kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: "Менің бөлмемдегі өсімдік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Павлодар облысы, Май ауданы, «Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі: Утеубаева Қ.Қ.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Тақырыбы:  Менің бөлмемдегі өсімдік.

Бөлімі: Жапсыру.

Көрнекіліктері: Дала гүлдері, шегіргүл, шегіргүлді егу үлгісі.

Керек құралдар: Желім, түрлі түсті қағаз, мата.

Мақсаты:

Білімділік: Бөлме гүлі шегіргүл туралы түсініктерін кеңейту. Шегіргүлдің басқа гүлдерден айырмашылығын айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Шегіргүлді матамен қағазды пайдаланып жапсыруға үйрету, жапсыру кезінде ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: Гүлдерге, өсімдіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Жылулық шеңбері:

Біз балдырған баламыз,
Қашан да, қайда да.
Сенімді боламыз,
Себебі біз достармыз.

-  Балалар айналамызға қарайықшы тобымыздың ауасын тазалап сәнін кіргізіп тұрған не? (Гүл)
-  Гүлдердің қандай түрлері білесіңдер? ( Далада өсетін және бөлмеде өсетін)
-  Далада өсетін гүлмен бөлмеде өсетін гүлдің айырмашылығы неде? (Далада өсетін гүлдер көктемде өсе бастайды жазда гүлдейді күзде солып қурап қалады ал бөлмеде өсетін гүл қысы жазы жап – жасыл  болып тұрады)
-  Далада өсетін қандай  гүлдерді білесіңдер? (Түймедақ, қызғалдақ, бақ – бақ.)
-  Гүлдерге біз қандай қамқорлық көрсетеміз? (Топырағын ауыстырамыз, суғарамыз, үлкен болып өскенде шелегін ауыстырамыз)
-  Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз? (Анамызға, апамызға татемізге т.б.)
-  Бүгінгі сабақта біз бөлме гүлі шегіргүлмен танысамыз және оны жапсырамыз.

Тәрбиеші: Шегіргүлдің казіргі кезде мыңдаған түрлері бар. Түрлерінің көптігінен олардың қай сұрыпқа жататынын ажыратудың өзі қиын. Сондықтан шегіргүлдерді пішіні, түрі және түсіне байланысты топтастырып қарастыруға болады. Гүліне байланысты қарапайым, күрделі, гүлпарлы, шашақталған деп айыруға болады. Гүлінің түсі біркелкі ақ, күлгін, қызыл және түрлі – түсті болып келеді. Жапырағына байланысты түрлері әдетте доғал, дөңгеленген және жүрек пішіндес. Түсі біркелкі ашық және қою жасыл түсті. Беті жылтыр, тегіс, қатпарлы және түкті болып келеді. Жапырағының жиегі тегіс, аратісті болып келетін түрлері бар.

Шегіргүлдерді көлемдеріне байланысты да ажыратуға болады. Әдетте көп таралған гүлдің көлемі үлкен, ірі және кішкентайлары да болады. Сонымен қатар шегіргүлдердің төменге жайылып өсетін түрлері де бар.

Жарықты жақсы көреді және гүлдеу мезгілінде кемінде 13 – 14 сағат үздіксіз жарық болғанын қалайды. Тік түсетін күн көзіне қоюға болмайды.

Жазда молынан су құйған жөн. Суғарғанда жапырақтарына су тигізбеу керек. Ылғалдылықты қажет етеді, бірақ түгі бар жапырақтарына су бүркуге болмайды. Түбектің астындағы ыдысқа қиыршық тастар салып, суды түбек түбіне тимейтіндей мөлшерде құю керек немесе гүлдің жанына ыдысқа су құйып қоюға болады. Артық суғарғаннан шіріп кетуі мүмкін.

Тұқым арқылы, бірақ жапырақ қалемшелерімен, балапандарын бөлу арқылы көбейткен тиімдірек.   

Қауіпсіздік ережесі: Желімді аузға салмау, бір – біріне жақпау, жумыс біткен соң колды жуу

Балалар үлгіге қарап шегіргүлді жапсырады. Алдымен алдарындағы ақ қағазға түрлі түсті қағаздан кесілген шелегін жапсырады, шелектің үстіне жасыл матадан кесілген жапырақтарын жапсырып әр бір жеріне гүлін жапсырады.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Қонаққа тентек бала кіреді.

Тәрбиеші: - Тентек бала саған не болды?

- Көңіл күйін жоққой, әлде тағы бір тентектік жасадың ба?

Тентек бала: - Мен сендердің шегіргүл жайлы сабақ өтіп жатқандарыңды естіп келдім. Мен әр түрлі гүлдердің жапырағымен күлтешелерін ауыстырып алдым, енді маған осының ішінен шегіргүлді тауып құрастыруым керек. Сендер маған көмектесе аласыңдарма?

Тәрбиеші: Балалар біз шегіргүл жайлы көріп таныстық, енді тентек балаға шегіргүлді құрастыруға көмектесейікші.
-  Шегіргүлдің жапырағы қандай? (Сопақша, түсі жасыл беті тегіс немесе түкшелі болады)
-  Шегіргүлдің күлтешелері қандай болады? ( Гүлдерінің түстері әр түрлі, күлтешесі  шашақталған болады)
-  Бүгінгі сабақта жапсырған шегіргүлдің гүлінің түсі қандай? (Қызғылт)

Тентек бала: Ой, сендер неткен ақылды балаларсыңдар. Енді мен де сендер сияқты оқып тентек болмаймын. Сендерге көп–көп рахмет!

Тентек баламен қоштасу.

Жылулық шеңбері:

Біз гүлдермен доспыз,
Текке оны жұлмаймыз.
Мереке күні бір – бірден,
Анамызға сыйлаймыз.

Балаларды мадақтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: "Менің бөлмемдегі өсімдік"»

Павлодар облысы, Май ауданы, «Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі: Утеубаева Қ.Қ.


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Тақырыбы:  Менің бөлмемдегі өсімдік.

Бөлімі: Жапсыру.

Көрнекіліктері: Дала гүлдері, шегіргүл, шегіргүлді егу үлгісі.

Керек құралдар: Желім, түрлі түсті қағаз, мата.

Мақсаты:

Білімділік: Бөлме гүлі шегіргүл туралы түсініктерін кеңейту. Шегіргүлдің басқа гүлдерден айырмашылығын айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Шегіргүлді матамен қағазды пайдаланып жапсыруға үйрету, жапсыру кезінде ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: Гүлдерге, өсімдіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Жылулық шеңбері:

Біз балдырған баламыз,
Қашан да, қайда да.
Сенімді боламыз,
Себебі біз достармыз.

-  Балалар айналамызға қарайықшы тобымыздың ауасын тазалап сәнін кіргізіп тұрған не? (Гүл)
-  Гүлдердің қандай түрлері білесіңдер? ( Далада өсетін және бөлмеде өсетін)
-  Далада өсетін гүлмен бөлмеде өсетін гүлдің айырмашылығы неде? (Далада өсетін гүлдер көктемде өсе бастайды жазда гүлдейді күзде солып қурап қалады ал бөлмеде өсетін гүл қысы жазы жап – жасыл  болып тұрады)
-  Далада өсетін қандай  гүлдерді білесіңдер? (Түймедақ, қызғалдақ, бақ – бақ.)
-  Гүлдерге біз қандай қамқорлық көрсетеміз? (Топырағын ауыстырамыз, суғарамыз, үлкен болып өскенде шелегін ауыстырамыз)
-  Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз? (Анамызға, апамызға татемізге т.б.)
-  Бүгінгі сабақта біз бөлме гүлі шегіргүлмен танысамыз және оны жапсырамыз.

Тәрбиеші: Шегіргүлдің казіргі кезде мыңдаған түрлері бар. Түрлерінің көптігінен олардың қай сұрыпқа жататынын ажыратудың өзі қиын. Сондықтан шегіргүлдерді пішіні, түрі және түсіне байланысты топтастырып қарастыруға болады. Гүліне байланысты қарапайым, күрделі, гүлпарлы, шашақталған деп айыруға болады. Гүлінің түсі біркелкі ақ, күлгін, қызыл және түрлі – түсті болып келеді. Жапырағына байланысты түрлері әдетте доғал, дөңгеленген және жүрек пішіндес. Түсі біркелкі ашық және қою жасыл түсті. Беті жылтыр, тегіс, қатпарлы және түкті болып келеді. Жапырағының жиегі тегіс, аратісті болып келетін түрлері бар.

Шегіргүлдерді көлемдеріне байланысты да ажыратуға болады. Әдетте көп таралған гүлдің көлемі үлкен, ірі және кішкентайлары да болады. Сонымен қатар шегіргүлдердің төменге жайылып өсетін түрлері де бар.

Жарықты жақсы көреді және гүлдеу мезгілінде кемінде 13 – 14 сағат үздіксіз жарық болғанын қалайды. Тік түсетін күн көзіне қоюға болмайды.

Жазда молынан су құйған жөн. Суғарғанда жапырақтарына су тигізбеу керек. Ылғалдылықты қажет етеді, бірақ түгі бар жапырақтарына су бүркуге болмайды. Түбектің астындағы ыдысқа қиыршық тастар салып, суды түбек түбіне тимейтіндей мөлшерде құю керек немесе гүлдің жанына ыдысқа су құйып қоюға болады. Артық суғарғаннан шіріп кетуі мүмкін.

Тұқым арқылы, бірақ жапырақ қалемшелерімен, балапандарын бөлу арқылы көбейткен тиімдірек.   

Қауіпсіздік ережесі: Желімді аузға салмау, бір – біріне жақпау, жумыс біткен соң колды жуу

Балалар үлгіге қарап шегіргүлді жапсырады. Алдымен алдарындағы ақ қағазға түрлі түсті қағаздан кесілген шелегін жапсырады, шелектің үстіне жасыл матадан кесілген жапырақтарын жапсырып әр бір жеріне гүлін жапсырады.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Қонаққа тентек бала кіреді.

Тәрбиеші: - Тентек бала саған не болды?

- Көңіл күйін жоққой, әлде тағы бір тентектік жасадың ба?

Тентек бала: - Мен сендердің шегіргүл жайлы сабақ өтіп жатқандарыңды естіп келдім. Мен әр түрлі гүлдердің жапырағымен күлтешелерін ауыстырып алдым, енді маған осының ішінен шегіргүлді тауып құрастыруым керек. Сендер маған көмектесе аласыңдарма?

Тәрбиеші: Балалар біз шегіргүл жайлы көріп таныстық, енді тентек балаға шегіргүлді құрастыруға көмектесейікші.
-  Шегіргүлдің жапырағы қандай? (Сопақша, түсі жасыл беті тегіс немесе түкшелі болады)
-  Шегіргүлдің күлтешелері қандай болады? ( Гүлдерінің түстері әр түрлі, күлтешесі  шашақталған болады)
-  Бүгінгі сабақта жапсырған шегіргүлдің гүлінің түсі қандай? (Қызғылт)

Тентек бала: Ой, сендер неткен ақылды балаларсыңдар. Енді мен де сендер сияқты оқып тентек болмаймын. Сендерге көп–көп рахмет!

Тентек баламен қоштасу.

Жылулық шеңбері:

Біз гүлдермен доспыз,
Текке оны жұлмаймыз.
Мереке күні бір – бірден,
Анамызға сыйлаймыз.

Балаларды мадақтау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ: "Менің бөлмемдегі өсімдік"

Автор: Утеубаева Карлыгаш Кабиденовна

Дата: 14.11.2017

Номер свидетельства: 438736


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства