Ұйымдастырушылық - ізденістік | Тәрбиеші Алматы қаласының суретін көрсетіп: -Бұл қай қала?-деп сұрайды. -Ал мынау қай қала? -Бүгінгі оқу іс-әрекеті қандай тақырыпқа арналады деп ойлайсыңдар? -Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз еліміздің ірі қалалары туралы болмақ. Билингвальды компонет. Ірі қала- большой город, көмір-уголь. Қазақстан картасын көрсету. -Біз бүгін Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз. Саяхатқа немен шығуға болады? -Сендер өздеріңді автобуста отырмыз деп ойлаңдар. «Жүргізушінің» кім болатынын анықтап алайық. Жүргізуші автобустың қай жерінде отырады? -Балалар, біз бір қалаға келдік. Қай қала екенін айта аласыңдар ма? (Суреті көрсетіледі). -Мынау не? -Мұнараны неге ұқсатуға болады? -Мұнарада тағы не бар? -Қалай ойлайсыңдар, айтқан тілектер орындала ма? -Сендер көз алдарыңа сол тілек тасын елестетіп, жақсы тілектеріңді айтыңдар. Балалар картадан Астана қаласын белгілейді. -Алматы қаласы туралы не айта аласыңдар? -Қарағанды қаласы – Қарағанды облысының орталығы. Қарағанды облысында қыстық отын – көмір өндіріледі. Көмірді жердің астынан, шахтадан қазып алады. Көмір өндірушілерді шахтерлер деп атайды. Демонстрациялық материалдағы сурет бойынша жұмыс. Тәрбиешінің әңгімесі: -Мына фотосуреттерде Қазақстанның әртүрлі қалалары, ауылдары бейнеленген. Олардың барлығы өздерінше әдемі, өздерінше қызықты. Осы сурет бойынша туған еліміздің табиғатын суретте. Өзің тұратын жердің табиғаты туралы әңгімелеңдер. Сергіту сәті: Алматым тұрсың мөлдіреп, Сүйемін сені елжіреп! Астана – айбарлы тірек, Тұр соғып, болып жүрек! Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізу. |
-Алматы қаласы туралы. -Астана қаласы туралы. -Қалалар туралы болады. -Автобуспен, пойызбен, ұшақпен, машинамен. Балалар жүргізуші ретінде алдыңғы жақта отырған балалардың біреуін сайлайды. «Жүргізуші» рульді айналдырып, балалар автобуста келе жатқандай болады. Балалар суреттен Астана қаласының көрнекі жерлерін көріп, атап, еліміздің бас қаласы- Астанаға келгенін айтады. -Бәйтерек мұнарасы. -Балалар өз ойларын жеткізеді: «Шар ұстап тұрған алақанға, биік бәйтерек ағашқа ұқсатуға болады». -Қолыңды қойып, тілек айтатын «Тілек тасы» бар. -Жақсы тілектердің бәрі орындауға тиіс. Балалар қолдарын үстелдің үстіне қойып, әртүрлі тілектер айтады. Бір бала тәрбиешінің көмегімен картадан Астана қаласын тауып, «Бәйтерек» мұнарасын жапсырып белгілейді. -Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Қалада көрікті, әсем жерлер өте көп. Алматы қаласы – жасыл желекке малынған әсем қала. Қаланың алма бақтарында әлемге әйгілі апорт алмасы өсіріледі. Шахтерлер қаласы – Қарағанды екенін табады.
Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Жеке жұмыс. |
Рефлекциялық – түзетушілік | Балаларға «саяхаттары» аяқталғаны айтады. Оқу іс-әрекетін қорытындылап, Қазақстан жұлдыздарының орындауындағы «Туған өлкем» әнін үнтаспадан тыңдау. | Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін айтып, еліміздің басты қалаларымен танысқандарын, ол қалаға өздері саяхаттап барған жерлерін ортаға салады. |