Мотивациялық – қозғаушылық | Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. Топқа ренжулі Әже кіреді. Балалармен амандасады. Сәлеметсізбе ? – Әжей көңіл – күйіңіз жоқ қой, сізге не болды? Ой қарағым – немеремді қазір ,осы балабақшадан таппай қалдым. Көмектесесіңдерме? Жарайды, Әже біз сізге көмектесеміз Ол үшін бірнеше кедергілерден өтуіміз керек. | Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберіне тұрып, өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды. Балалар Әжеймен амандасады. Иә көмектесеміз –деп жауап берді балалар |
Ұйымдастырушылық - ізденістік | – Балалар ,сендерді ата – әжелерің, әке – аналарың қалай еркелетеді? - Ой қандай керемет, сендердің ата – аналарың төрт түлік малдың төлдерімен еркелетеді екен ғой. - Ата – аналарың сендерді жақсы көргенде не әпереді? - Ойыншықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме? Ойыншықтарым көп менің, Бәрін жақсы көремін. Кешке дейін жалықпай, Бірге ойнап жүремін. /топпен/ Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Әмір беріп бұйырсақ. /Айару/ - Балалар. ойыншықты күтіп ұстау керек !Өйткені онымен ойнағанда ауыздарыңа кіріп кетеді. - Өте жақсы, енді суретке назар аударайық. - Суретте қандай ойыншықтар көрсетілген? Дұрыс айтасыңдар ,балалар! Билингвальды компонент: күшік – щенок, мысық – кошка Сергіту сәті: Құлыншағым, құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтыңдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады - Шарты былай: Ортады суреттер жатыр .Сол суреттерден дыбыстаған ойыншықтарды тақтаға іліп беріңдер. Жарайсыңдар, балалар! «Төлін тап» ойыны Шарты: Үлестірмелі материалдағы жануардың төлін тауып беру. Жануарлар төлдерін тауып қуанып жатыр. (Осы кезде әжейдің немересі келеді) | - құлыным, ботақаным, қошақаным, лағым, т.б. Балалар назарларын суретке аударды. Күшіктер,мысықтар, лақтар, қозылар. күшік – щенок, мысық – кошка сөздерің 3-4 рет қайталайды. Балалар өлең мазмұнына сай құлынның қимылдарын келтіреді иә, ойын ойнағымыз келеді. Дыбыстарды тыңдап, жануарлардың суреттері тақтаға іледі. |