Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Технологиялық карта
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Көркем әдебиет. Драма»
Тақырыбы: Қазақстанның жер байлығы
Мақсаты: Қазақстан Республикасының жер көлемі туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың
қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап және ойын
Көрнекі –құралдар: Қазақстанның картасы, рәміздері,қалалардың суреттері, бидай, тары, ұн, қант –жер байлықтарын
өзін көрсету, мұнай мұнарасы суреті.
Сөздік жұмыс: Кең байтақ, құнарлы, мұнара, көмір, қалалар аттарына тоқталу.
Билингвальдық компонент: Қала-город-city, көше-улица-Street
Сабақ
кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
+
-
І Ұйымдастыру
ІІ Дидак-лық ойын
ІІІ Негізгі бөлім
ІІІ Сергіту сәті
ІV Қорытынды
«Жақсы» деген ширату ойынымен бастайық.
- Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелеу)
Жақсы
- Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелеу)
Жақсы
- Достарыңмен жүрген жақсы ма? (бір адым адымдайды)
- Туған өлкеде жақсы ма? Жақсы
- Қазақстандық болған жақсы ма? Жақсы
Қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал, Қазақстандық деп кімді айтуға болады? Бұл біз, мына отырған сендерсіңдер. Себебі біз
- Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Тәуелсіз, егеменді ел.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? - Кең байтақ Қазақстанның астанасы қай қала? - Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар?
- Сендердің ата –әжелерің қай қалада тұрады?
«Қала аттары» деген ойын ойнаймыз. Мен допты бір балаға лақтырамын, ол бала Қазақстанның бір қаласын айтады.
Бүгін біз балалар Қазақстанның жерінен өндірілетін байлық түрлерімен танысамыз. Осы байлық қазыналарымыздың қай қаладан шығатынын білу үшін, мына «Қазақстан картасына» назар аударайық.
Мынау балалар, қазақстанның картасы деп аталады. Мұнда көптеген қалалар көрсетілген. Қазақстан жері әсем, әдемі, жер көлемі үлкен, халықтары өте тату тұрады. Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік. – Біздің тұрып жатқан қала қалай аталады? (картадан көрсетіп тұру) - Осы Қазақстанның картасына қарап отырып, үлкен мемлекет екенін білдік. Көрдіңдер ме, балалар әр қаланың өз жерінен шығатын байлығы бар екен.
«Табиғатпен сырласу» атты сергіту сәтін жасаймыз. Орнымыздан тұрып, көз алдымызға туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетеміз. Алдымызда мөп –мөлдір ағып жатқан сулар, гүлер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ, алдымыздан «Бұлақ» кездесті. Сол бұлақтан су ішеміз.Ол үшін алға иілу, аламыз, ішеміз, рахат-ай!
«Алма ағашы» кездесті. Сол ағаштан алманы алып жейміз. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі, алу, қырт етіп тістеу, тәттісін –ай! «Раушан» гүліне кездестік. Алға иілу, аламыз, иіскейміз, қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз. - Балалар көрдіңдер ме? Осыдан мынадай қорытындыға келдік. Бұлақ –денсаулық, Алма –рухани байлық, Гүл –бақыт құсын сыйлайды –деп ойынымызды аяқтаймыз.
Балаларға сұрақ –жауап: Кім қане, қай қалаға, ата –әжесіне немесе туған –туыстарыңа бардыңдар? Онда не көрдіңдер, қайда бардыңдар, табиғаты қандай екен? Бір бала шығып, өзінің қай қалаға барғанын картадан көрсетеді, сол қала туралы әңгімелеп береді. Сол қалаға белгі қояды –жұлдызша немесе жалау. 2 -3 баладан сұралады. -Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Соның жауабын тапсаңдар, Қарағандының байлығын табасыңдар.
Баласымын даланың
Туғаннан датсыз қарамын
Қыс келсе үйді жылытып
Пештен –пешке жанамын. Ол не?
- Жұмбақтың шешуін тапқан бала, көмір суретін алып картаға қаланың тұсына қояды. Алтын, сары тоны бар
Қауызында дәні бар - Қостанайдың тұсына қояды.
Күнді сүйемін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп мол өнім
Ала жаздай су іштім –Қызылорда тұсына қояды.
- Жұмбақты жақсы шештіңдер. Біз сабақтың басынан бастап Қазақстанның қалалары, қазба байлықтары, картасы туралы айтып жатырмыз. Енді қазір біз, ұжымдық жұмыс қазақстанның картасын түрлі –түсті қағаздан құрастырамыз. Балалар үш топқа, үш үстелге бөлінеді. Үстел үстінде түрлі –түсті қағаздан қалалар суреті қиылған. Балалар қазақстанның картасына қарап отырып, ватман қағазға жапсырады. Тәрбиеші түсіндіріп тұрады: Ортасына Павлодар қаласын жапсырамыз, Павлодардың астыңғы сол жағына Астана қаласы, Павлодардың астына Алматы қаласы, сол жақ төменгі жағына атырау қаласын жапсырамыз деп математикамен байланыстыру. Болған топтың балалары картаны көтеріп көрсетеді. Қандай қалаларды құрастырғанын айтады.
Балалар, сендер көп нәрсе үйрендіңдер.Қазақстанның жер байлығымен таныс болдыңдар. Мұның бәрін біз қайдан аламыз? Сондықтан жерді қорғап, аялай білуіміз керек.
алақандарын соғады)
(алақандарын соғады)
(құшақтарын жаяды)
( бас бармақтарын көрсетеді)
(елтаңба, әнұран, туымыз)
Астана
Павлодар қаласында
Картаға назар аударып мұқият тыңдайды
Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындайды
(көмір)
(күріш)
(бидай)
(жерден аламыз)
Күтілетін нәтиже:
Нені білу к/к
Қазақстан жерін картадан көрсету
Нені игереді:
Қазақстан қалаларын атауды
Нені біледі:
Қазақстан астанасы Астана қаласы
Предмет: Дошкольное образование
Категория: Уроки
Целевая
аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт