kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ал?ыс айту парызым" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бекітемін:                               Т?рбие са?аты 7 сынып   ?ту к?ні: 29.02.2016ж

Та?ырыбы:Ал?ыс  айту парызы?

Ма?саты:

1)Еліміздегі тынышты? пен ?ндестік, ?зара сенімділік пен барлы? ?аза?станды?тар?а деген ?урметті?  болуын ?йренуге т?рбиелеу;

2) Президентті? бейбітшілік пен келісім саясатыны? ба?ытын т?сіндіруге баулу;

3) ?лкенге ??рмет етуге, кішіге ?ам?ор болу?а т?рбиелеу;

?тетін т?рі: кездесу

?дісі: т?сіндіру, с?ра?- жауап  шы?армашылы? тапсырма орындау, к?ркем шы?армаларды м?нерлеп о?у,Венн диаграммасы, ?н айту, би билеу,кроссворд шешу.

К?рнекіліктер: Н.?.Назарбаев, М.?уезов портреттері,ноутбук,Венн диаграммасы,суреттер,кроссворд.

                                               ?ту барысы:   

1.?йымдастыру б?лімі

 2.Психологиялы? дайынды? 

Барысы: Шатты? ше?бері

Амансы? ба Алтын К?н!

Амансы? ба Асыл жыр!

Амансы? ба к?к аспан!

Амансы? ба жан досым!

Жылуыма жылу ?ос!

Міне мені? ?олым!

2.Жа?а та?ырып:

М??алім с?зі: ??рметті ата- аналар, ?стаздар, ?она?тар,о?ушылар!

Б?гінгі т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!

Саба?ымызда ?оз?алатын та?ырып: «Ал?ыс айту парызы?»

?аза?стан Республикасы Президенті  ?кімшілігіні? Басшысы Н.Ны?матулинні? 2016 жылды? 9 а?панда?ы №35-18/414-1 бекітілген              1 наурыз Ал?ыс айту к?нін мерекелеу болып жарияланды 

Ал?ыс – ?уаныш ?стінде, жиын, мереке, той-томала?та адамдарды? бір-біріне білдіретін игі тілекті? этикалы? м?нді атауы.

 ?уелде, к?не т?ркі тілінде ал?ыс с?зі (алкыш – algis) деп аталып, «мада?тау, ізгі тілек айту» ма?ынасында ?олданыл?ан. Сондай-а?, алкыш ал?ыс кейбір т?ркі халы?тарында, мысалы, алтайлы?тарда ?тіну, жалбарыну, сахаларда ?рт?рлі рух иелеріне арнал?ан мада?тау, жалыныш деген ма?ынада ?олданылады. Ал?ысты? да т?пкі м?ні – ризашылы? білдіру ар?ылы жаманды?тан ада болуды тілеу.

Ал?ыс тек «ізгі ниетті» ?ана білдірмейді. ?аза?та ал?ыс с?зі, ?детте, ?лкен бір істі? ат?арылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамны? ?лкен ?ария?а жаса?ан игілікті іс-?рекетіне ?атысты айтылады. Я?ни ?аза?та?ы ал?ыс ежелгі сипатын ?згерткен, ол рух-иеге немесе бас?а бір ??діретке жалыну емес. Керісінше, ?аза? ал?ысы ризашылы? белгісі, игі іс ат?ар?ан адам?а деген ерекше ?атынасты к?рсетеді. Сол себепті ?аза? жастары ?лкенні? ал?ысын алу?а тырыс?ан. М?селен, олар тойда, аста жинал?ан ?лкендерді? алдынан шы?ып, аттарынан ?олты?тап т?сіріп, ?йге енгізеді. Сол кезде риза бол?ан а?са?ал «?ара?ым, ??мырлы бол!» деп ?зіні? ал?ысын айтады.

Я болмаса жас адам ?лкен кісіні? ?лде?алай берген тапсырмасын дер кезінде ойда?ыдай орындаса, ?ария о?ан «Жасы? ?за? болсын!» деген сия?ты ал?ыс айтып, екі жа?ты? да к??ілі хош болады. ал?ыс т?рмыспен, ??рыппен тікелей байланысын жо?алтпаса да, ежелгі синкретті сипатын ?згертіп, негізінен, этикалы? т?р?ыда ?олданыс?а к?шкен.

?аза? ал?ысы на?ты адам?а ?арата айтылады, с?йтіп, ол екі адамны? бір-біріне деген ізгі ы?ыласын білдіреді. Оны? басты ма?саты жа?сылы? істеген адам?а ризашылы? білдіру, ал?ыс ал?ан адамны? к??іл ?ош болып, ырыс-берекесі арта т?седі деп ырымда?ан. ?аза?та ал?ысты риза бол?ан адам айтады, оны с?рап алмайды, бас?а т?ркі халы?тарында?ыдай арнайы ал?ысшылар болмайды.

М?ндай к?нелік белгі ?аза? ал?ысында жо?. Жалпы, ?аза? ал?ысы ?зіні? байыр?ы м?н-ма?ынасын, ?леуметтік- т?рмысты? ?ызметін жо?алтумен бірге, жеке бір жанр ретінде де ?ызмет етуден ?ал?ан болуы ы?тимал. Оны? себебі к?п: біріншіден, ислам дінін ертерек ?абылда?ан ?аза? хал?ы б?рын?ы ал?ыс с?зін бата с?зімен алмастырып, ал?ысты? м?н-ма?ынасын к?шірген, с?йтіп, к?нделікті ?мірде ал?ыс айтуды? орнына «бата беру» орны??ан. Бай?айтынымыз: ал?ысты риза бол?ан жа? ?зі айтса, батаны екінші жа? к?бінесе «Бата?ызды бері?із!» деп с?рап алады. Екіншіден, ал?ыс ??ымында ризашылы? белгісі са?тал?ан, ол туралы ?аза? паремасында «Алтын алма, ал?ыс ал!» деп келетін м?телде ал?ысты? сакральды сипатын бай?ау?а болады. Себебі, ?аза?  ??ымында ал?ыс ал?ан адамды Т??ір жарыл?ап, оны? ??ты к?бейеді, ырысы артады деп сенген.

 Ал?ысты? мазм?ны к?біне тілек т?ріндегі білдіріледі: Алла риза болсын! К?п жаса! ?мір жасы? ?за? болсын! Ба?ытты бол, Те? ??рбы?ны? алды бол! ж?не т.б.

М.?уезов шы?армаларында ?аза?ы ал?ысты? мынадай т?рлері айтылады: Алды?нан жарыл?асын; аманды? шатты?пен к?рісуге жазсын; аруа? жар болсын; аруа? ?олдасын; ба?ыл бол; жолы?а ж?п шыра?; жолы? болсын; к?рісуге к?н жа?сы болсын; ?адамы? ??тты болсын; ?айырлы болсын; ?айыры бірге болсын; ?оса?ы?мен ?оса а?ар; байлар к?бейсін; ??дай к??ілі?ді ?сірсін; ??сы? ??тты болсын; ?ызы?ы? ?за? болсын; ойнар к?бейсін; осы беті?нен жарыл?асын; ?мір жасы? ?за? болсын; от анасын жарыл?асын; ?ркені? ?ссін; сада?а? келсін; сауы? молайсын; са?тай г?р терістен; тие берсін; тілектері? тап болсын; тілеуі? берсін; ?за?ынан с?йіндір. Сонымен, д?ст?рлі ?аза?ы ал?ыс белгілі бір жанны? жаса?ан жа?сылы?ына (рухани, материалды?, институционалды? ж?не т.б.) деген ризашылы?ты? когнитивтік образы болып табылады. Демек, жасал?ан жа?сылы?ты? рухани ?айтарылымы іспеттес ал?ысты д?ст?рлі ортада?ы ?леуметтік байланысты ны?айтуды? ілкімді принциптеріні? бірі деуге болады.

-Балалар, б?гінгі т?рбие са?атымыз?а ша?ыру ?а?азымен ?з ?стаздары?ызды, ата-аналары?ызды,туыстары?ызды  келтіріп отырсыздар.Са?атымызды? та?ырыбына байланысты ал?ыстарымызды білдірейік.(О?ушылар ?здеріні? жаз?ан шы?армаларын о?иды, ал?ыс пара?шаларын, г?лдерін ал?ыс арна?ан адамына тапсырады).

Ал?ыс туралы ма?ал-м?тел айту.

БАТАЛЫ ??Л?А БА? ?ОНАР

Азасыз бата — мазасыз.

Ал?ыс ал?ан арымас, 
?ар?ыс ал?ан жарымас.

