kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Үй жануарлары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Знакомим детейс домашними животными. Стихотворения слайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Үй жануарлары"»

5 «Түймедақ» екінші кіші тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Ашық сабақ

Сабақ: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Балаларға жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, білімдерін арттыру. Үй жануарларының атын дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Білімдерін арттыра отырып, толық сөйлеу білуге үйрету.

  3. Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Үй жануарлары, жайлау, дастархан

Меңгерілетін сөздер: Сиыр, жылқы, қой, ешкі, бұзау, құлыншақ, лақ, қозы, қошақай, жайлау, әже, дастархан.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Қонақтармен амандасу, Сілеметсіздерме!

Балалар қолдарын үш түрлі шар ұстап (көк, қызыл, сары) шар ұстап, көрермендерге таратып, өз жылы лебіздерін ұсыну.

  1. Көк шардағы қонақтар ақ көңіл (К. Аружан)

  2. Қызыл шардағы қонақтар көрікті (Рахат)

  3. Сары шардағы қонақтар сыпайы (Қ. Камила)

Құрметті қонақтар барлығымыз қолымыздағы шарларды көтереміз.

Бұл қонақтарымыз сымбатты (хор)

Балалар қане орындарымызға әдемі отырамыз.

II Жаңа сабақ:

  • Балалар 1 жылда неше мезгіл бар? (1 жылда 4 мезгіл бар)

  • Кім маған атап береді? (Олар: қыс, көктем, жаз, күз)

  • Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, қазір қандай мезгіл? (Қазір бізде көктем мезгілі)

Балалар көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда,

Құлпыртып өңірді,

Көктем келді бақтарға.






  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады, жаңбыр жауады, күннің көзі шығады, күннің көзі өз жылуын береді, жасыл шөптер шыға бастайды, қорадағы малдар жайлауға шығады)

Дұрыс айтасыңдар балалар қорадағы малдар жайлауға шығады

Балалар бәріміз мына суреттерге назар аударайықшы.

  • Мынау не? (сиыр)

  • Мынау не? (жылқы)

  • Мынау не? (қой)

  • Мынау не? (ешкі)

Балалар бұларды біз үй жануарлары дейміз. Қане балалар бәріміз айтайықшы үй жануарлары.

Балалар осы үй жануарларының балалары болады, яғни төлдері

  • Сиырдың төлі (бұзау)

  • Жылқының төлі (құлыншақ)

  • Қойдың төлі (қозы, қошақай)

  • Ешкінің төлі (лақ)

Балалар осыларды үй жануарлары дейміз.

Балалар сендер ауылға барып көрдіңдерме?

Ауылға барғанда үй жануарларын көрдіңдер ме?

Балалар осы үй жануарлары қалай дыбыс шығарады?

Сиыр – мө-мө-мө

Қой – мә-мә-мә

Жылқы – и-и-и

Ешкі – мәә-мәә-мәә

Балалар ауылға барғыларың келе ме?

Ендеше ауылға саяхатқа барайық, саяхатқа бармас бұрын бір сергіп алайық.

III Сергіту сәті: Құлыншағым – құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Ал енді балалар ауылға саяхатқа барайық, көзімізді жұмамыз. Міне ауылға да келіп жеттік.

Алдымыздан әже жығып, ой құлыншақтарым! Мынау кімнің балалары? Анау 10 баласы бар Тұрсынбектің балалары ма?

Жоқ, жоқ әже бұл Петропавл қаласындағы Балдәурен балабақшасынан келген балалар. Біз осы ауылға саяхатқа келіп едік. Балаларыма үй жануарларын көрсетейін деп едім.

Е, құлындарым ай үйге кіріп шай ішіңіздер. Жоқ, әже сізге 1 -ші балаларыма жайлауда жүрген үй жануарларын көрсетсем. Содан кейін нан ауыз тиерміз. Балалар жүріңдер ана жақта жүрген үй жануарларын көрейік.

