kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Не үйрендік? (бақылау сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

v

Мақсаты:

Тәрбиелік:Ойын жинақтап,толық айтуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өзіне байланыс ты ойыншықты (оң жағы на, сол жағына, жоғары, төменге) орналастыра білуін арттыру.

Оқыту: Заттарды 5-ке дейін санауды, 2 топ заттарды салыстыруды, аз тобына жетіспеген затты қосу немесе арттық затты алып тастау дағдысының дамуын байқау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Не үйрендік? (бақылау сабақ)»

Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:«Таным»

Пән:ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Көлік»

Тақырыбы: Не үйрендік? (бақылау сабақ)

Мақсаты:

Тәрбиелік:Ойын жинақтап,толық айтуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өзіне байланыс ты ойыншықты (оң жағы на, сол жағына, жоғары, төменге) орналастыра білуін арттыру.

Оқыту: Заттарды 5-ке дейін санауды, 2 топ заттарды салыстыруды, аз тобына жетіспеген затты қосу немесе арттық затты алып тастау дағдысының дамуын байқау.

Педогогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.


Ресурстармен қамтамасыз ету: 1-5сандар,суреттер,үлестірмелі материалдар

Билингвалдық компонент:оң -право,сол- лево,жоғары- верх,төмен –вниз.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар қарандаршы біздің топтағы ойыншықтар қай жерде орналасқан?Оң жақтағы және сол жақтағы ойыншықтарды атау?Сұрақа жауап береді.Оң жақта және сол жақта орналасқан заттарды қарап,атайды.


II. Негізгі бөлім:

Оң жақта неше доп бар?Сол жақта неше доп? Екеуі тең болу үшін не істеуге болады? Балалардың назарын тақтадағы суреттерге айдару.Неше аю барын сұрау?Тура және кері санату. Қай жерде орналасқан?Оң жақта неше доп бар?Сол жақта неше доп? Екеуі тең болу үшін не істеуге болады? Балалардың назарын тақтадағы суреттерге айдару. Неше аю барын сұрау? Тура және кері санату. Қай жерде орналасқан?Тақтада тағы не көріп тұрмыз?


Сергіту сәті:

Бір оңға,бір солға

Неше себет?

Себетте не бар?

Кайсы себетте мысықтар артық?

Қайсы себетте мысықтар аз?

Тенестіру үшін не істейміз?Ал енді балалар жолақшаларға Аюларды орналастырамыз.Жоғарыға және төменгі жағына,он жаққа сол жаққа.

Дидактикалық ойын:

«Бұл не?»-сипап сезу қимылы арқылы дорбада жатқан геометриялық денелерді анықтау.


Қорытынды:

-Балалар топтағы ойыншықтар қайда орналасқан ?

-Неше доп бар оң жақта?

-Сол жақта неше доп бар?

-Ойыншықтарды тағы қалай орналастыруға болады?




Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.


Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Көлік»

Тақырыбы: «Қандай заттын пішіні дөңгелекке ұқсайды» (машина)

Мақсаты:

Тәрбиелік:Жолда жүру ережелерін сақтап,абай болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Көлік туралы білімдерін бекіту.

Оқыту:Түрлі түсті бояудың көмегімен геомет риялық пішіндерді пайдаланып,машина ның суретін салуды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлгі,қылқалам,бояу,сүрткіш

Билингвалдық компонент:машина –машина ,дөңгелек- круглый .

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалардың назарын үстелдің үстіндегі доптарға аудару

Доптың пішіні қандай екенің сұрау Үстелдің үстіндегі доптарға қарайды. Тәрбиешінің сұрағына жауап береді.

II.Негізгі кезең.

Сұрақ –жауап :

-Балалар тағы қандай геометриалық пішіндерді білесіндер?

-Терезенің пішіні қандай?

Балаларға аққалың суретін көрсету.

-Аққаланы неден жасаймыз?

-Қардан не жасауға болады?