Ал?ыс ал?ан жігітті? 
аты б?йгеден келеді.

Алтын алма, ал?ыс ал:
алтын деген жер сыйы,
ал?ыс деген ел сыйы.

Бата б?з?ан бар?адыр ?алады.

Баталы ??л арымас, 
Батасыз ??л жарымас.

Баталы ??л?а ба? ?онар.

Бедеу мінсе? бел аласы?, 
Ал?ыс алса? к?п жасайсы?. 
Бота ал?анша — бата ал.

Ел ал?ысын алса? елеулісі боларсы?.

Жа?бырмен жер к?гереді, 
Батамен ер к?гереді (?ор?ыт).

Желінсау ?ой ?оса?ка кірмейді, 
??р таба??а бата ж?рмейді.

К?п д??асы — к?л.

?а?ын?ан ?ар?ыс алар, 
?арас?ан ал?ыс алар.

?ар?ыс ал?ан к?ктемес.

?ар?ыстан кісі ?лмейді.

?ар?ысты? е? ауыры — "Нан ?рсын!"

?ар?ысты? е? жаманы:
"?зі? білме, білгенні? тілін алма!"

??дайды? ?ар?ысына ?шыраса? да, 
халы?ты? ?ар?ысына ?шырама.

??р ал?ыс азы? болмайды.

Сілеу алма, тілеу ал.


 

Жаттап келген та?па?тарымызды айтайы?:

Зарина «М??алім»

Білімні? жа??ан шыра?ын,
Кездессе ?айда м??алім,
Беремін с?лем ізетпен,
Басымды иіп т?рамын.

Санамны? аршып б?ла?ын,
Жатта?ан ?нін ??ла?ым.
Жа?сылы? жолын ?йреткен,
?адірлі адам - м??алім.
?мірлік ?ымбат м??алім,
?адірлі жан деп ??амын.
Атанып жа?сы ?ланы?,
Жолы?ды жар?ын ?уамын.

 Нурбек «К?П БАЛАЛЫ ?й»

Жасыл шал?ын т??ірек,
Далам неткен келісті.
Жа?быр жауса к?бірек,
К?ркейеді жер ?сті.
Д?л осындай с?ттерде
Жазылады ?ле?ім,
Жазып ?ойдым д?птерге:
К?п жа?быр.
Ол – к?п егін.
Осыны бар ел тілер,
К?п жа?быр.
Ол — то?шылы?.
?ала с?нін келтірер,
К?п егілсе кек шыбы?.
К?п бес алсам мен егер
Шаттанамын, ?рине.
К?п ба?ыт?а кенелер
К?п баласы бар ?й де.

Са?ынжан «Са?шы»

О?ай деп ойлама ж?мысын,
К?п ал?ыс айтамыз б?л ?шін.
Са?шы т?р шекара шегінде
К?зетіп елімні? тынысын.
К?зетіп т?р са?шы даласын,
Ауылын,
Аяулы ?аласын,
?зіні? балдыр?ан кезінде
?йкысын к?зеткен анасын.

 Айдынбек «Алгыс айту парызым», «Е? ардакты жан» (?з шы?армашылы?ы).

Жаннур мен Нурбек «Ана» ?ле?ін орындайды

Маржан «?аза? биі».

Даулет «Офицерді? ойы»

Офицерді? ойы                                                                                                  

?алыпты жай б?л к?й:
Т?ртіп бізде ?ата?.
Ерте т?рам ыл?и,
Тосекке кеш жатам.
?зіме б?л ?нар,
Ж?рмін елді ?ор?ап.
Айт?анымды ??ар
Кіл ?ыра?ы солда
Т?зім, жігер керек,
Осы бізді? ?ран.
Солдаттарым зерек,
Кіл м?збала? ?ыран.
Ерлік – м??гі м?рам,
Осы бізді? ?ран.
?уанып-а? т?рам,
Шыны?са ?р ?лан.

Венн диаграммасы

                Ал?ыс                                                                   ?ар?ыс

               ?лкенге рахмет                Тілек с?з                 ла?нет  айту 

                сыйлы??а ал?ыс,                                              ренжу                                                                                                                                                     

               к?мекке айту,                                                    ?кпелеу,

              ??рметтеу                                                            ашулану,

                 жа?сы                                                                    жаман

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ал?ыс айту парызым" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты»

Бекітемін: Тәрбие сағаты 7 сынып Өту күні: 29.02.2016ж

Тақырыбы:Алғыс айту парызың

Мақсаты:

1)Еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген қурметтің болуын үйренуге тәрбиелеу;

2) Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының бағытын түсіндіруге баулу;

3) Үлкенге құрмет етуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу;

Өтетін түрі: кездесу

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап шығармашылық тапсырма орындау, көркем шығармаларды мәнерлеп оқу,Венн диаграммасы , ән айту, би билеу,кроссворд шешу.

Көрнекіліктер: Н.Ә.Назарбаев, М.Әуезов портреттері,ноутбук ,Венн диаграммасы,суреттер,кроссворд.

Өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Психологиялық дайындық

Барысы: Шаттық шеңбері

Амансың ба Алтын Күн!

Амансың ба Асыл жыр!

Амансың ба көк аспан!

Амансың ба жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне менің қолым!

2.Жаңа тақырып:

Мұғалім сөзі: Құрметті ата- аналар, ұстаздар , қонақтар,оқушылар!

Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Сабағымызда қозғалатын тақырып: «Алғыс айту парызың»

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулиннің 2016 жылдың 9 ақпандағы №35-18/414-1 бекітілген 1 наурыз Алғыс айту күнін мерекелеу болып жарияланды

Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.

 Әуелде, көне түркі тілінде алғыс сөзі (алкыш – algis) деп аталып, «мадақтау, ізгі тілек айту» мағынасында қолданылған. Сондай-ақ, алкыш алғыс кейбір түркі халықтарында, мысалы, алтайлықтарда өтіну, жалбарыну, сахаларда әртүрлі рух иелеріне арналған мадақтау, жалыныш деген мағынада қолданылады. Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.

Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғысын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады.

Я болмаса жас адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады. алғыс тұрмыспен, ғұрыппен тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын өзгертіп, негізінен, этикалық тұрғыда қолданысқа көшкен.

Қазақ алғысы нақты адамға қарата айтылады, сөйтіп, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл қош болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.

Мұндай көнелік белгі қазақ алғысында жоқ. Жалпы, қазақ алғысы өзінің байырғы мән-мағынасын, әлеуметтік- тұрмыстық қызметін жоғалтумен бірге, жеке бір жанр ретінде де қызмет етуден қалған болуы ықтимал. Оның себебі көп: біріншіден, ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы бұрынғы алғыс сөзін бата сөзімен алмастырып, алғыстың мән-мағынасын көшірген, сөйтіп, күнделікті өмірде алғыс айтудың орнына «бата беру» орныққан. Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «Батаңызды беріңіз!» деп сұрап алады. Екіншіден, алғыс ұғымында ризашылық белгісі сақталған, ол туралы қазақ паремасында «Алтын алма, алғыс ал!» деп келетін мәтелде алғыстық сакральды сипатын байқауға болады. Себебі, қазақ  ұғымында алғыс алған адамды Тәңір жарылқап, оның құты көбейеді, ырысы артады деп сенген.

Алғыстың мазмұны көбіне тілек түріндегі білдіріледі: Алла риза болсын! Көп жаса! Өмір жасың ұзақ болсын! Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол! және т.б.

М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ жар болсын; аруақ қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ; жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір. Сонымен, дәстүрлі қазақы алғыс белгілі бір жанның жасаған жақсылығына (рухани, материалдық, институционалдық және т.б.) деген ризашылықтың когнитивтік образы болып табылады. Демек, жасалған жақсылықтың рухани қайтарылымы іспеттес алғысты дәстүрлі ортадағы әлеуметтік байланысты нығайтудың ілкімді принциптерінің бірі деуге болады.

-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызға шақыру қағазымен өз ұстаздарыңызды, ата-аналарыңызды,туыстарыңызды келтіріп отырсыздар.Сағатымыздың тақырыбына байланысты алғыстарымызды білдірейік.(Оқушылар өздерінің жазған шығармаларын оқиды, алғыс парақшаларын, гүлдерін алғыс арнаған адамына тапсырады).

Алғыс туралы мақал-мәтел айту.

БАТАЛЫ ҚҰЛҒА БАҚ ҚОНАР

Азасыз бата — мазасыз.

Алғыс алған арымас, 
Қарғыс алған жарымас.

Алғыс алған жігіттің 
аты бәйгеден келеді.

Алтын алма, алғыс ал:
алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.

Бата бұзған барқадыр қалады.

Баталы құл арымас, 
Батасыз құл жарымас.

Баталы құлға бақ қонар.

Бедеу мінсең бел аласың, 
Алғыс алсаң көп жасайсың. 
Бота алғанша — бата ал.

Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.

Жаңбырмен жер көгереді, 
Батамен ер көгереді (Қорқыт).

Желінсау қой қосақка кірмейді, 
Құр табаққа бата жүрмейді.

Көп дұғасы — көл.

Қағынған қарғыс алар, 
Қарасқан алғыс алар.

Қарғыс алған көктемес.

Қарғыстан кісі өлмейді.

Қарғыстың ең ауыры — "Нан ұрсын!"

Қарғыстың ең жаманы:
"Өзің білме, білгеннің тілін алма!"

Құдайдың қарғысына ұшырасаң да, 
халықтың қарғысына ұшырама.

Құр алғыс азық болмайды.

Сілеу алма, тілеу ал.



Жаттап келген тақпақтарымызды айтайық:

Зарина «Мұғалім»

Білімнің жаққан шырағын,
Кездессе қайда мұғалім,
Беремін сәлем ізетпен,
Басымды иіп тұрамын.

Санамның аршып бұлағын,
Жаттаған үнін құлағым.
Жақсылық жолын үйреткен,
Қадірлі адам - мұғалім.
Өмірлік қымбат мұғалім,
Қадірлі жан деп ұғамын.
Атанып жақсы ұланың,
Жолыңды жарқын қуамын.

 Нурбек «КӨП БАЛАЛЫ Үй»

Жасыл шалғын төңірек,
Далам неткен келісті.
Жаңбыр жауса көбірек,
Көркейеді жер үсті.
Дәл осындай сәттерде
Жазылады өлеңім,
Жазып қойдым дәптерге:
Көп жаңбыр...
Ол – көп егін.
Осыны бар ел тілер,
Көп жаңбыр...
Ол — тоқшылық.
Қала сәнін келтірер,
Көп егілсе кек шыбық.
Көп бес алсам мен егер
Шаттанамын, әрине...
Көп бақытқа кенелер
Көп баласы бар үй де.

Сағынжан «Сақшы»

Оңай деп ойлама жұмысын,
Көп алғыс айтамыз бұл үшін.
Сақшы тұр шекара шегінде
Күзетіп елімнің тынысын.
Күзетіп тұр сақшы даласын,
Ауылын,
Аяулы қаласын,
Өзінің балдырған кезінде
Ұйкысын күзеткен анасын.



Айдынбек «Алгыс айту парызым», «Ең ардакты жан» (өз шығармашылығы).

Жаннур мен Нурбек «Ана» өлеңін орындайды

Маржан «Қазақ биі».

Даулет «Офицердің ойы»

Офицердің ойы

Қалыпты жай бұл күй:
Тәртіп бізде қатаң.
Ерте түрам ылғи,
Тосекке кеш жатам.
Өзіме бұл ұнар,
Жүрмін елді қорғап.
Айтқанымды ұғар
Кіл қырағы солда
Төзім, жігер керек,
Осы біздің ұран.
Солдаттарым зерек,
Кіл мұзбалақ қыран.
Ерлік – мәңгі мұрам,
Осы біздің ұран.
Қуанып-ақ тұрам,
Шынықса әр ұлан.

Венн диаграммасы

Алғыс Қарғыс

үлкенге рахмет Тілек сөз лағнет айту

сыйлыққа алғыс, ренжу

көмекке айту, өкпелеу,

құрметтеу ашулану,

жақсы жаман



Кроссворд

А

Л

Ғ

Ы

С

1.Өмірдегі ең қымбатты адам

2.Желтоқсан құрбанының бірі

3.Тоқтар Әубәкіров –

4.Тұрмыстық бұйым

5. Орысша «рахмет»


А

Н

А


Л


Ә


З


З


А


Т


Ғ


А


Р


Ы


Ш


К


Е


Р


Ы


Д


Ы


С


С


П


А


С


И


Б


О




Сабаққа келген қонақтарымызға сөз берейік...

Тәрбие сағатымыз аяқталды. Хош сау болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Ал?ыс айту парызым" та?ырыбында?ы т?рбие са?аты

Автор: Ажкеева Назгуль Тельмановна

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 310085


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства