Просмотр содержимого документа
««Таным» «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»»
№46 «Балбұлақ балабақшасы»
« Бекітемін»
Әдіскер__________ Имангалиева А.Т.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:«Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»
Тақырыбы:«3-ке дейінгі санау. 1,2, және 3 сандары мен цифрларының арақатынасын белгілеу»
(Естиярлар тобы)
Орындаған: Қалдыбаева Ж.
Күні: 15.12.15.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»
Тақырыбы: «3-ке дейінгі санау. 1,2, және 3 сандары мен цифрларының арақатынасын белгілеу»
Мақсаты: 3-ке дейін санауды үйретуді жалғастыру, сан есімдерді ретімен атап , оларды жіктеу. 1, 2 және 3 цифрлары туралы білімдерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауға жаттығу.
Көрнекі құралдар: көжектер, сәбіздер, көбелектер, қуыршақтар, үш жолақты карточкалар, кеңістікке байланысты суреттер.
Үлестірмелі материалдар: сандар таңбасы, кеңістікке байланысты суреттер.
Сабақтың барысы: Балалар шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Қолды көкке созайық,
Азайтайық, қосайық.
Сан есептің сарайын,
Бірге, қане санайық. Тәрбиеші: балалар бүгін бізде математика сабағы болады. Математика сабағында сандармен танысамыз. -Тақтаға қарайықшы неше сан бар? -Балалар сандарды санайықшы. Балалардың жауабы: 1,2,3,4. -Балалар тақтада қандай пішіндер бар? Балалардың жауабы: үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш. -Балалар пішіндердің түстері қандай? Балалардың жауабы: жасыл, қызыл, көк, сары. -Балалар бүгін бізге ертегілер елінен қонақтар келіпті. Оң жағымызға , есік жаққа қарайықшы. Олар нелер? Балалардың жауабы: қуыршақтар.
-Бізге қонаққа қанша қуыршақ келіпті? Санайықшы Аянат: 1,2,3, барлығы 3 қуыршақ. Дидактикалық ойын: « Не қайда орналасқан?» Шарты: Берілген сурет бойынша Аянның оң жағында, сол жағында, алдында, артында қандай ойыншық орналасқанын атап айтуға жаттықтыру. Тәрбиеші: балалар енді сергіту жаттығуын орындаймыз. Сергіту жаттығуы: Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған Мынау басым ақылды Барлық істі басқарған Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған. Қорытынды: Тәрбиеші: балалар сабаққа өте жақсы атсалыстыңдар жарайсыңдар. Өз ойларыңды жақсы айта білдіңдер. Күтілетін нәтиже:Болуы керек: сандарды санап білуі керек Білуі керек: сұраққа жауап беру керек Баланың қолынан келуі: өз ойларын еркін жеткізе білуі керек.
№46 «Балбұлақ балабақшасы»
Бекітемін:
__________ әдіскер
А.Т.Имангалиева
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:«Тіл дамыту»
Тақырыбы:«Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр»
(Естиярлар тобы)
Күні: 12.12.16.
Жас тобы: Ортаңғы
Машықкер:Қалдыбаева Ж.Ж.
Оқу тобы: МДБ-43
Бағасы:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Әйгерім дастарқанды әзірлеп жатыр»
Мақсаты: Жұрнақ жалғану арқылы туындаған жаңа сөздерді көрсету (қант салғыш, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, шәйнек, сүт құйғыш). Балаларды сөздерді септіктермен түрлендіре білуге үйретуді жалғастыру. Балаларды жай сөйлем құрылымын еркін ұғына білуге және жай сөйлемнен күрделі сөйлемді құрастыруға үйрету.
Көрнекіліктері: қуыршақ , қуыршақ үйі, ыдыс-аяқтар.
Сөздік жұмыс: қант салғыш, нан салғыш, тұз салғыш, май салғыш, сүт құйғыш.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: балалар бір-бірімізге жылы сөздер айтып шаттық шеңберіне тұрамыз.
Шаттық шеңбері:
Кәне, кәне тұрамыз
Үлкен шеңбер құрамыз
Қоян болып секіріп
Орнымызды табамыз.
Тәрбиеші: - Балалар, біз бүгін сүйікті қуыршағымыз Әйгерімнің үйіне қонаққа барамыз. Әйгерімнің үйі алыс- «Ойыншық ар әлемінде», сондықтан пойызбен баруымыз керек. -Кәне, жолға шығайық. (пойыз дыбысын салып, бір-бірінің артынан жүреді). -Сәлеметсіңбе Әйгерім біз саған қонаққа келдік. Әй герім: Сәлеметсіңдер ме, балалар . Қош келдіңдер. Төрлетіңдер, дастарқанымнан дәм татыңдар. Тәрбиеші: -Балалар, Әйгерім қонақжай екен, біздің келгенімізге қуанып, дәм ұсынып жатыр. Ендеше Әйгерімнің үйіндегі орындықтарға жайғасайық. --Балалар, қараңдаршы, Әйгерімнің үйінде жиһаздар мен ыдыс-аяқтар қкөп екен. Әйгерім бізге арнап дастарқан жайып жатыр. Дастарқанға алдымен нан әкелді, оны нан салғышқа салды.Мынау қант салғыш, оған Әйгерім қант салып қойды.
