Топқа қызыл шар ұшып келеді, ұзын жіпке хат қыстырылған.
Тәрбиеші: Балалар қарандаршы, бізге хат келіпті.
Тәрбиеші хатты ашып, ішінен қар бүршігін алып шығады.
- Қымбатты менім достарым,мен Аққаламын. Біздің Қар Еліне,қауіп түніп тұр, Жел патшасы егер оның тапсырмасын орындамасақ, суға айналдырғысы келеді.
Тәрбиеші: Балалар Аққалаға көмектесеміз ба?
Балалар: ия
Тәрбиеші: Қар Еліне бару үшін, біз көзімізді жұмып қар бүршіктеріне айналуымыз керек.
Балалар көздерін жұмып, музыкамен орындарында айналады.
Тәрбиеші: Балалар,міне Қар Еліне келіп қалдық, кәне денсаулығымыз мықты болу үшін, біз мұрнымызбен демаламыз.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
Біздің 1- тапсырмамыз:
Тақтада, Аққаланың суреті тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қарандаршы, Аққала неден жасалған?
Неше шеңберден тұрады?
Неше көзі бар?
Мұрны неден жасалған?
Басындағы шелектін түсі қандай?
(Жеке жұмыс)
Тәрбиеші:
Балалар өте жақсы, 1- тапсырманы орындадық.
-Ой қарандаршы, мында шырша тұр екен, бірақ көңілсіз.,
Тәрбиеші:
Балалар, бізде қыста қандай мереке болады?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі.
2- тапсырма бойынша шыршаның түбінде, сандықта ойыншықтарды алып (геометриалық пішіндер),көңілді пішіндермен безендіру.
Сандықта жіпке тізілген пішіндер жатады, әр бала бір пішінді алып, түсін, көлемін, жоғары,немесе төмен ілгенін айтады.
Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы, біздің шырша қандай көңілді болып тұр. Кәне барымыз қолымыздан ұстап , айналайықшы. Балалар қолдарынан ұстап жыршаның жанында айналады.
Дидактикалық ойын: "Сиқырлы дорба"
Шарты:
Балалар дорбаның ішіндегі қатты-жұмсақ заттарды, саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады. Тәрбиеші: Балалар, мен қоянды көріп тұрмын,
- Кәне айтындаршы қоян қалай секіреді?
- Қоян не жейді?
Тәрбиеші қоянның құлағына сыбырлайды.
3-тапсырма: Қоянның көрпесі жыртылып қалыпты, сондықтан қоян тонып отыр.
Тәрбиеші: Балалар, кәне қоянға көмектесемізбе?
Балалар: ия
Столдың үстінде, қоянға деген көрпешелермен, геометриалық пішіндер жатыр, Пішіндерді алып, көлемі бойынша, жамауға жапсыру керек.
Балалар тапсырманы орындайды.
(Жеке жұмыс)
Тәрбиеші: Балалар сендерге қоян өте риза, енді ол тоңбай үйінде жылы жатады,
біздің де топқа қайтатын уақытымыз болып қалды. (Балалар көздерін жұмып, айналады) музыка ойнайды.