–Алдымен ауада жылы киімдерімізді киіп алайық. Шалбарымызды, күртешемізді бас киімізді, содан соң аяқ киімімізді киейік. Балалар сыртта жаңбыр жауып тұрған сияқты, тыңдайықшы. Жаңбырдың дыбысын тыңдайды. –Сыртта жаңбыр жауып тұр сондықтан қолымызға қолшатыр ұстайық. Орманға да келіп жеттік. Ой балалар, жаңбыр да басылып күн шықты. Ендеше балалар қолшатырымызды жинап қояйын. Қонжық: Орманда балалар, тыныштық сақтап жүруіміз керек. Табиғатты ластамай аялай білуіміз қажет. Педагог: Табиғат дегеніміз балалар бізді қоршаған орта. Табиғат– природа – nature Сарқыраған судың дыбысын тыңдайды. –Балалар, жақын жерде өзен бар сияқты. (Өзенде түлкі балық аулап отырады.) Сәлеметсізбе түлкіжан. –Түлкіжан сен не істеп отырсың? Түлкі: Мен қысқыға азық болсын деп балық аулап отырмын. Ал сендер не істеп жүрсіңдер? Балалар: біз қонжықтың үйін іздеп жүрміз. –Түлкіжан қанша балық ауладың? –Шелегіңде қанша балық бар? Түлкі: Мен санауды білмеймін. –Ендеше балалар, біздер санауға көмектесейік. Рахмет, қандай әдемі, білімді балалар.Мен сендерге ризамын. Ендеше мен сендерге балығымды сыйлаймын, балабақшаға барғанда аспазшы апайларыңа бересіңдер. Сендерге балық сорпасын пісіріп берсін, балық сорпасының денсаулыққа пайдасы өте көп. (Түлкі балаларға балық береді) Педагог: Балалар түлкіге рахметімізді айтып қоштасайық. Балалар, бұл ненің дыбысы? Желдің дыбысын тыңдайды. Теректердің артынан қоян секіріп шығады. –Сәлеметсіңбе қоянжан. Қонжық: Мен үйімді, анамды таба алмай адасып қалдым. Қоянжан жол көрсетіп жібересіңба? Қоян: Ендеше маған табиғат туралы тақпақ, мақал–мәтел айтып берсеңдер, жол көрсетемін. (Қоян балаларға риза болып, сәбізін береді) жол көрсетеді. Мына іздермен тура жүресіңдер. –Жарайды рахмет қош сау болыңдар балалар. Қонжық: алақай–алақай, анамды таптым, үйіме келдік. (анасымен қауышып, құшақтасып кешірім сұрайды) Аю: Рахмет балалар, қонжығымды тауып әкеп бергендеріңе. Сендер де аналарыңды тыңдаңдар. Балалар менің қонжығым жаңбырды өте жақсы көреді. Мен қонжымның бөлмесіне жаңбыр суреті бар түс қағаз жапсырып жатырғам жетпей жатыр маған көмектесесңдерме түсқағаз жасауға. –Әрине көмектесеміз, –Ендеше балалар жаңбырды қағаз бетіне бейнелейік. Алдымен саусаққа жаттығу жасайық. «Жаңбыр мен бұршақ» ойынын ойнау арқылы –Мен жаңбыр дегенде үстелді саусақтарыңмен тырсылдатып ұрасыңдар, ал бұршақ дегенде шапалақтаймыз. Шығармашылық орталығында жұмыстану. (әдіс тәсілдерін көрсету, түсіндіру.) Аю мен қонжық: Балалар мен сендерге ризамын Ендеше біздің сыйлығымызды қабыл алыңыздар. (бал береді. Балдың денсаулыққа пайдасын айтып береді.) (Аюмен қонжықпен қоштасу) Балалар жүрген жолымызбен балабақшамызға қайтайық. Балабақшаға келе жатып аспазшы апайға звандау. Салматсызба аспазшы Гүлбаршын апай, сіз біздің «Айгөлек» тобымызға келіп кетесізбе? (Аспазшы апай келеді.) |