Дидактикалық ойын: «Тез атап шық» Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын дамыту. Ұжымда ойнай білуге үйрету. Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға сурет көрсетеді. Балалар суреттің мазмұны бойынша естерінде қалған заттар мен кейіпкерлерді атайды. Әр топ кезек-кезек жауап береді. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
Тәрбиеші: балалар енді сергіту жаттығуын жасаймыз.
Сергіту жаттығуы:
Аққу болып ұшамыз,
Көлге келіп қонамыз.
Көлдің бетін құшамыз.
Қайта самғап ұшамыз.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сабақтан алған әсерлеріңді айта білдіңдер керемет.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: қонақтарды сыйлай білуі керек
Болуы керек: сұрақтарға жауап беру
Баланың қолынан келуі: өз ойларын еркін жеткізе білуі керек
№46 «Балбұлақ балабақшасы»
« Бекітемін»
Әдіскер__________ Имангалиева А.Т.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:«Тіл дамыту»
Тақырыбы:«Әтеш пен тоты құс»
(Естиярлар тобы)
Орындаған: Қалдыбаева Ж.
Күні: 7.12.15.
№46 «Балбұлақ» балабақшасы
« Бекітемін»
Әдіскер__________ Имангалиева А.Т.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: «Сурет»
Тақырыбы: «Үй саламыз»
(Естиярлар тобы)
Орындаған: Қалдыбаева Ж.
Күні: 9.12.15.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сурет»
Тақырыбы: «Үй саламыз»
Мақсаты: Қағаз жолағын бөліктерге, қиғашынан (шатыр үшін) қию, суретті бөліктерден құру дағдыларын бекіту.
Қажетті құралдар: Сурет «Үй», қайшы, желім, сүрткіш, түрлі-түсті қағаздар.
Сөздік жұмыс: құрылысшы.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: балалар бір-бірімізге жылы сөздер айтып шаттық шеңберіне тұрамыз.
Шаттық шеңбері: Қара достым, жан-жаққа, Дайынсың ба, сабаққа? Орнында ма, қараңдар, Біздің барлық балалар.
Тәрбиеші: балалар бүгін бізде сурет сабағы болады.Балалардың назарын суретке аудартады.
- Тақтаға қарайықшы не бейнеленген?
Балалардың жауабы: үйлер бейнеленген.
Суреттегі үйлердің пішіндеріне тоқталып балалардан сұрайды. Үйлердің суретін саламыз.Үй салғанда тіктөртбұрыш етіп қабырғасын саламыз. Балалар қолымызға қарындашымызды алып саламыз. Терезесін көкпен сырлаймыз. Шатырын саламыз оны қызылмен сырлаймыз. Салған суреттерімізді сырлаймыз. Балаларға үй бөліктері тіктөртбұрыш, шаршы және үшбұрыштардан тұратынына көз жеткізеді.
Тәрбиеші:
-Балалар мынау әсем үйлер. Осындай әсем үйлер біздің қаламызда көп.Көп қабатты үйлерде өзімізде тұрып жатырмыз. Осындай түрлі әсем үйлерді «құрылысшы» ағалар салады. Олар күннің ыссысына, суығына қарамастан жұмыс жасайды. Үйлерегі тастарды қалап салады, терезелерін, есіктерін орнатады. Үй әдемі көрінуі үшін түрлі-түсті бояулармен бояйды. Қаламызда әсем үйлер салынып жатыр.
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
-Балалар сурет сабағында ненің суретін салдыңдар?
-Аянат: - Үйлердің суретін салдым.
-Үйлердің түсін қандай түспен сырладыңдар?
Әмина: - қызыл түспен сырладым.
-Үйлердің шатырлары қандай пішін?
Аружан: - үшбұрыш.
Тәрбиеші: балалар енді сергіту жаттығуын орындаймыз.
Сергіту жаттығуы:
Шынығамыз, жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бір, екі, үш, бір,екі,үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай біз,
Жаттығуды бастаймыз.
Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар сабаққа өте жақсы атсалыстыңдар жарайсыңдар. Өз ойларыңды жақсы айта білдіңдер.
Күтілетін нәтиже: Болуы керек : сурет сала білуі керек
Білуі керек: сұраққа жауап беру керее
Баланың қолынан келуі: өз ойларын еркін жеткізе білуі