Білім беру саласы: | Таным |
Бөлімі: | Қоршаған ортамен таныстыру |
Тақырыбы: | Судың пайдасы |
Мақсаты: | Судың қасиетімен таныстыру; оның жыл мезгіліне қарай өзгеруін және адам өміріндегі пайдасы туралы түсінік беру. |
Міндетті: | Өмір көзі судың қасиеті туралы түсінік беру. Табиғаттағы су көздері туралы дүниетанымдарын кеңейту.Судың адам өміріндегі маңызын айшықтау. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және қамқоршы болуға баулу. |
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: | Тәжрибеге арналған заттар: стакан, су, жұмыртқа. таспаға жазылған судың дыбысы. Жыл мезгілінің суреттері. |
Кезеңі | Тәрбиешінің іс әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық кезең Ұйымдастырушы кезең Сергіту сәті | Сылдырап аққан судың дыбысын естиікші. Балаларға сарқырап аққан судың дыбысын үнтаспадан қосып тыңдатады Судың сылдырын естігенде ойларыңа не келеді? Ал менің көз алдыма су бетінде жүзіп бара жатқан қайық елестейді. Сендер қайыққа отырып көрдіңдер ме? Ендеше, қазір жартымыз желкенді қайық жасайық.(Балалардың жартысын өнер орталығына отырғызады) «Су кімге қажет?» дидактикалық ойыны. Балалар, судың кімге қажеті бар екендігін айтыңдаршы.Иә, сендер дұрыс айтасыңдар.Ол барлық тіршілік иелеріне қажет. -Адамдарға су не үшін қажет? Біз сумен не істейміз? -Жануарларға су не үшін қажет? -Балықтар мен өзге де су асты жануарларына су не үшін қажет? -Ал, өсімдіктерге ше? Балалардың назарын стаканда құйылған сүт пен суға аударады: Балалар менің столымның үстіне екі стакан тұр.Қайсысында су тұрғанын анықтаңдаршы. Қайдан білдіңдер? Дұрыс,ол мөлдір,түссіз. -Судың дәмі бар ма? (балаларға түтікше беріп судың дәмін татытып көреді) -Судың иісі бар ма?(иіскетіп көреді) «Төрт құбылыс» .Алдын ала ойын шартымен таныстырады. «Су» дегенде-жүзу, «Ауа» дегенде-айналу «От» дегенде- отыру, «Жел» дегенде-екі жаққа қолдарын созып теңселу.Балаларға кезек-кезек сөздерді айтып тұрады. Балалар, табиғатта су әртүрлі жерде және жыл мезгіліне қарай әртүрлі күйде кезігеді. «Қашан, қандай? » дидактикалық ойыны. Жыл мезгілдері суреттері ілінген жерге балаларды апарады. Ойын шартын түсідіреді. Балалар, егер су бір жерде өте көп жиналса ол –көл болады, өзенге айналады, одан көп мөлшерде теңізге айналады. Табиғатта көлдер мен теңіздердің суы ащы және тұшты болып кездеседі. Қазір біз оны өз көзімізбен көрейік. Теңіздің суы тұзды болады. Ол ішуге жарамсыз. Эксперимент. -Балалар мына стакандағы суға жұмыртқаны салып көрелік.Бұл күнделікті өзіміз ішіп жүрген қайнаған су. -Қайнамаған су ішуге болады ма? Әрине, онда көптеген микроағзалар болады. -Жұмыртқа суға батты ма, әлде судың бетінде ме? -Ал енді суға тұз салып көрейік. (Жұмыртқаны алып тастап суға тұз салып араластырады). Тұз суға салған да қайтті? Дұрыс айтасыңдар судың еріткіштік қасиеті бар. Бояуды да суда ерітеміз ғой. (Жұмыртқаны қайтадан суға салады): -Енді жұмыртқаға не болды? Міне, балалар, тұзды суға заттардың бәрі бата бермейді.Тіпті адамдарға да осындай суда жүзу оңай. | Балалар суға қатысты өздерінің күнделікті өмірлерінде болатын жағдайларды қатыстырып айтады. Берілген заттардан үлгіге қарап желкенді қайықты қиып, жапсырады. Судың суретінің жан-жағына суреттерді іліп отырады, судың оған не үшін қажет екендігін айтып отырады. Балалар су құйылған стаканды табады. Судың қасиетін анықтайды. Балалар шартты сөздерге тиісті қимылдарды жасап тұрады. Карточкадағы суреттерді тиісті жыл мезгілінің үстіне орналастырады.Орналастыру себебін түсіндіреді. Балалар бақылайды, бақылау барысында көргендерін айтады. Тұздың суда ерігенін айтады. Жұмыртқаның суға батпай, бетінде қалғанын айтады. |
Рефлексивті-түзетуші | - Су қандай? -Бізге су күнделікті өмірде не үшін қажет? -Су бермесе жануарлар мен өсімдіктерге не болады? -Табиғатта су қандай күйде кездеседі? -Теңіздің суы қандай болады?
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: | Судың адам өміріне пайдасы туралы және оның қандай күйде кездесетіні туралы білу керек. |
Нені игереді: | Судың қасиеттерін (иіссіз, түссіз, еріткіш) игереді. |
Нені біледі: | Сумен қарапайым тәжірибе жасауды үйреніп біледі. |