Нетрадиционный урок "Путешествие в водное царство", дети с инструктором физического воспитание выполняют разные упражнение на коврике, используется интерактивная доска
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Су патшалығына саяхат»
«Салтанат» бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Тақырыбы: Су патшалығына саяхат.
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
Б. Қ.Рамазанова
Петропавл 2017-2018 оқу жылы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру Тақырыбы: Су патшалығына саяхат Мақсаты: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Дене шынықтыру жаттығуларының түрлі жолдарымен таныстыра отырып, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы жайлы әңгімелеу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Су асты әлемі туралы балаларға түсінік беру. Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, жаттығулар жасату. Көрнекіліктері: Слайд Қажетті құралдар: Орындықтар, слайд, массажға арналған доптар, корапта кұм, корапта тастар. (музыка) Балалар саппен залға кіреді.
Нұсқаушы: Топ тік тұр, түзел, сәлеметсіздерме балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Нұсқаушы: Балалар, қараңдаршы бізге қаншама қонақтар келген. Қанекей баріміз қонақтармен амандасып жақсы көңіл-күй сыйлайық. (қонақтармен амандасады, күлімдейді)
Балалар: Сәлеметсіздерме!
(музыка көлдің дыбысы)
Нұсқаушы: Балалар, бәріміз алдарыңда жатқан кілемшелерге жайғаса ғойыңдар. Аяғымызды малдос құрып отырамыз. Біз сендермен көздерімізді жұмып мына әуенді тыңдап көрейікші. (музыка көлдін жағасы)
- Балалар, әуенді тыңдау барысында сендердің көз алдарыңа не елестеді айтып көріндерші.
Балалар: Судын, толқыннын, кұстардың дыбысы.
Нұсқаушы: Дұрыс айтасындар. Менің де көз алдыма теңіз маңында жүргендей елестеді.
- Балалар ендеше біз сендермен теңіз патшалығына саяхатқа барсақ қайтеді. Барғыларын келеме?
Балалар: Иә.
Нұсқаушы: Балалар онда қандай көлік түрлерімен баруға болады.
Нұсқаушы:Біз сендермен теңіз жағалауына пойызбен барамыз.
Нұсқаушы: Келіңдер балалар пойызға отырайық.
(музыка)
Нұсқаушы: Бәрің жақсылап жайғастыңдар ма?
Балалар: Ия
Нұсқаушы: Жай отырмай әрі қарай көңіл күйімізді, көңілді жаттығулармен көтерейік.
(музыканың дыбысымен жаттығу істейміз)
1. Бастапқы қалып, орындықта отырып арқамызды тіреп,қолымызды белге қойып, аяқты бірге қосып. Он жақтағы сол жақтағы тереземізге қарайық. Дала қандай тамаша.
2. Ал пойызымыз жылдамдығын арттыру үшін.
Бастапқы қалып орындықта отырып қолды төмен түсіріп алға қарай шеңбер бойынша қолымызды алдымызда айналдырайық.
Міне пойызымыздың жылдамдығыарта түсті.
3. Бастапқы қалып орындықта отырып. Арқамызды сәл орындықтан алыстатамыз. Қолымызды белге қоямыз. Он жаққа, алға, сол жаққада, алға қараймыз.
4. Бастапқы қалып орындықта отырып, қол белде, аяқпен топылдатамыз.
5. Орнымыздан тұрып, қол белде қойып. Орындықты жанында жоғарыға секіреміз.
Орындыққа отырып, терең демалып шаршағанымызды басайық.
«Трубашы». Орнында отырып, қол басын жұдырық түйіп, мұрынмен демді алыпұзағынан дем шығарып «пф-ф-ф-ф» деп қатты дыбыстау (4-5 рет).
Нұсқаушы: Тамаша міне пойызымызбен теңіз жағалауына жетіп қалған сияқтымыз.
Нұсқаушы: Қане балалар пойыздан түсейік. Бастаушының артынан жүрейік. Балалар қараңдаршы біз кайда келдік. Жан-жақтарына не көріп тұрсындар?
Балалар: Құм, су, тастар.
Нұсқаушы: Ендеше біз теңіз жағалауында жүрген сйақты сезінейік. Қанекей онда біз құмдармен тастармен жүріп өтейік. Ол үшін біз чешкиларымызды аяғымыздан шешіп алайық. (құммен, тастармен жүреді)Кілемшелерге жайғасады.
Нұсқаушы:Балалар қараңдаршы теңізде нелер болады екен?
Балалар: Балықтар, балдырлар, таспақалар.
Нұсқаушы: Жарайсыңдар, енді келесі суретте кандай балықты көріп тұрсыңдар?
Балықтың аты, қимылы кілемшеде отырып жасау.
«Үлкен киттер» Шалқамыздан жатамыз. Қолымызды желкеге қоямыз. Аяғымызды бірге қосамыз.1 дегенде аягымызды көтереміз, 2 дегенде түсіреміз. 3-4 қайталаймыз.
«Су аты»Тік тұрып, аяқ бірге қол жанымызда. Оң аяқты алға созып 1-2 сәл отырамыз. Осы кезде колды кеуде жанына әкеліп жұмыдырықты түйеміз. Осы жаттығуды сол жақаяққа да қайталаймыз.
«Дельфиндер» Қол жанымызда бос, аяқ бірге. Жоғарыға секіреміз, 1 оңға, 2 артқа, 3 солға, 4 алғашқы қалыпқа оралу.
«Толқындар»Тізерлеп отырып, қолдыжоғары көтеріп, 1-2 оң жақ аяққа отырамыз. 3-4 бастапқы қалыпқа оралу. Осы жаттығуды сол жақаяққа да қайталаймыз.
Демалу жаттығуы: Аяқ иық деңгейінде, қол жанымызда. Демді ауызымызға толтырып алып. Шығарған кезде жұмыдырықты түйіп, бетімізді ақырын басып, ауаны сәл-сәл шығарамыз. Сол сәтте алға қарай ақырын - ақырын еңкейеміз.
Нұсқаушы: Керемет балалар қарандаршы қандай әдемі балықтар, өздері көңілді екен. Мынау балалар қандай құс.
Балалар: Шағала.
Нұсқаушы: Балалар сендермен ойын ойнайықшы. Ойыннын аты шағала.
Ойын:«Шағала»
Ережесі: Шағалалар теңіз бойында балық аулауауға шығады, ал бізде ендеше балық аулауға шығайық. Шағалалар ұшамыз дегенде сендерде үшасындар. Шағалалар жартасқа дегенде, жартасқа конамыз.
Нұсқаушы: Балалар бұл ойынды дене шынықтыру залында тағыда ойнаймыз жарайма.
Демалу жаттығуы
Шағалалар тыныс алу жаттығулары жасаймыз.Барлығымыз бірге мұрнымызбен демаламыз. Ауаны шығарғанда «гу» дейміз.
Балалар өте тамаша біз сендермен теңіздегі тіршілік мекеніне саяхат жасадық сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия
Нұсқаушы: Жарайсыңдар мағанда өте ұнады. Енді біз сендермен балабақшаға оралу үшін пойыға жайғасайық.
Нұсқаушы: Балалар біз сендермен кірпі балықты көрдік, сол кірпі балыққа ұксайтын допты дайындап әкелдім. Міне қарандаршы қандай доп. Енді осы доппен денемізді тыныштандырайық үгу жасаймыз.
- Допты оң қолымызға аламыз, сол қолдың саусақтың ұшынан қолдың иығына дейін әрі бері домалатамыз.
- Енді допты сол қолымызға аламызда, оң қолда сол жаттығуды қайталаймыз.
- Допты оң қолымызға аламыз, мойнымызда әрі бері домалатамыз.
Енді ішімізге допты қойып сағаттың тіліндей домалатамыз.
Бірінші оң қолда ұстап, оң аяқта алға, артқа домалатамыз.
Нұсқаушы: Тамаша мінекей балабақшаға да жетіп қалдық.
(орындыктарды тұрамыз кілемшеге отырамыз)
Нұсқаушы: Ал енді клемшеге шалқамыздан жатып, көзімізді жұмайық. Денемізді босатып еркін жатайық.
(музыка демалу)
Нұсқаушы: Сұрақ - жауап. - Балалар су асты әлемінде сендер қандай балықтарды көріп қимылдарын жасадыңдар?
Күтілетін нәтиже: Қайталай алады: Су – табиғат сыйы. Сусыз тіршілік жоқ екенін біледі. Түсінеді: Әр - түрлі жаттығуларды қызығушылықпен жасауды игереді. Қолданады: Қауіпсіздік ережелерін сақтауды меңгереді.