kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?дебиетке балалы?ты ?келген" о?ырмандар конферециясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:?аза? балалар ?дебиетіні?  класcигі Бердібек Со?па?баев ?мірі мен шы?армашылы?ын таныстыра отырып,о?ушыны? кітап о?у?а денген ?ызы?ушылы?ын дамыту.Ойлау ?абілеттерін, к?ркем жеткізе білу да?дыларын дамыту.Елжандылы??а т?рбиелеу.

Т?рі: О?ырмандар конференциясы.

К?рнекілігі: жазушыны? суреті,«Балалар жазушысы Б.Со?па?баев -90 жаста» кітап к?рмесі, слайд,цитаттар.

Жоспар.

1.Кіріспе с?з

2. Кітап ой сананы? ?оз?аушы к?ші

3.Жазушы келбеті

4.К?ркем шы?арма ізімен

5.К?рініс «?ожа мен Д?улетті? танысуы»

6.?орытынды

Кітап-адам баласыны? а?ыл-ойынан ту?ан байлы?ты са?тап оны ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп отыратын,білім ж?не т?рбие беретін ??рал.Кітап-біздін а?ылшымыз,сырласымыз, досымыз.Кітапты о?и білу, т?сіну, есте са?тау ?апілеттерін арттырады. «Арты? ?ылым кітапта, ерінбей о?ып к?руге », деген Абай атамыз  кітап атты ??діретті? ?ажайып ?шін бойына жинап, ?мірлік азы?  етпек деп еді? Б?гінгі к?ні теледиар, компьютер интернет ?лкен рольге ие болып отыр?ан уа?ытта кітап о?удын сиреп бара жат?аны ащы да болса шынды?.Сонды?тан кітапты насихаттауды? т?рлі формалары мен ?дістерін пайдаланып,о?ырмандарды? кітап о?у?а ?ызы?ушылы?ын арттыру ба?ытында балалар ?дебиетіні?  классигі Бердібек Со?па?баевты? 90- жылды?ына «Мені? атым ?ожа» повесі бойынша о?ырмандар конференциясын 6 -сынып о?ушылар арасында ?ткізгелі отырмыз.                         

Енді осы конференциямызды бастаймыз

  «Жазушы келбеті»

Белгілі жазушы Б. Со?па?баев 1924 ж 15 ?азанда Алматы облысы,Нарын?ол ауданы (?азіргі Райымбек ауданы) ?ост?бе ауылында д?ниге келген.1949 ж?аза?ты? Абай атында?ы педогогикалы? институтын бітіріп,ту?ан ауылында м??алім болып ?ызмет етті.1952-1970жылдар аралы?ында «Ж?лдыз», «Балдыр?ан» журналдарында,?аза?стан Жазушылар Ода?ында т?рлі ?ызметтер ат?арды.?зіні? шы?армашылы? ?мір жолын балалар?а арнап ?ле? жазудан баста?ан ол кейін прозалы? шы?армалары ар?ылы балаларды? с?йікті жазушысына айналды.Сондай-а? балалар?а арнал?ан бірнеше кино сценарий,пьесалар жазды.Ал?анш?ы кітабы 1950жылы «Пионер» журналында «Б?ла?» атты ?лендер жина?ымен жары? к?рді. Кейін ?асым Аманжолов «?аламы?ды енді прозадан сынап к?рші» деп жанашырлы?пен жол к?рсеткен.Содан кейін жазушылы??а шындап ден ?ойып,  «Ба?ыт жолы» ( 1952), «Алыста?ы ауылда» (1953), «Балалы? ша??а саяхат » (1953), «Дала ж?лдызы 1963, «Аяжан »1965, «Жолда» 1955, «?лгендер ?айтып келмейді», 1- том1967, 2- томы 1974 ж « ?айдасы? Гау?ар» 1966 шы?армалары д?ниеге ?келді.Жазушы шы?амаларыны? ішіндегі бала ж?регіне жол тап?ан ?здік туындысы «Мені? атым ?ожа»повесі болды.Б?л-?арапайым тілмен жазыл?ан,шынды?тан туында?ан шы?арма. «?тірік еште?е ?оспаймын» деп  у?де берген автор у?десін орындайды да, повесте жазушы балалар?а бала болып бар сырын ашады.?зіні? бар болмысын, жаманды?ын да, жа?сылы?ын да жасырмай жазады.Сол жасырмай жаз?аныны? ар?асында о?ырманны? ысты? ы?ыласыны б?ленеді. Жазушы б?л кітабын шы?арарда ?з елінен ?олдау таба алмады. «Ке?естік д?уірге ?айшы. Бізді? о?ушылар ?ожаны? сот?ар ?ылы?ына еліктеп, т?рбиеден аттап кетеді. М??алімні? с?мкесіне ба?а сал?ан о?ушы ерте? ?андай азамат болады» деген пи?ылда?ы ??гімелер желдей есті.Сосын оны естіген орындаушылар жазушыны? кітабын басудан бас тарт?ан.Біра? о?ан мойыма?ан Б.Со?па?баев шы?армасын Москва дан шы?атын «Деткая литература» баспвсына апарып берді.C?йтіп бірінші «Мені? атым ?ожа» кітабы орыс тілінде басылып шы?ты. ?аза?ты? ?ожасы о?ырман ?ызы?ушылы?ын ту?ызды.Одан кейін екіші болып фрацуздар ?з тілдеріне аударды. Бірден 30 ша?ты тілге аударылып шартарап?а жайылды. Содан кейін ?ана ?з елі Б.Со?па?баевты мойындады. Повесть 1957 жылы жары? к?ріп, жазушыны бірден о?ырманына.танытты.1963 жылы «?аза?фильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, к?ркемфильм етіп шы?арды.

Ал, балалар, сендерді? б?л кітапты о?ы?андары?ды, ?ш?ыр, жылдам ойлай алатындары?ды к?ру ?шін мынандай с?ра?тар ?ой?алы отырмын.

1-с?ра? «?айтсем екен деп біраз ойлап т?рдым да, т?уекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым. ?зге болмаса да, ?уелі о?улы?тары? сай болсын. Мен былай деп ма?алда?ан болар едім: «?ожа ?андай ма?ал айтты?»

Жауабы: «О?улы?ы сай бала – к??ілі жай бала».

2-с?ра?

«М??алімдерді? алды тыс?а шы?ып та ?лгерді. Дымымды ішіме б?гіп, теректі? ді?іне жабысып, ?аттым да ?алдым. Ахметов пен Май?анова о?шауланып, бермен ?арай б?рылды. Екеуі мен т?р?ан теректі? тура т?бінен ?тіп бара жатыр.»

?ожа Май?анова мен мектеп директорынан ?зі ж?нінде ?андай пікір естіді?

Жауабы:

«?адыров т?бінде адам болатын бала», - дейді Май?анова.

«Оты бар», - деп ?остады Ахметов».

Мына сипаттамадан шы?арма кейіпкерлерін ?аншалы?ты д?рыс тани алатындарын тексеріп к?рейік.

3- с?ра?   (екі о?ушы жат?а о?ып, ?ал?андары жауап береді.)

-Б?л кім?

-Мен ?ой, ата

-Мені? кім?

-Мен.

-М?нда не?ып отырсы??

-Педсоветке келдім.

-Онда сені? не шаруа? бар?

-Мен ж?нінде м?селе ?арап жатыр.

-М?селе. ?андай м?селе? Сені м??алім етеміз дей ме?

-Директор етейміз дейді.

Б?л кімдерді? арасында?ы ??гіме?

Жауабы:(?кесіні? к?зін к?рген, мектеп к?зетшісі С?йітбек ?арт пен ?ожаны? ??гімесі).

К?рініс: «?ожаны? Д?улетпен танысуы»

Енді балалар осы повесті барлы?ымыз талдап, шы?арманы? негізгі ойын ашайы?, пікір алмасайы?.

Тал?ыланатын с?ра?тар:

 1.Б.Со?па?баевты? « Мені? атым ?ожа »  повесі  кімдерге  арнал?ан  шы?арма?« Мені? атым ?ожа »  повесі  балала?а  арнал?ан  туынды.?йткені  м?нда  ?арапайым  ауыл  тіршілігі, ?араша  ?аза?  ?ауымыны? к?йбе?і, ауыл  балаларыны? мінез ??ла?тары к?ркем  де, ?арапайым т?рде суреттелген. Б?л шы?арма шын м?ніндегі ?мір жолы табуда т?рбиелік ?лесімен ?ымбат. Сонымен бірге балалы? ша?ты? бал?ын  мезгілдерін к?з алдымыз?а  ?келетін шы?арма бол?анды?тан, ?зімізге ?те жа?ын.

2.Повесті? басты кейіпкері ?ожа ?андай бала ??ожа а?ылды тентек.Ол тентек бол?анымен адамны? жан д?ниесін т?сіне  білетін бала.Мені?  ойымша,?ожаны тентек болуыны? бірінші  себебі ?кесіні? жо?ты?ы.Екіншіден бос ж?рген С?лтан?а еріп жаман ?деттерге жалы?ады. Ол  ?зін-?зі т?зегісі келгенмен оны бос ж?рген С?лта ?зімен бірге алып кетіп отырадшы. Біра? ?ожа ?з тентектігіне есеп бере білетін бала.

Та?ы кім толы?тырады ??ожа туралы айтар болсам, ол тентек бол?анымен, а?ылды а?к??іл.Оны? іс ?рекеттері кездейсо? жа?дайлардан ?рбіп отырады.?ожаны? ой киялы бай. Адам жанын т?сінбейтіндерге ол ?арадай кас.М?нысын бас?алар тентек деп т?сінеді.Біра? оны? бойында жа?сылы? жасау?а ?мтылу, бас?алар?а к?мек ?олын созу сия?ты жа?сы ?асиеттер мол.

3. Повестегі Жанар ?андай о?ушы деп ойлайсы?дар? Ол ?ожа?а  несімен  ?найды?Жанар сыныпта ?здік о?ушы. Ол ?ожаны  а?ылды  тентек деп ба?алайды.Ж?не ішкі жан д?ниесін т?сіне біледі.Екеуі де дойбы ойна?анды ?натады.Жанар ?ожа?а осы  ?алпымен ?найды деп ойлаймыз.

Та?ы да кімні? ойы ба?Жанар ол с?лу, а?ылды, ?н айт?анда даусы жа?сы, сыныпта?ы ?здік о?ушы. Жанар ?ожа?а ?лілігімен, а?ылдылы?ымен ?найды. Жанар мен ?ожаны? арасында балалы? сезім болады. ?ожа ?зі ?ле? шы?ар?анда Ж.-?а арнаймын деп айтады. Б?л с?зді естіген Жанар ?ызарып кетеді. Б?дан біздер ?ожа Жанарды жа?сы к?ретінін т?сінеміз. Жанар да ?ожаны? ішкі сезімін т?сінеді. ?ожаны? тентектіктеріне кешіріммен ?арай біледі. Я?ни ?ожаны? жан д?ниесін т?сіне біледі деп ойлаймын).

4. ?ожаны? ?ателіктерге ?рына беруіні? себебі не??ожа тентек бала, ол ?зін ?аншалы?ты т?зелемін деп жол?а ?ой?анымен,т?зеле алмайды.Б?л оны? ?лсіздікін к?рсетеді.  ?зі сия?ты С?лтан?а  еріп біреуді?  б?ркін, біреуді? тыма?ын,?ымызын алдап ішулері тентектік емес пе? ?зі жа?сы болса ?ожаны ешкім келемеж етпес еді.Ал?ан т?рбиесіне байланысты ?ателіктерді ?дейі жасайды.

Та?ы ?андай себебі болуы м?мкін?Жо?,б?л пікірге келісе алмаймын.?ожа тентек болса да, а?ылды тентек.Оны? ?ателіктерге ?рына беруіні? себебі бос не істерін білмей ж?рген тентек С?лтан?а еруі. Ол барлы? тентіктерін абайсызда істейді. Кейін ?кініп ?з-?зіне ба?а береді.Неге олай істедім деп ?кінеді. Мысалы : жолдама ала алмай ?ал?анда Май?анова апай?а тарсылдатып кіріп бар?аным ж?нсіз болды-ау деп ойлайды. Б?л о?ы? ?з ісіне есеп бере алатын бала екендігін к?рсетеді.

5.Жантас ?андай бала?Жантас  п?ле?ор, ма?танша?,?зімшіл бала.?ожаны сыныбында о?удан шы?арылсын деге жал?ыз сол ?ана.Педке?ес, сынып о?ушылары, я?ни ?ожаны? жолдастары  шешсін деп ?й?арды. Темір баста?ан сынып о?ушылары  ?ожа?а сенім  артып, осы мектепте ?алдырылсын деп шешті.?рине б?л д?рыс шешім. Тек Жандас ?ана мектептен шы?арылсын деді.Б?л жолдасына  к?мек ?олын соза алмайтын, ?ыз?анша?, жаман бала екен ін к?рсетеді. 

6.?ожа Май?анованы не ?шін жек ??реді? Жа?сы к?ретін м??алімі кім??ожа мен Май?анованы? ерегесі, ?ожаны? ?тірік айтып, кезексіз кітап алып  шы?уынан   басталады. ?ырк?йекте саба? бастал?анда Май?анова ?ожа?а «біз екеуміз таныс сия?тымыз»    деп айт?анын, кекеткені деп т?сінеді. Кейін, педке?естен шы??ан Май?анова мен   Ахметовты? ?зі туралы пікірін естігенде, ?зіні? ?ате пікірде екенін т?сінеді.?ожа орыс тілінен саба? беретін Анфиса Михайловнаны жа?сы к?реді. Бірде саба??а кешігіп м??аліммен бірге кіреді. Балалар орындарынан т?рып ??рмет к?рсетіп жатты. «Бір секунд?а кідіріп, м?рнымды к?кке ш?йіріп, ма??аздана ?алдым да, ?олымды кеудеме ?ойып, т?жім еттім. Б?ным балаларды? ??рметіне сыпайыгершілікпен ?айтарыл?ан жауап болды да шы?ты. Балалар ду к?ліп жіберді. Анфиса Михайлавананы? ?ас-?аба?ын а?дама??а, артыма жалт б?рылып ?арап едім. Оны? к?лімсіреген ж?зін к?рдім. «?й, ?адыров, шы?армайтыны? жо?-ау», - дегендей Анфиса Михайловна жымиып, басын шай?ап ?ойды». Осы жолдардан м??алімні? де ?ожаны жа?сы к?ретінін т?сінеміз.?ожа орыс тілінен ыл?и «бестік» ба?а алатын.

    7. ?ожа кімні? т?рбиесінде болды ? Ол мамасын ?аратайда неге            ?ыз?анады ??ожа жастайынан жетім ?ал?асын,?жесіні? т?рбиесінде болды. Ол ?жесін ?ыз?анатын. ?аратай         ?кесіні? орнын басады деп балалы? сезіммен ойлады.Оны? к?к мотоциклін теуіп- теуіп ?тіп,бар ашу  ызасын солай алатын. ?аратайды жек к?рді.Оны к?ргенде « ?лкендерге с?лем бер,с?лем бермеу-к?ргенсіздікті? белгісі» деген с?зі есіне т?сіп,амалсыздан с?лем беретін.
     8.Сол кездегі мектеп ?мірі мен к?зіргі мектеп ?міріні? айырмашылы?ы бар ма?Адам ?мірінде е? ?ызы?ты,е? есте ?аларлы? ша?- мектеп?мірі.Себебі мектептегі барлы? жа?дайларды? б?рі есте ?алады. Оны ешкім де ?мытпайды.?ожа кезіндегі мектеп ?мірі мен к?зіргі мектеп ?міріні? айырмашылы?ына то?талып кететін болсам айырмашылы? ?те к?п.?ожа ?те ?иыншылы? кезде ?мір с?рді.Ал к?зіргі мектепті? ?мірі м?лдем бас?аша.?ожа кезіндегідей кітапты кезекке т?рып сатып алмайсы?.О?имын деген бала?а еш кедергі жо?. О?улы?тар тегін ?лестіріледі.Техникалы? даму?а байланысты комьпютер,телевизор лар шы?ты. К?зір ?лкен о?у орындары,комьпютерлік залдар,кітапханалар ашылды.Алайда осыларды? ішінде ?деби кітаптарды? алар орны ерекше.Кітапты? бізге берер рухани байлы?ы к?п деп ойлаймын.Ол бізді сауаттылы??а,т?рбиелікке,тіл байлы?ымызды дамыту?а,ойлау ж?йемізді?  жетілуіне к?п к?мек береді.Сол сия?ты бізді? кітапханамызда ?деби кітаптар газет,журналдар ?те к?п.Мен ?зімні? достарымды кітап о?у?а ша?ырамын.

9. ?азіргі та?да ?р сыныпта ?ожа, С?лтан сия?ты балалар бар деп ойлайсы?дар ма?Мен ?азіргі кезде С?лтан ж?не ?ожа секілді о?ушылар бар деп ойлаймын. Себебі «бес сауса? бірдей емес» дегендей, б?р бала бірдей болмайды. Бірі т?ртіпті, бірі т?ртіпсіз, бірі саба?ты жа?сы о?иды, бірі нашар о?иды дегендей.Мені?  ?з сыныбымда Арнат есімді бала болды. Ол ?андай тентек болса да ?ожа сия?ты     а?ылды тентек болды.Саба?ын да жа?сы о?итын. Ал тентектіктері ?ожа мен С?лтан?а   ??сайтын. Ал Бекма?амбет деген бала С?лтан?а ??сайтын. Біра? ?азір естимін ол балалар т?зеліп, жа?сы балалар ?атарына ?осылды.

10.?ожа болаша?та жа?сы азамат болады деп есептейсіздер ме?Мен ?ожаны  жа?алы??а жаны ??мар,к?пшіл,?зіл оспа??а батыл.Бірбеткей,біреуді? алдында б?гежектемейді.Анасына к??ілі бар ?аратайды жек к?реді.С?лтанны? жа?сы жолдас емес екенін т?сінеді.Ол анасын сыйлайды.Педке?еске анасын ша?ыр?анда, Бай??с мамам деп ?з ісіне ?атты к?йзеледі. ?кем тірі болса, мен б?дан г?рі бас?ара? болар едім,-деп ?иял?а беріледі, ?жесіне еркелейді. ?кесіні? к?зін к?рген Сейтбек ?артты? ??гімесі де ?ожа?а ой салады. Ол ?з ісіне есеп бере біледі. Ол ?зіне жиналыс жасап, т?зелуге у?де береді.Сонды?тан мен ойлаймын,?ожа болаша?та жа?сы азамат болды.

« Мені? атым ?ожа» киносынан ?зінді к?ріністі тамашалайы?

?орытынды: О?ушылар, біз б?гін сендермен бірге балалар ?дебиетіні? классигі  Бердібек    Со?па?баев атамызды? ?мірі мен шы?армашылы?ымен танысты?. Бердібек Со?па?баевты? балалар?а арнап жаз?ан шы?армалары к?п. Б?л шы?арманы? басты ма?саты-жа?сылы??а т?рбиелеу. ?ожа?а еліктеген  ?аншама бала ?дебиетке жа?ын болып, кітап та жаз?андары бар. Сонды?тан оны? шы?армаларын іздеп о?итындар ?атары алда?ы к?ндері де к?бейе т?седі деп ойлаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?дебиетке балалы?ты ?келген" о?ырмандар конферециясы »

« Менің атым Қожа»

Мақсаты:Қазақ балалар әдебиетінің класcигі Бердібек Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып,оқушының кітап оқуға денген қызығушылығын дамыту.Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту.Елжандылыққа тәрбиелеу .

Түрі: Оқырмандар конференциясы .

Көрнекілігі: жазушының суреті ,«Балалар жазушысы Б.Соқпақбаев -90 жаста» кітап көрмесі, слайд,цитаттар.

Жоспар.

1.Кіріспе сөз

2 . Кітап ой сананың қозғаушы күші

3.Жазушы келбеті

4.Көркем шығарма ізімен

5.Көрініс «Қожа мен Дәулеттің танысуы»

6.Қорытынды

Кітап-адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал.Кітап-біздін ақылшымыз,сырласымыз, досымыз.Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қапілеттерін арттырады. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге », деген Абай атамыз кітап атты құдіреттің ғажайып үшін бойына жинап, өмірлік азық етпек деп еді? Бүгінгі күні теледиар, компьютер интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудын сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып,оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 90- жылдығына «Менің атым Қожа» повесі бойынша оқырмандар конференциясын 6 -сынып оқушылар арасында өткізгелі отырмыз.

Енді осы конференциямызды бастаймыз

«Жазушы келбеті»

Белгілі жазушы Б. Соқпақбаев 1924 ж 15 қазанда Алматы облысы,Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниге келген.1949 жҚазақтың Абай атындағы педогогикалық институтын бітіріп,туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.1952-1970жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында,Қазақстан Жазушылар Одағында түрлі қызметтер атқарды.Өзінің шығармашылық өмір жолын балаларға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды.Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше кино сценарий,пьесалар жазды.Алғаншқы кітабы 1950жылы «Пионер» журналында «Бұлақ» атты өлендер жинағымен жарық көрді. Кейін Қасым Аманжолов «қаламыңды енді прозадан сынап көрші» деп жанашырлықпен жол көрсеткен.Содан кейін жазушылыққа шындап ден қойып , «Бақыт жолы» ( 1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалық шаққа саяхат » (1953), «Дала жұлдызы 1963, «Аяжан »1965, «Жолда» 1955 , «Өлгендер қайтып келмейді», 1- том1967, 2- томы 1974 ж « Қайдасың Гауһар» 1966 шығармалары дүниеге әкелді.Жазушы шығамаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа»повесі болды.Бұл-қарапайым тілмен жазылған,шындықтан туындаған шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады.Өзінің бар болмысын, жамандығын да, жақсылығын да жасырмай жазады.Сол жасырмай жазғанының арқасында оқырманның ыстық ықыласыны бөленеді. Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен қолдау таба алмады. «Кеңестік дәуірге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті.Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан.Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москва дан шығатын «Деткая литература» баспвсына апарып берді.Cөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың Қожасы оқырман қызығушылығын туғызды.Одан кейін екіші болып фрацуздар өз тілдеріне аударды.. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды. Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына.танытты.1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды.

Ал, балалар, сендердің бұл кітапты оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін мынандай сұрақтар қойғалы отырмын.

1-сұрақ «Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым... Өзге болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: «Қожа қандай мақал айтты?»

Жауабы: «Оқулығы сай бала – көңілі жай бала».

2-сұрақ

«Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр...»

Қожа Майқанова мен мектеп директорынан өзі жөнінде қандай пікір естіді?

Жауабы:

«Қадыров түбінде адам болатын бала», - дейді Майқанова.

«Оты бар», - деп қостады Ахметов».

Мына сипаттамадан шығарма кейіпкерлерін қаншалықты дұрыс тани алатындарын тексеріп көрейік.

3- сұрақ (екі оқушы жатқа оқып, қалғандары жауап береді.)

-Бұл кім?

-Мен ғой, ата

-Менің кім?

-Мен...

-Мұнда неғып отырсың?

-Педсоветке келдім.

-Онда сенің не шаруаң бар?

-Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.

-Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?

-Директор етейміз дейді.

Бұл кімдердің арасындағы әңгіме?

Жауабы:(Әкесінің көзін көрген, мектеп күзетшісі Сәйітбек қарт пен Қожаның әңгімесі).

Көрініс: «Қожаның Дәулетпен танысуы»

Сұлтан: -Ей, атың кім сенің, - деп сұрады Сұлтан.

Дәулет: -Дәулет.

Сұлтан: -Атың әдемі екен. Дәулет деген тамаша ат. Менің ағайымның аты да Дәулет.

-Дәулеті мол, дастарханы бай, алақаны кең болсын деп қойған ғой. Ей, Дәулет, біз асығып отырмыз. Сен бізге бір-бір кеседен қымыз бер.

Даулет: -Апам ұрсады. Оны ауылға беріп жібереміз деген.

Сұлтан: -Нені?

Даулет: -Жүктің астындағы қымызды.

Сұлтан: -Жұмекең өзі айтты ғой, бір-бір кесе құйып ішіндер деп. Әкел, кесе әкелші.

Даулет :- Апам ұрсады...

Сұлтан : -Ұрыспайды, біз саған ақша төлейміз. (Сұлтан қалтасынан қобыратып, бірнеше бір сомдық сарықұлақтарды суырып алды).

Қожа: -Иә, төлейміз, - дедім Сұлтанды қоштап.

Дәулет: -Мамам кеп қалса, қайтем (Бұл Дәулеттің көнгені еді)

Сұлтан : -Келмейді, - деп Сұлтан орнынан ұшып түрегелді.

-Қай жақтан келуші еді. Мынау киіздің жыртығынан бақылап тұрсын. - Сұлтан мені нұсқады, Екеуміз тездетіп құйып жіберейік.

Дәулет: -Әуелі ақша бер. Дәулет қолын созды.

Сұлтан :-Мә, деп, Сұлтекең Дәулетке бір сомды ұстата берді.

Дәулет: -Мынау жыртық, ескі ақша ғой.

Сұлтан: -Ендеше мынаны ал, мә, - деп Сұлтан оның қолындағы шытырлаған су жаңа бір сомдыққа айырбастап берді. Ақшаның сиқыр күші Дәулеттің шырайын күрт өзгертті.

(Сұлтекеңнің қимылына көз ілеспейді. Жүктің астындағы месті дереу суырып алып, аузын шешіп жатыр. Дәулет өрешенің ішінен кішірек кастрюльді алып шықты).

Сұлтан: -Кәне, тос.

(Сұлтекең сар еткізіп құя салды).

Дәулет :-Көп боп кетті! – деп шыж ете қалды.

Сұлтан: -Ештеңе етпейді.

Дәулет: -Тағы бір сом бер, - деп, қолын созды.

Сұлтан :-Не үшін.

Дәулет: -Сендер екі кісі емес, көп іштіңдер ғой.

Сұлтан: -Өй, жолын болғыр, - деп кейіді Сұлтан, - біз оны ішейік деп іштік пе. Мамаң кеп қалса, сені құртады екен деп, саған жанымыз ашыған соң іштік қой. Бекер ішкен екем. Қарнымды сыздатып кетті.

-Сен, онан да бізге жейтін бірдеңе бер. Қымыз ішімізді ашыта бастады, - деді Сұлтан.

Дәулет : -Нан жейсіңдер ме? (Саудадан пайда тауып қалған Дәулет)

Сұлтан: -Әкеле бер. Май бар ма? Оны да әкел. Мына біреу піскен омыртқа ма?

Дәулет: -Тамаққа да ақша төлеңдер, - деп, ескертті.

Сұлтан :- Жарайды, төлейміз, - дейді Сұлтан.

Дәулет: -Қазір төле. (Сұлтан Дәулетке тағы бір сом берді).

Сұлтан :- -Ал кеттік.

(Дәулет менің алдымнан тосқауылдай қалды):

Дәулет: -Бәкінің керегі жоқ па?

Қожа: -Қане, қандай бәкі, - дедім мен (ұнатпадым да басымды шайқадым).

Дәулет: -Белбеу керек емес пе?

Қожа: -Қайсы?

-Өзің қайтесің? Шалбарың түсіп кетпей ме?

Дәулет: -Түспейді. Қайыспен байлап алам.

Қожа: -Керегі жоқ, хош бол.

Дәулет: -Хош болыңдар.

-Енді балалар осы повесті барлығымыз талдап, шығарманың негізгі ойын ашайық, пікір алмасайық.

Талқыланатын сұрақтар:

1.Б.Соқпақбаевтың « Менің атым Қожа » повесі кімдерге арналған шығарма?

« Менің атым Қожа » повесі балалаға арналған туынды.Өйткені мұнда қарапайым ауыл тіршілігі, қараша қазақ қауымының күйбеңі, ауыл балаларының мінез құлақтары көркем де, қарапайым түрде суреттелген. Бұл шығарма шын мәніндегі өмір жолы табуда тәрбиелік үлесімен қымбат. Сонымен бірге балалық шақтың балғын мезгілдерін көз алдымызға әкелетін шығарма болғандықтан, өзімізге өте жақын.

2.Повестің басты кейіпкері Қожа қандай бала ?

Қожа ақылды тентек.Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала.Менің ойымша,Қожаны тентек болуының бірінші себебі әкесінің жоқтығы.Екіншіден бос жүрген Сұлтанға еріп жаман әдеттерге жалығады. Ол өзін-өзі түзегісі келгенмен оны бос жүрген Сұлта өзімен бірге алып кетіп отырадшы. Бірақ Қожа өз тентектігіне есеп бере білетін бала.

Тағы кім толықтырады ?

Қожа туралы айтар болсам, ол тентек болғанымен , ақылды ақкөңіл.Оның іс әрекеттері кездейсоқ жағдайлардан өрбіп отырады.Қожаның ой киялы бай. Адам жанын түсінбейтіндерге ол қарадай кас.Мұнысын басқалар тентек деп түсінеді.Бірақ оның бойында жақсылық жасауға ұмтылу, басқаларға көмек қолын созу сияқты жақсы қасиеттер мол.

3. Повестегі Жанар қандай оқушы деп ойлайсыңдар? Ол Қожаға несімен үнайды?

Жанар сыныпта үздік оқушы. Ол Қожаны ақылды тентек деп бағалайды.Және ішкі жан дүниесін түсіне біледі.Екеуі де дойбы ойнағанды ұнатады.Жанар Қожаға осы қалпымен ұнайды деп ойлаймыз.

Тағы да кімнің ойы бар?

(Жанар ол сұлу, ақылды, ән айтқанда даусы жақсы, сыныптағы үздік оқушы. Жанар Қожаға үлілігімен, ақылдылығымен ұнайды. Жанар мен Қожаның арасында балалық сезім болады. Қожа өзі өлең шығарғанда Ж.-ға арнаймын деп айтады. Бұл сөзді естіген Жанар қызарып кетеді. Бұдан біздер Қожа Жанарды жақсы көретінін түсінеміз. Жанар да Қожаның ішкі сезімін түсінеді. Қожаның тентектіктеріне кешіріммен қарай біледі. Яғни Қожаның жан дүниесін түсіне біледі деп ойлаймын).

4. Қожаның қателіктерге ұрына беруінің себебі не?

Қожа тентек бала, ол өзін қаншалықты түзелемін деп жолға қойғанымен,түзеле алмайды.Бұл оның әлсіздікін көрсетеді. Өзі сияқты Сұлтанға еріп біреудің бөркін, біреудің тымағын,қымызын алдап ішулері тентектік емес пе? Өзі жақсы болса Қожаны ешкім келемеж етпес еді.Алған тәрбиесіне байланысты қателіктерді әдейі жасайды.

Тағы қандай себебі болуы мүмкін?

Жоқ ,бұл пікірге келісе алмаймын.Қожа тентек болса да, ақылды тентек.Оның қателіктерге ұрына беруінің себебі бос не істерін білмей жүрген тентек Сұлтанға еруі. Ол барлық тентіктерін абайсызда істейді. Кейін өкініп өз-өзіне баға береді.Неге олай істедім деп өкінеді. Мысалы : жолдама ала алмай қалғанда Майқанова апайға тарсылдатып кіріп барғаным жөнсіз болды-ау деп ойлайды. Бұл оңың өз ісіне есеп бере алатын бала екендігін көрсетеді.

5.Жантас қандай бала?

Жантас пәлеқор, мақтаншақ ,өзімшіл бала .Қожаны сыныбында оқудан шығарылсын деге жалғыз сол ғана.Педкеңес, сынып оқушылары, яғни Қожаның жолдастары шешсін деп ұйғарды. Темір бастаған сынып оқушылары Қожаға сенім артып, осы мектепте қалдырылсын деп шешті.Әрине бұл дұрыс шешім. Тек Жандас қана мектептен шығарылсын деді.Бұл жолдасына көмек қолын соза алмайтын , қызғаншақ, жаман бала екен ін көрсетеді.

6.Қожа Майқанованы не үшін жек қөреді? Жақсы көретін мұғалімі кім?

Қожа мен Майқанованың ерегесі, Қожаның өтірік айтып, кезексіз кітап алып шығуынан басталады. Қыркүйекте сабақ басталғанда Майқанова Қожаға «біз екеуміз таныс сияқтымыз» деп айтқанын, кекеткені деп түсінеді. Кейін, педкеңестен шыққан Майқанова мен Ахметовтың өзі туралы пікірін естігенде, өзінің қате пікірде екенін түсінеді.Қожа орыс тілінен сабақ беретін Анфиса Михайловнаны жақсы көреді. Бірде сабаққа кешігіп мұғаліммен бірге кіреді. Балалар орындарынан тұрып құрмет көрсетіп жатты. «Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Бұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді. Анфиса Михайлавананың қас-қабағын аңдамаққа, артыма жалт бұрылып қарап едім. Оның күлімсіреген жүзін көрдім. «Әй, Қадыров, шығармайтының жоқ-ау», - дегендей Анфиса Михайловна жымиып, басын шайқап қойды». Осы жолдардан мұғалімнің де Қожаны жақсы көретінін түсінеміз.Қожа орыс тілінен ылғи «бестік» баға алатын.

7. Қожа кімнің тәрбиесінде болды ? Ол мамасын Қаратайда неге қызғанады ?

Қожа жастайынан жетім қалғасын,әжесінің тәрбиесінде болды. Ол әжесін қызғанатын. Қаратай әкесінің орнын басады деп балалық сезіммен ойлады.Оның көк мотоциклін теуіп- теуіп өтіп,бар ашу ызасын солай алатын. Қаратайды жек көрді.Оны көргенде « Үлкендерге сәлем бер,сәлем бермеу-көргенсіздіктің белгісі» деген сөзі есіне түсіп,амалсыздан сәлем беретін.
8.Сол кездегі мектеп өмірі мен кәзіргі мектеп өмірінің айырмашылығы бар ма?

Адам өмірінде ең қызықты ,ең есте қаларлық шақ- мектепөмірі.Себебі мектептегі барлық жағдайлардың бәрі есте қалады. Оны ешкім де ұмытпайды.Қожа кезіндегі мектеп өмірі мен кәзіргі мектеп өмірінің айырмашылығына тоқталып кететін болсам ,айырмашылық өте көп.Қожа өте қиыншылық кезде өмір сүрді.Ал кәзіргі мектептің өмірі мүлдем басқаша.Қожа кезіндегідей кітапты кезекке тұрып сатып алмайсың.Оқимын деген балаға еш кедергі жоқ.Оқулықтар тегін үлестіріледі.Техникалық дамуға байланысты комьпютер,телевизор лар шықты. Кәзір үлкен оқу орындары ,комьпютерлік залдар,кітапханалар ашылды.Алайда осылардың ішінде әдеби кітаптардың алар орны ерекше.Кітаптың бізге берер рухани байлығы көп деп ойлаймын.Ол бізді сауаттылыққа ,тәрбиелікке ,тіл байлығымызды дамытуға,ойлау жүйеміздің жетілуіне көп көмек береді.Сол сияқты біздің кітапханамызда әдеби кітаптар газет,журналдар өте көп.Мен өзімнің достарымды кітап оқуға шақырамын.

9. Қазіргі таңда әр сыныпта Қожа, Сұлтан сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма?

Мен қазіргі кезде Сұлтан және Қожа секілді оқушылар бар деп ойлаймын. Себебі «бес саусақ бірдей емес» дегендей, бәр бала бірдей болмайды. Бірі тәртіпті, бірі тәртіпсіз, бірі сабақты жақсы оқиды, бірі нашар оқиды дегендей.Менің өз сыныбымда Арнат есімді бала болды. Ол қандай тентек болса да Қожа сияқты ақылды тентек болды.Сабағын да жақсы оқитын. Ал тентектіктері Қожа мен Сұлтанға ұқсайтын. Ал Бекмағамбет деген бала Сұлтанға ұқсайтын. Бірақ қазір естимін ол балалар түзеліп, жақсы балалар қатарына қосылды.

10.Қожа болашақта жақсы азамат болады деп есептейсіздер ме?

Мен Қожаны жаңалыққа жаны құмар ,көпшіл,әзіл оспаққа батыл.Бірбеткей ,біреудің алдында бүгежектемейді.Анасына көңілі бар Қаратайды жек көреді.Сұлтанның жақсы жолдас емес екенін түсінеді.Ол анасын сыйлайды.Педкеңеске анасын шақырғанда, Байғұс мамам деп өз ісіне қатты күйзеледі. Әкем тірі болса, мен бұдан гөрі басқарақ болар едім ,-деп қиялға беріледі, әжесіне еркелейді. Әкесінің көзін көрген Сейтбек қарттың әңгімесі де Қожаға ой салады. Ол өз ісіне есеп бере біледі. Ол өзіне жиналыс жасап, түзелуге уәде береді.Сондықтан мен ойлаймын,Қожа болашақта жақсы азамат болды.

« Менің атым Қожа» киносынан үзінді көріністі тамашалайық

«Бердібек атаға арнау» өлеңін тыңдайық.

Қорытынды: Оқушылар, біз бүгін сендермен бірге балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев атамыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Бердібек Соқпақбаевтың балаларға арнап жазған шығармалары көп. Бұл шығарманың басты мақсаты-жақсылыққа тәрбиелеу. Қожаға еліктеген қаншама бала әдебиетке жақын болып, кітап та жазғандары бар. Сондықтан оның шығармаларын іздеп оқитындар қатары алдағы күндері де көбейе түседі деп ойлаймыз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"?дебиетке балалы?ты ?келген" о?ырмандар конферециясы

Автор: Бахтыгереева Сания Байбозовна

Дата: 13.03.2015

Номер свидетельства: 185692


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства