Ұйымдастырушылық-ізденушілік Рефлексия кезеңі | -. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 2. Қыста ауа-райы қандай? 3. Қардың түсі қандай? - Ғажайып сәт Электронды карточка арқылы тәрбиеші балаларға білдіртпей тосын сый жасайды. Мә-мә-мә, мө-мө-мө деген тосыннан бір дыбыс естіледі - Ой балалар бұл не болды екен? Қай жануардың дауысы? Өте дұрыс бұл төрт түліктің бірі қой мен сиырдын дауысы. Бүгін біз оқу қызметінде үй жануарларымен танысамыз түйе ,жылқы ,сиыр қой. ешкі .Бұларды төрт түлік мал деп атаймыз. Ендеше мен сендерге осы үй жануарлары туралы жұмбақтар жасырамын,сендер сол жұмбақтың шешуін табыңдаршы? 1.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. 2.Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Ол не? 3.Екі айнасы бар, Екі найзасы бар Бұл не? Ендеше балалар назарымызды тақтаға аударайық. - Балалар мынау қандай жануарлар? - Ал мыналар қандай жануарлар? - Қойдың төлін не дейміз? - Сиырдың төлін ше? - Соның ішінде қой мен сиыр малы өте өсімтал екен. Ал олар немен қоректенеді. Біз оларға қамқорлық жасап, оларға жем, шөп, су беріп күтіп баптауымыз керек. Сонда ғана біз олардың пайдасын көреміз. Өте дұрыс балалар осы жануарлар үй маңында, қорада яғни адамның көмегімен тіршілік ететіндіктен үй жануарлары деп атаймыз Мынау балалар сиыр малы, сиырдың сүтін ішеміз, етін жейміз, айран ,құрт ірімшік жасаймыз. - Қой мен сиырды қалай шақырамыз. Төрт түлік малдың төлдерін жандарына жапсырып берейік. Сергіту сәті: Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың. Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың. .Дидактикалық ойын: «Дәмін тауып көрші ?» Шарты:Үстел үстіндегі табиғи өнімдерді дәмін татып ажыратады.(Айран, сүт, май, қаймақ, сүзбе, құрт. т Ұйымдастырылған оқу қызметін сұрақтар қою арқылы қорытындылайды. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау. | -Қыс мезгілі. -Суық. -Түсі ақ. Балалардың жауабы. -Түйе. -Қой. -Сиыр. -Сиыр. -Қой,жылқы,түйе. -Қозы. -Бұзау. Балалар мұқият тыңдайды. -Қойды пұшайт-пұшайт деп шақырамыз. -Сиырды аухау, аухау деп шақырамыз. Балалар қызығушылықпен төлдерін енелерінің қасына жапсырады. Балалар қимыл -қозғалыс жасайды. Балалар қызығушылық танытады. Балалардың жауабы тыңдалады. |