«Шығармашылық» білім беру саласының мүсіндеу ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Жасы: (3-4) Екінші кіші
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: Алақан арасында ермексазды домалақтау дағдырларын жетілдіру, екі бөліктен тұратын қарапайым затарды мүсіндеуге, оларды өзара біріктіруге және қосымша бөлшектермен (көз, мұрын, қол, ауыз) толықтыруға үйрету
Алдын-ала жұмыс және оқу іс- әрекетіне дайындық: қыс мезгілі туралы әңгіме айту
Сөздік жұмыс: аққала, Жаңа Жыл, қар кесегі
Іс –әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің
басқарымдық қызметті
Балалардың іс- әрекеті
І - кезең
Мотивациялық қозғаушы
Топқа Дімбілмес келеді, ол аққала жасау білмейді екен.
-Балалар, Дімбілмеске көмектесемізбе?
Сөздік жұмыс жүргізеді
Балалар Дімбілмеске қуанады.
-Ия, көмектесеміз.
-Аққала деп қайталайды.
ІІ - кезең Ұйымдастырушылық
ізденушілік
Суретпен жұмыс.
-Балалар, қараңдаршы, аққаланың денесі қандай пішіннен жасалған?
-Ал аққаланы неден жасайды?
-Қардың түсі қандай?
-Ал,біз қазір осындай аққаланы ермексаздан мүсіндейміз.
Билингвалдық компонент.
Сергіту сәті.
Бала, бала, балақан,
Кәне қайсы алақан?
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Тәрбиеші ермексазды алақан арасына салып,домалақтау әдісі арқылы аққаланы жасап көрсетеді.
-Дөңгелектен.
-Қардан жасайды.
-Ақ.
Балалар қуанады.
Қар-снег,
Аққала-снеговик.
Сергіту сәтін қимылмен жасап көрсетеді.
Балалар ермексазды алақан арасына салып домалақтайды.
Аққаланы жасауға тырысады.
ІІІ - кезең
рефлексивтік түзету
Дімбілмеспен бірге балалардың жасаған аққалаларын талдайды.
Балаларды мадақтау.
Өз жұмыстарын бір-біріне көрсетіп риза болады.
Дімбілмеспен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Қыс мезгілі туралы біледі.
Түсінеді:Аққала туралы түсініктері болады.
Қолданады:Ермексазды алақан арасына салып домалақтайды.