Тақырыбы: «Үй жануарлары» Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге,
олардың үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру,
төлдерін дұрыс атай білуге баулу, балаларға үй жануарларын
күтіп баптауға тәрбиелеу. Білімділік: Балаларға үй жануарын таныстырып, төрт түліктің төлдері
жайында балаларға түсінік беру, төлдер туралы тақпақтарды
жатқа айтқызу, үй жануары туралы өтірік өлеңдер айтқызу. Дамытушылық: Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын
толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,
сөздік қорын байыту,тіл байлығын дамыту. Тәрбиелік мәні: Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін
оятып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Сүйіспеншілігін
арттыру жәнеолардың төлдерін дұрыс атай білуге, төрт
түлікті күтіп бағуға, оларға
қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балаларға төрт түлік малдың өрісімен,
тіршілік табиғатпен, малдың қадір – қасиетімен таныстыру.
Мал мен адамарасындағыбайланыстыашу. Көрнекілігі: үй жануарларының суреттері, интерактивті тақта, мольберт, жарма ұнтағы.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтастыру, әңгімелеу, сергіту жаттығулары, ойын. Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Ашық оқу қызмет. Ұйымдастыру барысы: Ұйымдастыру кезеңі; Шаттық шеңбері. Жаңа сабақ; Ойын; Сергіту;
Ұйымдастыру кезеңі: (Балалар қатармен топ бөлмесіне келеді, шеңберленіп тұрып
төрдегі апайлармен амандасады.)
Бақыт-біздің сиқырлы шеңберіміз,
Бақыт-біздің достарға сенгеніміз.
Бақыт-таңнан біреумен достасуың,
Бақыт-кеште достармен қоштасуың.
Қайырлы таң, көк Аспан!
Қайырлы таң, алтын Күн!
Қайырлы таң, Жер-Ана!
Қайырлы таң, достарым!
Сәлематсыздар ма, апайлар!
Тәрбиеші:- Балалар нені көріп тұрсыңдар? Балалар:-Күнді.
Тәрбиеші: -Күннің түсі қандай?
Балалар:-Күннің түсі – сары. Тәрбиеші:-Өте дұрыс.Күн бізге несін береді? Балалар:-Күн бізге жылуын, шуағын береді.
Тәрбиеші:- Бізге жол көрсететін-ол Күн!Балалар, бүгін күннің бізге берер жылуы мол
болсын,бүгінгі шаттық шеңберіміздің мағынасына орай, төрімізден орын
алған қонақтарымызға ана-бақытын тілейміз.
Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:-Қазір жылдың күз мезгілі.
Тәрбиеші: -Қалай ойлайсыңдар, күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: -Күз мезгілінде үш ай бар.
Тәрбиеші:-Күз айлары қандай, кім айтып береді?
Балалар:-Күзайлары: қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші:-Күзде ауа-райы қандай болады?
Балалар:-Күзде ауа-райы салқын болады,ағаштардың жапырақтары сарғайып түседі,
құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Күз-байлық, күз-жомарт деп неліктен айтамыз?
Мейірман: -Кіп - кішкене момақан, Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам «қозым» деп, «Қошақаным - өзің» деп!
Рамазан: - Ақ бұзауым ұнайды,
«Мө-мө» деп сүт сұрайды.
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды. Тәрбиеші:-Кәне, қай үй жануары қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші! Балалар: -Сиыр мөңірейді: мө-мө-мө. Жылқы кісінейді:ио-ио-ио. Түйе боздайды: бө-бө-бө.
Қой маңырайды:ма-ма-ма.
Ешкі бақылдайды: ме-ме-ме.
Ит үреді: аф-аф-аф.
Мысық мияулайды: мияу-мияу-мияу.
Үнтаспадан төрт түліктің дауысын естіп бірге қайталау.
Тәрбиеші: - Балалар, осы үй жануарларына арналған қандай мақал-мәтелдер,
тыйым сөздер білесіңдер?
Інжу: - Түйе – шудасын
Жылқы – жалын
Сиыр – мүйізін төсейді.
Айым: - Түйе баласы – төре баласы.
Кузайым: - Мал жуасы – қой,
Аң жуасы – қоян.
Алдияр: - Түлік – төлден өседі.
Алима: - Ел көркі – мал,
Өзен көркі – тал.
Аманжан: -Малды ұруға болмайды.
Айзере: - Ақты төкпе.
Рамазан: - Малға теріс мінбе.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, менің бүлдіршіндерім! Бұл нақыл сөздерді ұмытпаңдар.
Балалар, бізге ең бірінші не кездесті?
Балалар: - Бізге Күн кездесті.
Тәрбиеші:- Олай болса, бір топ Күннің бейнесін жарма ұнтағына саусақпен салса, екінші
топ түрлі-түсті тұздан желім жағылған қақпақ бетіне суреттер түсіреді.
Балалар ұжымдық жұмысқа кіріседі. Марапаттау.
Қорытынды: - Балалар, бүгінгі оқу қызметте нелер туралы өттік? -Үй жануарларына нелер жатады екен? - Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз? -Үй жануарлары бізге не береді?