-Балалар,бүгін бізде ерекше күн,өйткені біздің топқа көптеген қонақтар келіпті.Келген қонақтармен сәлемдесейік Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен, Иіліп сәлем береміз. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Қыс мезгілінде неше ай бар? -Сендер қыс туралы тақпақ білесіңдерме? Топқа қонаққа Тазша бала келеді. Балалармен амандасады. - Сәлеметсіңбе Тазша бала,сен қайдан келесің? Тазша бала:- Мен сендермен бүгінгі күнімді өткізуге келдім. - Ендеше, Тазша бала кел төрлет. -Балалар, бүгін біз үй жануарлары туралы айтамыз. Үй жануарларға сиыр,қой,жылқы,түйе жатады. Үй жануарларының пайдасы өте көп. -Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр. Жұмбақ: Аласа ғана бойы бар Айналдыра киген тоны бар? (қой). Төрт түліктің бірі қой.Қойдың еті,терісі пайдалы. Қойдың төлін қозы дейміз. Қойдың пірі Шопан ата. Жұмбақ: Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар? ( түйе) -Төрт түліктің төресі түйе.Түйе бірнеше күн аштыққа шыдайды,басқа жануарлар жемейтін шөпті жеп, арқасына май жинайды,оны өркеш дейді.Бір өркешті түйені нар дейді,ал екі өркешті түйені айыр түйе дейді. Түйенің төлін бота дейді. Түйенің пірі Ойсылқара. -Жылқы ең жүйрік жануар.Оны арбаға жегеді.Сүтінен қымыз ашытады. Етінен жал-жая,қазы-қарта әзірлейді. Жылқының төлі құлыншақ,ал пірі Қамбар ата. - Төрт түліктің бірі сиыр. Сиырдан сүт аламыз, одан айран, май, құрт, қаймақ жасайды. Сиырдың төлі бұзау. Сиырдың пірі Зеңгі баба. Дидактикалык ойын: "Төлін тап" Сергіту сәті Тіктеп титтей құлағын Ботам былай жүреді Сыртылдатып тұяғын Бұзау былай жүреді. Алға созып мойынын Ойнақтайды ботақан. -Балалар, осы төрт түліктен алынатын өнімдерден ойын ойнайықшы. Дидактикалық ойын: "Дәмін татып,атын ата" -Балалар үй жануарлары шөп, жем, сумен қоректенеді. -Қане олай болса біз үй жануарларына шөптің суретін салып берейікші. -Біздің саусағымыз шаршап қалған шығар саусағымызды жаттықтырайықшы. Саусақ жаттығу: Қуыр-қуыр қуырмаш Балапанға бидай шаш Бас бармақ,балан үйрек. Ортан терек,шылдыр шүмек Титтей бөбек. Сен қозыңа бар,сен бұзауыңа бар, Сен ботаңа бар,сен құлыныңа бар. Сұрақ-жауап арқылы,іс-әрекетті қорытындылау. |