- Машинаның дөңғалақтарының пішіні қандай?

- Барлығымыз орнымыздан тұрып үлкен шарды үрлейік.Ауызымызға ауаны толтырамыз.Қатты-қатты үрлейміз.

Сергіту сәті:

Қазақстан үйіміз,

Біз отанның гүліміз.

Желбірейді туымыз

Достық біз жырымыз.

Балалар біз бүгін сендермен өз беттерімізше дөңгелек пішінге ұқсайтын заттарды салып үйренеміз. Ауада ең алдымен саламыз.

Сурет салу әдіс тәсілдерін түсіндіру,көрсету.

Қылқаламды үш саусақпен ұстаймыз. Өздеріне ұнайтын түстермен бояндар.

Ұқыпты жұмыс жасау керекектігін ескерту.Балалар мұқият тыңдайды.

Ауада салып көреді. Өз беттерінше сурет салады.

Балалар машинаның суретін салады.

Қорытынды:

-Ненің суретін салдық?

-Қандай түстермен боядындар?

-Дөңгелек пішіндізаттарды атап беріндер?

-Доп туралы кім тақпақ біледі?Балалар сұрақтарына жауап береді.Тақпақ айтады.





Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.


Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Пән:Аппликация

Өтпелі тақырып: «Көлік»

Тақырыбы: «Пойыз»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Қайшымен жұмыс жасау ережелерін сақтап,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Балалардың ойлау,шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқыту: Балаларға геометриялық пішіндерді қиып және қағаз бетіне алдымен қойып алып, содан соң оларды желімдеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,үлгі,түрлі түсті қағаз,қайшы,желім,сүрткіш

Билингвалдық компонент:пойыз - поезд,көлік – транспорт.

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар орындарынан тұрып, орындықтарды пойыз сияқты етіп, ретімен қойып, пойыз туралы ән шырқайды.

Пойыз, пойыз Судай жаңа,
Жылтырайды шынымен.
Не бар екен пойызда?
Аю менен маймылдар,
Мысықтармен қояндар,
Міне, осындай пойызды
Балаларға сыйлаймыз.
Ұзақ, ұзақ, Жол ұзақ.
Балалар, біздің ойыншықтар саяхатқа шыққымыз келеді. Бірақ бізде пойыз жоқ, не істейміз?

II.Негізгі кезең.

Ендеше сабағымызға кірісейік.Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Пойыз қандай геометриялық пішіндерден тұратынын қарастырайық. Пойыз – көлік, теміржолмен жүреді. Пойызда паровоз бен вагондар бар. Балалар мен сендердің алдарында қиылған қағаздар яғни пойыздың вагондарын қойдым кане солады қағаз бетіне жапсырайық. Балалар вагон неше бөліктен тұрады. Көп бөліктен. Дұрыс айтасындар балалар.Балалар бірінің артына бірі пойыз сияқты тұрады. Жұдырықтарымен айналдырады. Алқандарымен шапалқтайды. Аяқтарының ұшына тұрып қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді. Балалар жұмыстарына кіріседі.

Сергіту сәті:

Пойыз: Ду-ду! Ду-ду!
Мен жүремін, Мен жүремін!-депшулайды,
Мен жүремін!-депшулайды,
Ал вагондарзулайды.Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!
Ұшақболып, балалар,Ұшамызбиікке, биікке.
Жоғарықарайтартыламыз,Енді жергеқонамыз,
Қолымызды төмен түсіреміз.

Қорытынды:

-Балалар біз қайда бардық?

-Немен таныстық?

-Біз не жасадық? Балалар сұрақтарға жауап береді.Бүгін не жасағандарын айтып береді.


Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:«Әлеумет»

Пән: Экология негіздері

Өтпелі тақырып: «Көлік»

Тақырыбы: « Көлік түрлері»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Балалардың ой лау,есте сақтау қабілет терін дамыту.

Оқыту: Өзін өзі көпші лік ортада ұстауға,әдепті болуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент: көліктер – транспорты.

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар қыс мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз?

II.Негізгі кезең.

Балалар, бүгін біз көлік туралы әңімелесеміз.Қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,сұрақтарға жауап беріп жұмбақтар шешеміз.

Жұмбақ:

Барамыз деген жерге,

Тез жетеміз Немен? (Көлік)

- Сонымен көлік дегеніміз не?-Ол адамға не үшін керек?

-Ал, сендер балабақшаға немен келесіңдер?

Сергіту сәті:

Машина кетіп барады.

Жан жағына қарады,

Бағдаршам қызыл жанғанда,

Машина тоқтап қалады.

-Өте жақсы, енді мен көліктің шығу тарихымен таныстырайын.

Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есекті көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған,ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады. мысалы:суда жүзетін,жерде жүретін,әуеде ұшатын және жерасты көліктері.

Жерде жүретін көліктерге:-Жеңіл көлік,велосипед, пойыз,

Ал автобус,троллейбус, жүк көлігіне жатады.

Әуеде ұшатын көлік түрлеріне: Ұшақ,тікұшақ,зымыран.

Суда жүзетін көлік  түрлеріне:Кеме,қайық жатады.

Жер  асты көліктеріне: метро.

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін не үйрендік?

-Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Жарайсыңдар, балалар!.Барлығымыз жол ережесін сақтап, көліктермен аман – есен жүрейік.

Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Көлік»

Тақырыбы: «Көліктер қалай бізге көмектеседі?»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Жолда жүрген кезде міндетті түрде ережені сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толық тыру,дамыту.

Оқыту: Балаларды көлік түр лерімен таныстыру.Пайдасы туралы айтып,түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,ойыншық көліктер

Билингвалдық компонент:көліктер транспорты

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар,айтыңдаршы,кімге қандай ойыншық ұнайды?

-Артур ,сенде қандай ойыншық бар?

-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?

Алдымен жүк көлігін көрсету.

-Мына көлік жүк көлігі дейді.Бұл көлікпен жүк тасиды.

Негізгі кезең:

Жүк көлігі гүрілдиді. «Гүр-гүр-гүр»деген дыбыс шығарады.Кәне, бәріміз қайталаймыз.

-Балалар,мынау қандай көлік?(Балалардың жауабы)

Жұмбақ шешу:

Терезесі көп оның

Іші жанға толы оның

Тоқтамайды,жүреді

Барар жерін біледі.(Автобыс)

Бұл көлікпен адамдар тасиды.

-Ал мынау қандай көлік?Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.

-Ал мынау қандай көлік? Бұл-пойыз.

Сергіту жаттығулары.

1,2,3,4,5-машина жүргізуді бейнелейміз.

1,2,3,4,5-велесипед тебуді бейнелейміз.

-Балалар су және әуе көліктері де бар.

-Балалар ,мынау қандай көлік? Кеме суда жүреді.Адамдар тасиды.

-Балалар, мынау қандай көлік?Ол әуе көлігі.Әуеде ұшып жүреді.Адамдар тасиды.Өлеңді тыңдайды.
Ал мынау машина -Машина-Жүк таситын, көлік.

-Құм тасиды.-Тас тасиды.

-Гүр-гүр-гүр.(бірге қайталаймыз)

-Автобус.Адамдар тасиды.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар көліктер туралы тақпақ айтады.

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін не үйрендік?

Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Жарайсыңдар, балалар!. Барлығымыз жол ережесін сақтап, көліктермен аман – есен жүрейік.

Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Көлік»

Тақырыбы: «Жүзеді,ұшады,жүреді»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Байқампаздыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: ой өрісін кеңейтіп,да мыту.рді түріне қарай ажырата алуын айту,білімдерін шыңдау.

Педагогикалық технологиялар:: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,ойыншық көліктер

Билингвалдық компонент:көліктер- транспорты

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Өте жақсы, жарайсыңдар! Балалар қыс мезгілін суреттейтін қандай тақпақтарды білеміз?

