Просмотр содержимого документа
«Батыс ?аза?стан ?алалары, ауылды? елді мекендері »
Тақырыбы:Батыс Қазақстан қалалары, ауылдық елді мекендері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Батыс Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы, халқы, көлік жүйесі,қалалары ауылдық елді мекендері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже:Батыс Қазақстан экономикалық ауданымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын дайындатып,зейіндерін сабаққа аударту.
2.Сыныпты әр түрлі түстерді таңдату арқылы 3-топқа бөлу.
1.Сергіту сәті.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Картаны танып білуге
Жер шарын шарлап барамыз,-деп бүгінгі сабағымызды бастайық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге сұрақтары»
1. Батыс Қазақстанаумағы қандай табиғат ресурстарына бай?
2.Батыс Қазақстанның халқы.
3.Халықтың көбі қайда жұмыс істейді?
4.Батыс Қазақстан ауданының негізгі маманданған саласы қандай?
5.Батыс Қазақстанның өнеркәсібі.
6.Химия өнеркәсібі,машина жасау өнеркәсібі,ауыл шаруашылығы,тамақ өнеркәсібі
III.Жаңа сабақтың барысы:
Электронды оқулықтан Батыс Қазақстан қалаларының суреттерін көрсету.
1.Білу кезеңі. «Жұптасып ойлан,бөліс»
I топқа тапсырма.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-географиялық жағдайы және табиғат жағдайлары.
II топқа тапсырма
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының табиғат ресурстары
III топқа тапсырма
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының халқы.
Мұғалім топтарға мәтінді оқып шығуға 5минут уақыт береді. Оқушылар өздерінің жауаптарын сыныппен бөліседі.
2.Қолдану кезеңі
I топ. Маңғыстау мұнайының артықшылығы неде?(мұнай құрамында күкірт жоқ,қарамайы аз,бірақ,парафині көп.)
II топ. Ембі мұнайының артықшылығы неде?(күкірті мен парафині аз,технологиялық сапасы жоғары,жанармайы жоғары бағаланады)
III топ.Қазақстанның алғашқы мұнай өңдеу зауыты қайда орналасқан.(Атырау мұнай өңдеу зауыты,Батыс Қазақстан экономикалық ауданында)
3.Кестемен жұмыс.
Батыс Қазақстан қалаларын салыстыр. Мәліметтерді кестеге жаз:
Қалалары
Ірі кәсіпорындары
Дайын өнім
1.Атырау
2.Ақтау
3.Орал
4.Ақтөбе
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары?
2. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?
3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?
4. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының көлік жүйесі?
5. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ел экономикасындағы орны?
V.Қорытындылау.
Батыс Қазақстан шаруашылығы
Аумағы:736,1 мың км2
Халқы:2084,4 мың адам
Халық тығыздығы: 1км2-2,9 адам
Маманданған салалары: Мұнай-газ химиясы, балық өңдеу, етті-жүнді қой.
Өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
Көлік жүйесі
Темір жол:
Атыраудан Астраханьға,
Маңғыстау түбегінен Әму-
дария сағасына қарай темір
жол тартылған.
Автомобиль жолы:
Ауданның ішкі экономикалық
байланысында маңызы зор.
Құбыр жолы:
а) Ақтау-Атырау-Самара.
ә) Орталық Азия-Орталық.
б) Орталық Азия-Орал.
в) Қарашы-ғанақ-Орынбор.
Мал шаруашылығы:
Ауыл шаруашылығының жетекші саласы.
Қылшық жүнді еділ-бай, қаракөл қойы, етті-сүтті ірі
қара солтүстігінде, соныменқатар ертеден жылқы және
түйе өсіріледі.
Егіншілік:
Жаздық бидай, тары, күздікқара бидай, қызылша, күнбағыс өсіріледі.
Мұнай-газ химиясы:
Ембі алабы мен Маңғыстау
түбегінде мұнай мен газды өндіру.
Атырауда мұнай өңдеу, полиэти-лен өндіру.Жаңаөзен мен Теңізде газ өңдеу дамыған. Ақтауда плас-тмасса шығарылады.Кемпірсай алабы қара металлургияныңор-талығы.Ақтөбеде ферроқорытпа
зауыты орналасқан.
Машина жасау кешені:
Атырауда машина жасау зауы-ты. Ақтөбеде рентген аппара-
турасы. Оралда механикалық арматура, аспап, құрылыс-мон-таж құралдар жасайтын, кеме жөндейтін зауыттар орналасқан.
Химия өнеркәсібі:
Атырауда полиэтилен. Ақтөбеде хром қоспалары, химия зауыты жұмыс істейді.