«Коммуникация» сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиешінің аты-жөні: Нуридилла Б.А.
Тақырыбы: «Тентек балақандар» (ойыншық аңдар туралы әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен қысқа әңгімелерді құрастыруды жалғастыру.
әңгіме құрап үйрету: жануарлар.
Билингвалдық компонент: жануарлар -
Сөздік жұмыс: Зат есімдер
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар мынау үстел үстіндегі ойыншықтарды таныйсыңдар ма? Олар қайда мекендейді? Оларды қайда көрдіңдер? | Олар малдар,аңдар. Қорада тұрады. Оларды ауылға барғанда көрдік. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалардың назарын тақтаға аудару. Тақтада үй жануардың суретін көрсетемін.Қалай дыбыс шығаратының тындаймыз. Тақырыпқа байланысты өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы сабақты түсіндіремін. Төлдерге байланысты тақпақтар жаттау. Сұрақ-жауап: Малдан қандай өнім аламыз айтып беру Сергіту сәті: Екі қолды жоғары, Сәл көтерсек болады. Енді оны бөгелмей, Түсірейін төменге Д/о «Не артық» | Балалар қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысты. Шөре, шөре, лағым, Тентек болма шырағым! Секектемеден, дем ал, Селтеңдемей құлағың. Әр жануардың пайдасын айтып береді, алатын өнімдері туралы айтады. |
Рефлексивті-коррекциялау | Д/О. Төлдерін дұрыс тап. Балаларды мақтау, мадақтау. | Балалар алған білімдеріне риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Үй жануардың атын, дыбысын ажыратуды
Түсінеді: Сурет бойынша қысқаша әңгіме құруды
Қолданады: Зат есімдерді жекеше, көпше түралы айтуды