kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сөйлеудә дамыту "Үй жануарлары және оның төлдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға үй жануарларын ажыратуға көмектесу. төлдерін тауып ой өрістерін жетілдіру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеудә дамыту "Үй жануарлары және оның төлдері"»





ШҚО Көкпекті ауданы

Бастаушы ауылы

«Абай атындағы орта мектебі»КММ

Шағын орталық тәрбіиешісі

АхметкалиеваРайхангуль

Зинатуллановна







Жалпы сөйлеуді дамыту сабағының берері мол . Соның ішінде таңдалып отырған « Үй жануарлары және оның төлдері» тақырыбында байқау , көру қабілетін ескеріп дамытатын көрнекілік әдісін қолданып отырмын



Үйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Үй жануарлары және оның төлдері»

Ортақ тақырып .Бізді қоршаған әлем.

 Мақсаты:   Балалардың  үй жануарлары және төлдері туралы білімдерін арттыру .Балаларды тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.Балалардың тілін дамыту

 Әдіс-тәсілі:    түсіндіру, әңгімелеу,көру ,сбайқау

Қолданылатын көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері слайд түрінде,видеолар.

  .Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

-Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

Бәріміз күндей жарқырайық.

Бәріміз тату болайық.

Психологиялық сәт.

Мынау менің жүрегім,

Осыдан бәрі басталған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі басқарған.

Мынау менің он қолым,

Мынау менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.



-Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар айналаға қараңдаршы,бізді көптеген заттар әдемі табиғат, жануарлар, адамдар қоршап тұрады.Осындай ортаны қоршаған әлем деп атаймыз.

-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан барлығымыз қатысайық. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: "Үй жануарлары  және оның төлдері"                          

-Балалар, бүгін біз сендермен үй жануарлары және оның төлдерітуралы әңгімелейміз.Үй жауарларына қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер ,шошқалар,иттер,мысықтар жатады.Бұл жануарлар бізге өте жақын өйткені олар үй жануарлары. Балалар биыл жеті қазынаның бірі ит жылы .

Осы жерде слайд қосылып үй жануарлары және олардың төлдері туралы мағлұмат беріледі.

Балалардың үй жануарлары туралы тақпақтары.

Сергіту сәті «Қошақаны қойдың»

Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма

Қаңдай жануарларды білесіңдер.

Балалардың орындауында ән .Қошақаным.

Жануарлар калай дыбыстайды .Видео

Малдардың төлдерін тап ойыны.

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне қатысқан балаларды мадақтау.

Ән « Қошақаным»

Кері байланыс жасау үшін тақтаға алма ағашын ілемін.

Қызыл алма сабақ жақсы,қызықты өтті.

Сары алма сабақ орташа өтті.

Көк алма сабақ ұнамады.





Яғни сабағымды қорыта келгенде,әр сабағымды тәрбиеленушілердің есінде ұзақ сақталып қалу үшін,әрқашанда көрнекі құралдарды сапалы әзірлеп ,жана бағдарламаға сай өткізуге тырысамын.



Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.



Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау.

                                 

                                                  

Сергіту сәті:      

Қошақаным тұршы,

Беті –қолыңды жушы.,

Айнаға қарашы,Шашыңды тарашы.Орныңа отыршы.                                                                                                                                   

Мұғалім: Ал енді балалар тақтаға қарайық.

-Балалар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.

-Мынау ненің суреті?                                              

-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?

Одан не аламыз?                                       



Балалардың жауаптары:

Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.

Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.

Келесі ненің суреті?                                                                            

-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?

 

 

Балалардың жауаптары:

Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.

 Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.



Ойын: «Төлін тап»



Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.         

                              

Келесі ненің суреті?

-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?               



Балалардың жауаптары:

Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.

Келесі ненің суреті?



Балалардың жауаптары:

-Дұрыс, ешкі. Ешкінің төл-лақ.                

 Ешкі шөре-шөре деп шақырады.

 Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды.



Ойын: «Ішіне-сыртына».



Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.

                                    

 

Келесі  ненің суреті?

Балалардың жауаптары:

-Дұрыс, түйе. Түйенің төлі-бота.      

Түйе киелі жануар.

Ол ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре алады.

Түйенің атасы-Ойсылқара. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат ашытады. Ол-айраннан сұйық, қымыздан қою. Оның емдік те қасиеті бар.



Сергіту сәті:

Бала, бала балақан,

Кәне қайсың алақан

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Балалар, ал енді "Не артық? " ойынын ойнайық.



Ойынның мақсаты:Балалардың мақсаты,артық суретті тауып алу.Неге артық екенін түсіндіру.

-Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма?



Жұмбақтар

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)                       

 

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.        (сиыр)                                    

 

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.           (түйе)                  

 

-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер?

-Балалар, кім маған төрт түлік туралы тақпақтар айтып берем дейді?

(Балалар білген тақпақтарын айтады.) 

Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді оқушыларға айту.



Малды теппе.  Ақты төкпе. Малды ұрма.

-Енді балалар, бәріміз   төлдер"Төлдер" әнін орындайық.

-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Әминә бізге қазақтың биін билеп берем дейді.     



Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма?  Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың  қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сөйлеудә дамыту "Үй жануарлары және оның төлдері"

Автор: Ахметкалиева Райхангуль Зинатуллановна

Дата: 21.12.2018

Номер свидетельства: 492034

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашық сабақ "Үй жануарлары және төлдері""
    ["seo_title"] => string(42) "ashyk_sabak_ui_zhanuarlary_zh_nie_toldieri"
    ["file_id"] => string(6) "463546"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1522057287"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Конспект Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: "Жабайы аңдар""
    ["seo_title"] => string(47) "konspekt_soileudi_damytu_takyryby_zhabaiy_andar"
    ["file_id"] => string(6) "495285"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547476672"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "үй жануарлары мен жабайы жануарлар"
    ["seo_title"] => string(38) "ui_zhanuarlary_mien_zhabaiy_zhanuarlar"
    ["file_id"] => string(6) "371664"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482223994"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "үй құстары мен үй жануарлары"
    ["seo_title"] => string(32) "ui_k_u_stary_mien_ui_zhanuarlary"
    ["file_id"] => string(6) "371668"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482224365"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ертегі әлеміндегі ертекші әжеде қонақта"
    ["seo_title"] => string(51) "iertieghi_liemindieghi_iertiekshi_zhiedie_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "460439"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519985649"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства