Ересек тобына арналған "Үй жануарлары мен оның төлдері" тақырыбына конспект.
Пән: қазақ тілі
Мақсаты: Өткен тақырыптағы сөздерді қайталау. Жаңа сөздерді меңгерту.
Сурет бойынша ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділігін дамыту. Сөздерді сауатты айтуға, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«"Үй жануарлары және оның төлдері "»
Күні:
Ересектер тобы: «Гномики»
Тақырыбы: Үй жануарлары және оның төлдері.
Мақсаты: Өткен тақырыптағы сөздерді қайталау. Жаңа сөздерді меңгерту.
Сурет бойынша ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділігін дамыту. Сөздерді сауатты айтуға, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Түйе-верблюд, бота-верблюжонок, сиыр-корова, бұзау-теленок, қой-овца (баран), қозы-ягненок.
Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы 1. Шаттық шеңбері.
2. Үлкенге де "сіз",
Кішіге де "сіз".
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Сәлеметсіз бе, балалар?
3. Өткен тақырыпты қайталау.
Кім не ұқты демейік,
Ал тексеріп көрейік.
(сұрақ-жауап).
4. Халық ауыз әдебиеті.
Төрт түлік.
Жылқы төлі-құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Сиыр төлі-бұзау,
Сүйкімді әрі асау.
Түйе төлі-ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
Қой төлі-қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Ешкі төлі-лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ. Шеңбер бойында тұру.
Қолды алға созу.
Қолды кеудесіне қою.
Басты төмен ию.
Сәлеметсіз бе!
Балалардың жауабы.
Төрт түлік жырын мұқият тыңдады, қайталады.
Іздену-
ұйымдастыру 5. Фонетикалық жаттығулар:
-тү-тү-тү-түйе,
-ақ-ақ-ақ-лақ,
-кі-кі-кі-секеңдейді ешкі.
6. Жапалақ пайда болды, аузында тақырыпқа байланысты сөзжұмбағы бар. Жаңа сөздерді үйрете отырып, сөзжұмбақтың жауабын тапқызды.
7. Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ
Тыным тапсақ болмай ма?
Селтеңдемей кей уақ. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс, сауатты қайталап, тілдерін жаттықтырды.
Жаплақты көріп көңілденіп, қуанды.Жаңа сөздерді қайталады, естеріне сақтады, сөзжұмбақты қызығушылық таныта отырып шешті.
Мәтін мазмұнына сай қимыл-қозғалысты орындады.
Рефлекциялық-қорытындылаушы 8. Д/ойын «Енесін тап»
9. Жұмбақ жасыру.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Киелі бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
10. Д/ойын «Не жоқ?»
11. Балалардың өзін-өзі талдауы. (Маша мен Дима көп сөз айтты т.с.с.)
12. Жапалақ өз сыйлығын (киндер сюрприз-тәтті шеколад), үй тапсырмасымен қоса берді, қоштасты. Балаларға ойын ұнады, енесіне төлін тез тауып қосты.
Жұмбақ шешуін балалар таба білді.
Белсенді, қызығушылық таныта ойнады.
Оқу іс-әрекетіне өте белсенді қатысқан балаларды таңдады.
Үй тапсырмасын, сыйлықтарын алып, рақметін айтып, балалар жапалақпен қоштасты.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарлары мен оның төлдерін қазақша атай білу.
Игеру керек: Дидактикалық ойындар көмегі арқылы жаңа сөздерді игеру.
Жатқа білу керек: Тақырыпқа байланысты сергіту сәтін, жұмбақтарды жатқа білу.