  • Мынау не? Сиыр – Балалар сиырдың сүті өте пайдалы, сиырдың сүтінен көптеген тағамдар жасайды. Сендер сүт ішесіңдер ғой, сүтінен айран, бауырсақ, құрт, ірімшік, қоспа т. б. Жасайды

  • Мынау не ? Жылқы – Балалар жылқының да сүті пайдалы, оның сүтінен қымыз жасаймыз, жылқының етін қазақ халқы тамақ қылып жейді, яғни қыстың күні соғымдыққа сояды.

  • Мынау не? Қой – қойдың жүнін жазда әжелеріміз қырқып алып, ол жүнді иіріп жүн қылады, ол жүннен жіп жасап қыста күрте, нәски, қолғап тоқиды.

  • Мынау не? Ешкі – ешкінің де жүнінен түбіт жасап, биялай, нәски тоқиды.

Балалар қараңдаршы мына ауылдың ауасы қандай тамаша, ауаны бір жұтып дем алайықшы.

Балалар ауасыда, ауласы да кең екен. Осы аулада мүмкін бір ойын ойнаймыз.

Допты қолыма алып, сиыр деп бір балаға лақтырамын, ол бала маған допты кейін лақтырып сиырдың төлін айтады және де қалған жануарлардыңда атын ататып, төлдерін атау.

Әже: Құлындарым үйге кіріп шай ішіңдер. Әженің үйіне барып шәй ішу.

Әже енді бізге балабақшамызға қайтуымыз керек, сізге көп – көп рахмет. Әже біз енді жылжиық.

Әже: Ой құлындарым сонау ауылға келіп құр қол кетесіңдер ме? Бауырсақ салып берейін.

Қәне балалар көзімізді жұмамыз балабақшамызға барайық.

Міне балалар балабақшамызға да келіп жеттік.

IV Қорытынды:

  • Балалар біз қайда бардық?

  • Ауылда бізді кім қарсы алды?

  • Ауылда не көрдік?

  • Ауылдың табиғаты қандай?

  • Әже бізге не берді?

  • Бауырсағы ұнады ма?

  • Бауырсағы тәтті ма?

  • Балалар мүмкін көрермендерімізге бауырсағымыздан татырамыз, қалай ойлайсыңдар?

  • Балалар сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге ризамын,Сендер сабаққа жақсы қатысқандарың үшін әже сендерге бауырсақ беріп жіберді. Қонақтарымыз кеткеннен кейін біз сендермен бауырсақпен шай ішеміз.

  • Ал енді қонақтарымызбен қоштасайық.

  • Сау болыңыздар!

























Тақырыбы: «Үй жануарлары»













Өткізген: Омарова К. С.









Петропавл қаласы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Үй жануарлары"

Автор: Омарова Кумис Саденовна

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443776

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Жануарлар ?леміне саяхат "
    ["seo_title"] => string(28) "zhanuarlar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "203719"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429535988"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Жануарлар ?ыста ?алай жылынады? "
    ["seo_title"] => string(34) "zhanuarlar-k-ysta-k-alai-zhylynady"
    ["file_id"] => string(6) "111365"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407412497"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Жары? – жануарлар тіршілігіне ?ажетті жа?дай "
    ["seo_title"] => string(52) "zharyk-zhanuarlar-tirshilighinie-k-azhietti-zhag-dai"
    ["file_id"] => string(6) "111364"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1407411952"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Жануарлар қалай көбейеді?""
    ["seo_title"] => string(25) "zhanuarlar_kalai_kobeiedi"
    ["file_id"] => string(6) "538262"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1580702140"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Та?ырыбы	Жануарлар?а да ауа керек "
    ["seo_title"] => string(38) "tak-yryby-zhanuarlarg-a-da-aua-kieriek"
    ["file_id"] => string(6) "113846"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1411069496"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства