|            1 кезең  уәждік-түрткі болу                                 |    Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:  Шаттық шеңбері.  Қол ұстасып, қане, біз!  Достасайық бәріміз.  Амансың ба, Күн Ана!  Амансың ба, Жер ана!  Амансың ба, достарым!  Сендерді көрсем қуанам!  Топтау әдісі арқылы түрлі-түсті карточкалар таратып, балаларды үш топқа бөліп отырғызу.  Проблемалық жағдай орнату.  Балалардың назарын мультимедиялық тақтаға аудару:  -Балалар, суретке назар аударайықшы. суретте не бейнеленген?  -Иә, балалар. Дегенмен кемпірқосақ көңілсіз екен. Себебі оның түстерін қатігез сиқыршы алып кеткен екен.  -Оған түстерін қайтаруға көмектесеміз бе?   |       Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын айтады, бір-бірімен амандасады, қонақтармен сәлемдеседі.  Үш топқа бөлініп отырады.        Балалар суретке назар аударады, суретте не бейнеленгенін айтады.  -Кемпірқосақ.     Балалар кемпірқосақтың түстерін қайтаруға дайын екендерін айтады.   |  
  |               2 кезең  проблемалық-ізденістік                                             |    Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:  -Ендеше, ең алдымен кемпірқосақ түстерін ажыратып алайық.  Ой қозғау:   -Кемпірқосақ қандай түстерден құралған?  -Балалар, біздің бояулар палитрасында тек қана үш түс қана бар екен. Бұл қай түстер? Қандай түстер деп аталады?  -Негізгі түстерді қосу арқылы біз қандай түстерді аламыз?  -Қосымша түстерге қай түстер жатады?  Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:  -Өте жақсы, балалар! Ендеше қосымша түстерді алу үшін сіздерді мынадай ойынға шақырамын.  Ойын «Қай түс пайда болады?». Тақтада көрсетілген негізгі түс қосындыларынан пайда болатын қосымша түсті көрсету.  -Жарайсыңдар, балалар! Боялар палитрасын кемпірқосаққа қажетті түстермен толтырдық. Кемпірқосақ түстерін қайтардық. Ендеше осындай табиғаттың әсем көрінісін бейнелейік.  Топпен жұмыс.  1-топ. Субояқпен қылқалам арқылы кемпірқосақты бейнелеу.  2-топ. Көз бояғышпен саусақ арқылы суретін салу.  3-топ. Акварель бояуымен картон арқылы сурет салу.      |       Балалар кемпірқосақ түстерін ажыратады.  -Қызыл, қызғылт сары, көк, жасыл, сары, күлгін.           -Көк, қызыл, сары  -Негізгі түстер деп аталады.  -Қосымша түстерді аламыз.  -Қызғылт сары, жасыл, күлгін.        Балалар ойын арқылы негізгі түстерден қосымша түстерді шығарады.              Балалар топ бойынша берілген тапсырманы орындайды. Кемпірқосақты бейнелеудің әр түрлі тәсілдерін қолданады.   |  
  |               3 кезең  рефлексті-түзетімдеуші   |    Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:  «Галереяны шарлау» әдісі арқылы балалардың жұмыстарын мадақтау, балалармен бірге талдау жүргізу, қорытындылау.   |          Балалар өздеріне ұнаған жұмыстарды атап айтады.   |