| -Ендеше,тұрмайық жолға шығайық балалар. Педагог жіпті домалатады. -Балалар біз ертегіде қонақтамыз. 1-тапсырма: Кейіпкерлерді кім нешінші тұрғанын атап шығайық Ертегі кейіпкерлерінің дыбыстары аудиобасылым арқылы шығады. 2-тапсырма:"Сиырдың дақтарын орналастыр" -Балалар мен жануарлардың тілін білемін,сиыр бізге үстіндегі дақтарын тағып беруімізді сұрап тұр 3-тапсырма: "Ағаштың жапырақтарын орналастыру" -Ағаштың жапырақтары шашырап кетіпті,ретімен санап шығуды өтініп тұр. 4-тапсырма: Балалар су тасушы қыз өте көңілді,бізге мысыққа арнап билеп беруді ұсынып тұр "Біздің мысық" Біздің мысықтың, Көздері сап-сары. Біздің мысықтың, Мұрттары ұп-ұзын. Біздің мысықтың, Тырнақтары өп-өткір. Біздің мысықтың, Ойлары ұп-ұшқыр. Күннен күнге тазартып, Жуады ол тұмсығын. Оң көзін,сол көзін, Оң құлағын,сол құлағын, Оң бетін,сол бетін. Кешке қарай қорадан, Тышқандарды аулайды. Достарымен үлпілдек, Билейді ол Айгөлек!. (Ырғақты "Айголек"әні орындалады) 5-тапсырма: "Заттарды сөрелерге орналастыру" -Дүкеншінің заттары араласып кетіпті орындарына дұрыс,реттеп қойып шығуды сурайды. 6-тапсырма: "Қай зат артық?Неге?" -Тауықтың тапсырмалары Педагог балаларды екі топқа бөліп,геометриялық денелер арасындағы және пішіндер арасындағы артығын , неге екенін табуды тапсырды. 7-тапсырма: Тауық тышқан қалдырған "Сиқырлы алашаны"береді. Педагог: -Қыздар:Тек кішкентай пішіндерді басып өтіңдер. -Ұлдар үлкен пішіндерді басып өтіңдер. Тышқан інінен шығып құйрықты ұсынады. Мақта қыз мысығын құшақтап келеді. Мақта қыз: -Балалар мен сендерді тосып ұайымдап едім,сендерді көріп қуанып қалдым. -Қайда бардыңдар? -Нелерді көрдіңдер? -Қай ертегіде қонақта болдыңдар? -Сиырдың тапсырмасы қандай болды? -Ағаштың қандай тапсырма берді? -Дүкенші қандай тапсырма берді? -Жарайсыңдар балалар, сендер кішентай болсаңдар да өте үлкен жұмыс атқарыпсыңдар.Мақта қыз балаларға риза болып,тәтті сыйлық таратты,қоштасты. | -Балалар таңқалып,қуанды -Сиыр бірінші,ағаш екінші,қыз үшінші,дүкенші төртінші,тауық бесінші тұр. -Геометриялық пішіндерді атап (дөңгелек,үшбұрыш,шаршы, сопақша,тіктөртбұрыш) орналастырды. -Ағаштағы жапырақтарды ретімен өсу және кему ретімен санады 1,2,3,4,5. 5,4,3,2,1. Балалар өлең жолдарын қимылмен орындады -Мысықтың көзін көрсетті -Мұртын көрсетті -Тырнақтарын көрсетті -Бастан жоғары қарай -Мысықтың жуынғанын көрсетті -Отырып-тұрып секірді -Жұптасып бір-біріне алақандарын соқты,айналды. -Үстел басында қағаз бетінде заттарды орналастырды: -Майды жоғарғы оң жақтағы сөреге қойды -Қантты жоғарғы сол жақ сөреге қойды -Сүтті төменгі оң жақ сөреге қойды -Кәмпитті төменгі сол жақ сөреге қойды -Нанды ортаға қойды -Балалар екі топқа бөлініп (ұлдар,қыздар) жұмыс жасады. Балалар тапсырманы орындап алашаны басып өтті -Балалар құйрықты тапқандарына қуанды. -Ертегі әлеміне бардық -Сиырды,ағашты,қызды, дүкеншіні,тауықты,тышқанды. -"Мақта қыз"ертегісінде. -Геометриялық пішіндерден дақтарын тағып бердік -Шашыраған жапырақтарын ретімен санадық -Дүкеншінің заттарын сөрелерге қойдық -Балалар қуанды,қоштасты. |