Түлкінің зәресі ұшып кетеді.

Аман – сауында зыта  жөнеледі.  Сөйтіп,  қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

Тәрбиеші: Балалар ертегі сендерге ұнады ма?Ендеше балалар тақтадағы тапсырманы орындайық, тақтада ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінген, бірақ олардың көңіл күйлері әр түрлі сияқты, сендер кейіпкерлердің суреттегі көңіл-күйерін смайлик арқылы сәйкестендіріп, аңды үш тілде атап беріңдер.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қоян бізді көріп қорқып тұрған сияқты ендеше оның қорыққан түрін көрсетейік.

Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?

Балалар: Түлкінің суретін көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: Иә, түлкі бізді көріп таң қалып тұр. Түлкінің таңқалған түрін көрсетіңдер.

Балалар: Аюдың суретін көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: иә балалар аюымыз мұңайып тұр екен, ендеше қәне аюдың мұңайған қалпын көрсетіңдер.

Балалар: Әтештің суретін көріп тұрмыз

Тәрбиеші: иә балалар әтеш күліп тұр екен, ендеше қәне әтештің күлкісін  көрсетіңдер.

Тәрбиеші: Жақсы балалар енді мені мұқият тыңдаңдар мен сендерге жұмбақ жасырамын:

(жауаптарын слайд арқылы көрсету)

  1. Үйін жинап ертемен,

Мейіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты

Бұл қай ертегі ( Мақта қыз бен мысық)

  1. Атай өзі салғанын

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады ( Шалқан)

  1. Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті,

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті ( бауырсақ)

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Тәрбиеші: балалар шаршадыңдар ма ? Кәне сергіту жаттығуын орындайық:

Жили-были зайчики

На лесном опушке,

Жили-были зайчики.

В маленькой избушке,

Мыли своей ушки                                                                                                                                                                                                                             Мыли своей лапочки

Нарожилось зайчики,

Одевали тапочки.

Қорытындылау:

 Балалар түлкінің істегені дұрыс болды ма?

Қоянға не көмектесті?

Түлкінің үйі неден жасалған?

 Тәрбиеші: Балалардың жұмысын мадақтау.

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер өте жақсы қатысып жақсы жауап бердіндер сендерге көп рахмет. Енді біз   балалар ертегілер еліне кері қайтайық, қанатымызды жайып ұшып барамыз. Осымен оқу қызметіміз аяқталды,  келген қонақтарға сау болыңыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғажайыптар әлемі»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі»

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, жұмбақтар шешу, слайд, сергіту сәті.

Оқу қызметінің барысы: Балалар қонақтарға амандасады. Қостілді компонент: ертегі – сказка – fairy-tale, қоян-заец-rabbit түлкі-лиса-fox

Тәрбиеші: Балалар міне бүгін бізге көп қонақтар келіпті келген қонақтарға амандасайық

Балалар:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Үлкендерге құрметпен,

Бәріңізге ізетпен

Біздер салем береміз.

Всем, всем добрый день!

Гуд монинг, гоулд сан

Гуд монинг май френдз

Тәрбиеші: Балалар ерте ерте ертеде деп не басталатын еді?

Балалар: Ертегі

Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі әлеміне бармас бұрын ондағы кейіпкерлер туралы есімізге түсірейікші.Олардың өздеріне тән мінез құлықтары болады: ашулы, қатал, мейірімді, адал, қайырымды. Сендер қандай кейіпкерлерді ашулы деп елестетесіңдер?

Балалар: қасқыр, арыстан, жолбарыс ашулы.

Тәрбиеші: мейірімді, адал кейіпкерлерді атаңдар.

Балалар: қоян, мысық, әтеш, ит адал кейіпкерлер.

Тәрбиеші: ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін, қанатымызды жайып ұшып көрейік.

Музыка қосылып, балалар әуенмен қимыл жасайды.

Тәрбиеші: Міне, балалар ертегілер еліне келдік. Балалар,біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер əдемі жəне хош иісті болады.

Кəне, гүлдерді иіскеп көрейікші .

Тамаша! Енді орынымызға отырамыз.

Ендеше мен сендерге қазір «Қоянның үйшігі» ертегісін айтып берейін. Олай болса бәріміз теледидарға назар салайық.

Қоянның   үйшігі.

(орыс  халық  ертегісі)

Орманда  түлкі мен қоян өмір сүріпті.  Түлкінің үйшігі мұздан,  ал қоянның үйі ағаштан болыпты.

 Көктем келіп,  күн  жылынғанда түлкінің үйшігі,  әрине бірден еріп кетті.

 Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.  -Қоян,  қоян!  Мені кіргізші,  жылынып алайын!

Жылпос  түлкі  осылай алдап-сулап, аңқау қоянның  үйшігіне  кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. 

Қоян жылап келе жатып,  иттерге  кезігеді.

-Қоян, қоян!  Не болды саған?  Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?

-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне,  баспанасыз тентіреп жүргенім...

-Жылама!  Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз. 

Иттер жиналып,  қоянның  үйіне  келеді. 

-Аф, аф, аф!  Әй,  түлкі,  шық қане!  Босат,  қоянның  баспанасын! 

-Аха!  Шықсам шығайын!  Бірақ,  мен  далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой!  Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып.  Иттердің үрейі  ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлап,  тайып тұрады.  «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап,  тағыда жылай бастайды. Алдынан аю  шығады. 

-         Қоян-ау,  не  болды.  Сонша неге жылайсың? 

-         Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің  жылы ағаш үйімді тартып алды. 

-         Жылама!  Мен оны қуып шығамын.

-         Жо-оқ!   Қуып шыға алмайсың.  Иттерде  қуып  шыға  алмады.

-         Көресің,  қуып  шығамын.

-         Аю үйшіктің алдына келіп: 

-         Түлкі,  шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.

-         Түлкі болса пеш үстінен: 

-         Шықпаймын.  Шықсам  саған жаман болады.  Быт-шытыңды  шығарамын! – деп қорқытты.  Аюдың үрейі ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлады. 

Амалы  құрыған қоян тағыда жылай бастады.  Қараса,  жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады.    Қолында күмістей  жарқыраған шалғысы бар.

 -         Қоян, қоян!  Неге жылап отырсың?- деп сұрады.

-         Жыламай қайтейін?  Түлкінің мұз  үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

-         Жылама!  Мен оны қазір қуып шығамын!

-         Жо-жоқ!  Қуып шыға алмайсың!  Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады.  Сенде қуа алмайсың! 

-         Жүр,  көрерсің!  Қуамын!

-         Екеуі үйшік жанына келді.  Әтеш  қатты дауыстап өлең айта бастады.

-         Шөп шабамын, шөп шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да  шалғынша шабамын!

Түлкі қорқып кетіп: Киініп  жатырмын», - дейді. 

-Шөп шабамын, шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! -   деп әтеш қайта әндете бастайды. 

Түлкі сасқалақтап:  «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» - дейді. 

Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды.  Түлкінің зәресі ұшып кетеді.

Аман – сауында зыта  жөнеледі.  Сөйтіп,  қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

Тәрбиеші: Балалар ертегі сендерге ұнады ма?Ендеше балалар тақтадағы тапсырманы орындайық, тақтада ертегі кейіпкерлерінің суреттері ілінген, бірақ олардың көңіл күйлері әр түрлі сияқты, сендер кейіпкерлердің суреттегі көңіл-күйерін смайлик арқылы сәйкестендіріп, аңды үш тілде атап беріңдер.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қоян бізді көріп қорқып тұрған сияқты ендеше оның қорыққан түрін көрсетейік.

Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?

Балалар: Түлкінің суретін көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: Иә, түлкі бізді көріп таң қалып тұр. Түлкінің таңқалған түрін көрсетіңдер.

Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?

Балалар: Аюдың суретін көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: иә балалар аюымыз мұңайып тұр екен, ендеше қәне аюдың мұңайған қалпын көрсетіңдер.

Тәрбиеші: келесі суретті қараңдаршы нені көріп тұрмыз?

Балалар: Әтештің суретін көріп тұрмыз

Тәрбиеші: иә балалар әтеш күліп тұр екен, ендеше қәне әтештің күлкісін көрсетіңдер.

Тәрбиеші: Жақсы балалар енді мені мұқият тыңдаңдар мен сендерге жұмбақ жасырамын:

(жауаптарын слайд арқылы көрсету)

  1. Үйін жинап ертемен,

Мейіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты

Бұл қай ертегі ( Мақта қыз бен мысық)

  1. Атай өзі салғанын

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта алмады ( Шалқан)

  1. Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті,

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті ( бауырсақ)

Тәрбиеші: Дидактикалық ойын: «Не артық?»

Тәрбиеші: балалар шаршадыңдар ма ? Кәне сергіту жаттығуын орындайық:

Жили-были зайчики

На лесном опушке,

Жили-были зайчики.

В маленькой избушке,

Мыли своей ушки Мыли своей лапочки

Нарожилось зайчики,

Одевали тапочки.

Қорытындылау:

Балалар түлкінің істегені дұрыс болды ма?

Қоянға не көмектесті?

Түлкінің үйі неден жасалған?

Тәрбиеші: Балалардың жұмысын мадақтау.

Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер өте жақсы қатысып жақсы жауап бердіндер сендерге көп рахмет. Енді біз балалар ертегілер еліне кері қайтайық, қанатымызды жайып ұшып барамыз. Осымен оқу қызметіміз аяқталды, келген қонақтарға сау болыңыздар.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ғажайыптар әлемі

Автор: Тауманова Гульдаурен Кабылтаевна

Дата: 14.05.2020

Номер свидетельства: 549742

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Та??ажайыптар ?лемі" атты ашы? саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(48) "tan-g-azhaiyptar-liemi-atty-ashyk-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "181831"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425399274"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "" Урок по тему" «Физика – ?ажайыптар ?лемі»"
    ["seo_title"] => string(39) "urok-po-tiemu-fizika-g-azhaiyptar-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "286681"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454388830"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Химия ?ажайыптары ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(31) "khimiia-g-azhaiyptary-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "151022"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420623830"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "?ажайыптар ?лемі "
    ["seo_title"] => string(18) "g-azhaiyptar-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "176309"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424403288"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Химия ?ажайыптар ?лемі" "
    ["seo_title"] => string(26) "khimiia-g-azhaiyptar-liemi"
    ["file_id"] => string(6) "193553"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427648286"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства