ПІСІРУ ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қалиев Бауыржан Маликмагзарұлы
Қаратөбе колледжінің арнайы пән оқытушысы
Қаратөбе ауылы,
Қаратөбе ауданы БҚО
Сабақ тақырыбы: Пісіру қосылыстарының технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пісіру қосылыстарының түрлерімен таныстырып, амалдарын түсіндіру, әдістерін көрсету
Тәрбиелік: Ауыл шаруашылық техникаларында дәнекерлеуді қолдану арқылы оқушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру.
Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту технологиясы.
Сабақтың түрі: Десанттық - дәріс сабақ,
Пән аралық байланыс: Тігін мамандығы, математика, химия, физика, материалтану
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флит-чарт, слайд, плакаттар, электрод, маска, темір щеткасы, балға.
Пісіру жабдықтары: Трансформатор, инверторлық аппарат.
І. Ұйымдастыру бөлімі: 1 мин
Пісіру кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері:
Техникалық күтім орындау үшін электр аймағы кәсіби білімге ие болу және қауіпсіздік техникасы ережесін білу керек. Толық киімі болуы қажет және бетіне маска, қолына қолғап қиюі тиіс. Жұмыс орнын тексеріп, жұмыс ережесі бойынша қамтамасыздандырылады. Дәнекерлеу аппаратын ашу алдында желіден торлық кабель өшіріп тастағанға көз жеткізіңіз
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Пісіру –металдардың ажырамайтын қосылысын алу. Пісіру кезінде қолданылатын құралдар –екі тілімше. Пісіру кезінде қыздыруға және балқытуға жататын бөлшектердің бүйір беттерін пісірілетін жиектер деп атайды. Қалыңдығы 6-8 мм-ге дейінгі жиектерді қиғашсыз түзу күйінде, бүкіл қалыңдығына металды толық пісіру ток пен электродтың диаметрін дұрыс таңдап алуға байланысты болады. (флит-чарт №1)
Металдың қалыңдығы, мм
2
3-5
6-7
9-12
13-15
Электродтың диаметрі
2
3-4
4-5
5-6
6-7
Түйістіріп пісіру кезінде тілімнің қалындығы 6 мм болса, жиек түзу бір жағынан пісіріледі. Ал, егерде тілім қалыңдығы 8 мм болса, жиек екі түзу жақтан пісіріледі.
Машина немесе трактор бөлшектерін түйістіріп пісірген кезде жиектің орналасуына байланысты әр түрлі болады: төбелік, тік, көлденең және төменгі күйінде.
Балқытып пісіру кезінде екі білекшенің арасына саңылау 2-3 мм қалдырып, 4 мм болғандықтан, бір жікпен пісіріледі. Электродты металдың бетіне көлбеулетіп ұстау керек. Электрод ұштарының тербелмелі қозғалыстарының сызбасы 1,2,3 нүктелерінде тілімдердің жиектерін қыздыруға бейімдейтін электродты жылжыту жылдамдығы. Бір жағдайда балқыған металдың барлық шұнқырлары 1,2,3 бір жалпы науаға құяды. (флит-чарт №2)
Сондықтан, негізгі және ерітіп пісірілген металдың біршама жақсы балқуы қамтамасыз етіледі және жік біршама берік болады.
Пісіру қосылыстарының түрлері: (флит-чарт №3)
Пісірілген жиектің түрлері: қалыпты, дөңгелекті, иілген. (флит-чарт №4)
Техника қауіпсіздігі:
Жұмыс орны жабдықтарының ток көзін тексеру, материал қалыңдығына байланысты электродты таңдау, слесарлық жұмыстар кезінде балға соғысына мұқият қарау кесеу тістеріне қолды кесіп алмаудан сақтану. Шлагты соғып түсіргенде, көзге абай болу. Пісіру кезінде мұқият болу керек.
Ведио ролик. «Пісіру тігістерінің түрлері» 10 мин
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы:
Өткен тақырыпқа орай басты мәселені талқылау үшін білім алушыларды үш топқа бөлемінде үш бағаннан тұратын кесте тапсырылады. Бірінші бағанға «білемін», екінші бағанға «білгім келеді», ал үшінші баған «үйрендім» деп жазылады.
Аты-жөні
Білемін
Білігім келеді
Үйрендім
Интерактивті дәрістің алғашқы кезеңінде дәріс тақырыбында түйінді мәселе жайлы тыңдаушылардың не білетіндіктерін 3 минут ішінде бірінші «Білемін» бағанына жазып шығу сұралады. Топ мүшелерімен бөлісіп талқылайды, ортақ пікірлерін жинақтап жариялайды.
Бұдан кейін екінші бағанды «Білгім келеді», яғни талдануға тиісті мәселе жайлы не білгілері келетіндігі анықталады.
Кестенің үшінші «Үйрендім» бағаны білімгерлерді белсенді әрекетке тартатын кең ауқымды материалдар жиыны.
Бұл кезеңнің мақсаты- тыңдаушыларды белсенді ойлау жағдайына қою, идеялар туындату, жаңа ақпаратты бұрынғы білімге сүйене отырып алу үшін танымдық әрекет ұйымдастыру, ескі білім мен жаңа ақпарат арасында көпір жасау.
Ал білім алушыладың танымдық әрекетінің алдымен жеке жұмыстан топтық жұмысқа ауысуы топ ішіндегі ойлауды, әр адамның пікірін тыңдап олардың ең құндыларын саралай отырып тізімге алу, өз білімдерін басқаның тәжірибесімен толықтыру, ондағы артықшылықтар мен кемшіліктерді сезіну, жаңаны білуге деген қызығушылықтардың оянуын қамтамасыз ету.