Негізгі кезең: Балалар, бұл сыйлық сендерге көрші ауылдан «Қызғалдақ» балабақшасынан келіпті.Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?

Жәшіктердің түстерін сұрап, айтқызу.

Тәрбиеші балалармен ақылдаса отырып, балаларды қасына кезекпен шақырып, жәшіктерді аша бастайды.

Ашқан бала жәшік ішіндегі бұйымды жұмбақ арқылы айтып, қалған балалар бұйымның атауын табуы керек.Қоңыр жәшікті ашу. - Бұл – жүреді. Ағалар, әкелер жүргізеді.Түстері әр түрлі болады. Төрт дөңгелегі болады. Онымен адамдар әр түрлі қалаларға, базарға барады.

Ақ жәшікті ашу.

Балалалр - Бұл жүрмейді. Аспанда ұшады. Ол тек үлкен қалаларды болады.

Көк жәшік ашылады.

Балалар- Бұның дөңгелегі жоқ. Жүрмейді, ұшпайды. Тек су болса ғана болады. Кейбіреулерінде желкен болады.

Сұрақ – жауап арқылы машина, ұшақ, кеменің бөлшектері, қолданылуы туралы балалардың білгендерін айтқызу, сипаттама беру.Көліктерді топтау және жалпылау. Көлік түрлерін басқаратын мамандар туралы әңгімелеу.

Дидактикалықойын: «Орнын тап».

Шарты:Машина, ұшақ, кеменің

Суреттерін өз орындарына (жер, ауа, су) қою. Ойын қорытындысы сы бойынша балаларды мадақтап, көліктер туралы әңгімені жалғастыру.

Сергіту сәті (Балалар қимылмен орындайды)

Кемені- суға, машинаны- жерге, ұшақты –әуеге орналастырады.

Дидактикалықойын: «Қайсысы артық».

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін не үйрендік?

-Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Балалар не үйренгендерін айтып береді.Жарайсыңдар, балалар!.






Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.


Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Пән: Драма

Өтпелі тақырып: «Көлік»

Тақырыбы: «Үш жалқау»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Шығарманың мазмұны арқылы еңбексүй гіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әдеби шығарма кейіпкерлерінің жақсы – жаман қылықтарын атап көрсету,балалардың ойын дамыту.

Оқыту: Әңгімені айта отырып, рөлмен ойнау, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер

Билингвалдық компонент:ертегі сказка

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар бүгін көңіл күйлерің қалай?

-Жылу шашқан күнге сәлем!

-Нұрын шашқан Айға сәлем!

-Қуанатын бізге сәлем!

-Білім берген сізге сәлем!

Жарайсыңдар балалар.

Балалар осы сендер қандай ертегі білесіңдер?

(Балалардың жауаптары).

II.Негізгі кезең.

Олай болса біз бүгін «Үш жалқау» ертегісі жайлы әңгімелесеміз.

Ертегіні бастамас бұрын артикуляциялық жаттығулар жасайықшы.

Тілімізді шығарып,жоғары ерінді жалап,тілді ауыз қуысына тереңірек апару.

Жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.Аузымызды жауып,доп жасаймыз.

Мен сендерге қазір «Үш жалқау» ертегісін айтып берем. Сендер мұқият тыңдандар оқып болған соң сендерге сұрақ қоям.

Балаларға «Үш жалқау» ертегісінің мазмұнын айтып беру. Ертегі бойынша балаларға сұрақтар қою.

Сұрақ-жауап:

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегі ұнады ма?

-Ертегіде неше жігіт болды?

-Үшеуіде қандай болды?

-Үшеуіде бас көтермей не істеді?

-Олар қайда шығады?

-Тоғайға келгенде қандай ағаштың жанында жатады? Енді,біз қазір «Үш жалқау» ертегісін сахналаймыз.Балаларды рөлге бөлеміз.. Балалар,ертегіні сахналайды.

-Жарайсыңдар,балалар!

Қорытынды:

-Қандай ертегіні сахналадық?

-Ертегі не туралы?

Жарайсыңдар,балалар.Сендер бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Балалар сұрақтарға жауап береді.Балаларды мадақтау.



Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі.


Өткізу күні: 21.05.2020 ж.

Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:Шығармашылық .

Өтпелі тақырып: «Көктемгі егістік»

Пән: Сурет салу.

Тақырыбы: Көктемдегі бақбақтар.

Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуге, гүлдерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорларын ,салу дағдыларын дамыту.

Оқыту: Балаларға бақбақ гүлі туралы түсінік беру.

Педогогикалық технологиялар: Ойын технологиясы , дамыту технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология , денсаулық сақтау технологиясы , ақпараттық коммуникативтік технология.

Билингвальды компонент: Көктем – весна , гүл- цветок,бақбақ –одуванчик.

Құрал жабдықтар:Түрлі- түсті қарындаштар, ақ парақ.

Көрнекіліктер:Көктем көрінісі ,гүлдердің суреттері ,бақбақ гүлі.

Ұйымдастырушылық кезең.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

-Көктем де қандай өзгерістер болады?

Дұрыс балалар күн жылынады, күн ұзарады.

Балалар сендер білесіңдерме ,көктем мезгілінде қандай гүл өсетінін?

Тосын сый:

Топқа Айжан қуыршақ келеді .Балалармен амандасады.

-Балалар мен әжеме гүл сыйлайын деп едім ,бірақ көктемде шығатын гүлді таба алмадым -Сендер маған көмектесесіңдерме ?

-Ол гүлдің қалай аталатынын да ұмытып қалдым.

Балалар біз Айжан қуыршаққа көмектесемізбе?

Олай болса балалар біз көктемгі бақ-бақ гүлін салып берейік.

-Иа салып береміз.(балалардың жауабы)

Д/ ойын : «Гүлдер» Мақсаты: балаларға гүлдерді ажыратып, аттарын айтқызу.

Сұрақ –жауап:

-Балалар мына суреттегі гүлдерді айттыңдар , енді ортасында тұрған сурет қалай аталады?

-Қандай гүл?-Бақбақ гүлі деп аталады

Балаларға сурет салу жолдарын көрсету, балалар үлгіге қарап қарап суретті салады.

Сергіту сәті:

Күндей күліп өсеміз,

Гүлдей болып жайнаймыз

Қызыл,жасыл, сар гүлдер.

Қолымызбен ұстаймыз.Балалар сергіту сәтін қимылмен жасап сергіп алады.

Билингвальды компонент: Көктем – весна , гүл-цветок, бақбақ-одуванчик.

Балалар салған суреттерін көрмеге қояды , және өздеріне ұнаған суреттерін сипаттап береді.

Айжан қуыршақ балалардың жауабына, салған суреттеріне мақтау айтып қоштасады.

Балалар мақтауға риза боп Айжан қуыршақпен қоштасады.

Қортынды:-Балалар кім қонаққа келді? -Сендерден не жайлы сұрады? -Қандай сурет салыңдар?Балалар қандай сурет салғанын , қонаққа кім келгенін айтып береді.




Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Білім беру саласы: Коммуникация.

Пән: Сөйлеуді дамыту .

Өтпелі тақырып: Дені саудың –жаны сау.

Тақырыбы: Сөз, буын, дыбыс.(Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш)

Мақсаты:

Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың сөз, сөйлем, буын туралы ойларын қалыптастыру.

Оқыту: Сөйлем құрастырып оны талдай білуге дағдыландыру.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбер:

Салем көздер ояныңдар,Салем құлақтар ояныңдар,

Салем аяқтар ояныңдар,Көздер көреді!

Құлақтар естиді!Аяқтар топылдайды!

Ал қолдар шапалақтайды.

Негізгі бөлім:

-Балалар,бізге қонаққа атай келді.

Топқа ата кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен ұзақ жол жүріп келдім.Өзіммен бірге сендерге бір қызықты әңгіме ала келдім.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар келген қонаққа қарап амандасады.

-Сәлеметсіз бе,ата.

-Балалар,атай бізге Ы.Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» деген әңгімесін алып келіпті.

Ы.Алтынсарин-қазақ ағартушысы,ақын,жазушы.Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып,балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға.

Сендер алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел,балалар,оқылық!» атты өлеңімен танысасыңдар.

«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» әңгімесін оқып береді.

Атасы мен баласы далада келе жатып,атасы баласынан сұрайды:

-Анау өрмекшіні көрдіңбе?

Бала:

-Көрдім,өрмек тоқып жүр.

Ата:

-Анау құмырсқаны көрдіңбе?

Бала:

-Көрдім,аузында нанның ұнтағы бар,кетіп барады.

Ата:

-Жоғары қара,аспанда не көрінеді?

Бала:

-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр,аузында тістеген шөбі бар-дейді.

Сонда атасы былай дейді:

-Олай болса,шырағым,сол кішкентай жәндіктер -саған үлгі.Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді.Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр.Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.

Сенде жұмыс істеуге әдеттенулерің керек.


-Балалар,сендер буынға бөле аласыңдар.Әңгімедегі өрмекші,құмырсқа,қарлығаш сөздерін буынға бөліңдерші?

-Неше буыннан тұрады?

-Ия дұрыс айтасыңдар.

Бір дауысты дыбыс бір буынды құрайды.

Ата,бала,құмырсқа,өрмекші,қарлығаш дегеннің бәрі-сөздер.

Сөз –буыннан тұрады.

Сергіту сәті: 

Орнымыздан тұрайық,

Торғай болып ұшайық,

Бір отырып,бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық

Мақал-мәтел жаттау.

1.Еңбек-адамның екінші анасы.

2.Еріншек түске дейін ұйықтайды.

3.Жалқаулық-жаман ауру.

Қорытынды:

-Балалар,әңгіме сендерге ұнадыма?

-Әңгімеде не туралы айтылған?

-Әңгімедегі кейіпкерлер қандай екен?


Балаларды мақтау, мадақтау. Оқу қызметіне қатысқан баларды мақтау.




































Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы: Таным.

Өтпелі тақырып: Дені саудың - жаны сау.

Пән: ҚМҰҚ

Тақырыбы: 1 саны мен сан белгісі.

Мақсаты:

Тәрбиелік: Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Зейіндерін, қиялдарын арттыру.

Оқыту:Бір және бір, бір және екі затты топтап салыстырып үйрету,

1- санымен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар:Сұрақ –жауап, көрсету және түсіндіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету: 1 санының белгісі.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

Шаттық шеңбер:

Бас бармақ әкем,

Балаң үйрек шешем.

Ортан терек ағам,

Кішкентай бөбек апам,

Шылдыр шүмек мен.

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.


II. Негізгі бөлім:

1.1санымен таныстыруды әрі қарай жалғастыру. Көптің ішінен бірді бөліп алу.

(бір тақта,бір сағат,бір кілем,бір шәйнек)


2.Таңғажайып сәт: Білгіштің келіп тапсырмалар беруі:

Берілген екі топты салыстырып, бір-бірінен айырмашылығын айтып түсіндір, оларды теңестір. (Білгішпен бірге ойнап, тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу.)



Карточкадағы заттарды санап бер (солдан оңға).

Бір санымен танысу.

Үлестірмелі материалмен жұмыс:балалар орындарына отырып жұмыс жасайды.


Саусақ жаттығуы:

Бір – саусағым тіпті де , ұстай алмас жіпті де,

Екі – саусақ бірікті, қолға қалам ілікті,

Үш - саусағым орамды , жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ , сурет салсақ , боясақ.

Дидактикалық ойын:

«Қай пішінге ұқсайды?»Балалар ойынға қатысады.


Қортынды:

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Балалар біз қандай санмен таныстық?

Жақсы жауап берген балаларды мақтау.



Ересек «Қарлығаш» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.



Тәрбиеші: Сулейменова К.Ш.

Білім беру саласы:Шығармашылық .

Өтпелі тақырып: Дені саудың –жаны сау.

Пән: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Ұлттық ойын»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Асықты кескіштің көмегімен түсіру арқылы толықтыру.

Оқыту: Қазақ халқының спорттық ойындарымен таныстыру, тұзды қамырдан мүсіндеуге оқыту .

Педагогикалық технологиялар: Сұрақ –жауап, көрсету және түсіндіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тұзды қамыр, кескіш, тақтайша , сүрткіш орамалдар.

Сөздік жұмыс: Асық.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

Танғы шеңбер:
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнап күлеміз
Бірге ойын ойнаймыз
Міне біздер қандаймыз!

Негізгі бөлім:
Балалар тақтаға қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені , біз жай жай асық емес, алтын асықты мүсіндейміз.
Асық біздің ұлттық спорттық ойындарымызда кездеседі.

-Асық туралы сендер білесіңдерме?

Балалар білгендерін айтады.
Іс-тәжірибеге кірісу алдында еңбек қауіпсіздігі ережесімен таныстыру:
Тұзды қамырдың үгітіндісін көзге түсуден сақтану
Балалар бүгін біз асықты тұзды қамырмен жасаймыз.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды. Қамырды арнайы пышақармен түзетіп , асықтың мүсінін жасайды.

Саусақ гимнастикасы:
Есікте құлып ілініп тұр Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды. (қол саусақтары айқасып)
Оны кім аша алады екен?
Созғылаймыз (екі жаққа тартамыз)
Бұрмалаймыз (саусақтарды өзінен бұрмалап қимылдату)
Ұрғылаймыз (жұмулы алақанмен соғыстыру)
Ашамыз (саусақтарды босатамыз)

Гүл жаттығуы:
Саусақтарды бүгіп ашу
Саусақ ұштарын бір-біріне түйістіру
Саусақтарымен партаны пианино ойнау
Саусақтарды сілкілеу.

Балалар жұмыстарын аяқтап көрмеге қояды.

Қимылды ойын: «Кім епті»

Қортынды:
-Балалар біз бүгін немен жұмыс жасадық?

-Нені мүсіндедік?

-Сенднрге жасаған жұмыстарың ұнадыма?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыбы: Не үйрендік? (бақылау сабақ)

Автор: Сулейменова Кульпаш Шаркеновна

Дата: 21.05.2020

Номер свидетельства: 550830

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Таби?атты ?ылыми т?р?ыдан тану ?дістері""
    ["seo_title"] => string(53) "ashyksabaktakyrybytabigattygylymiturgydantanudistieri"
    ["file_id"] => string(6) "310836"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459100204"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) ""MS EXCELпрограммасында диаграммалар құру" тақырыбында өткізілген ашық сабақтың рефлексивтік есебі"
    ["seo_title"] => string(80) "ms_excelproghrammasynda_diaghrammalar_k_u_ru_tak_yrybynda_otkizilghien_ashyk_sab"
    ["file_id"] => string(6) "384443"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485506612"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Сабақ тақырыбы: Пісіру қосылыстарының технологиясы"
    ["seo_title"] => string(55) "sabak_tak_yryby_pisiru_k_osylystarynyn_tiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "403774"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1490614809"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) ""?аза? тіліндегі біріккен с?здер"  та?ырыбы бойынша саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(70) "k-azak-tilindieghi-birikkien-sozdier-tak-yryby-boiynsha-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "243218"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445669819"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Та?ырыбы: Buying food"
    ["seo_title"] => string(18) "takyrybybuyingfood"
    ["file_id"] => string(6) "294115"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455608353"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства