Просмотр содержимого документа
«Информатика патшалығына саяхат»
Ембі қалалық №7 орта мектебі
Информатика патшалығына саяхат
2016-2017 оқу жылы
Информатика патшалығына саяхат
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділқазылар мен көрермендер. Сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз «Информатика патшалығына саяхат» атты сайыс сабағымызды бастайық.
Құрметті әділ қазылар. Әр тапсырмадан кейін сіздерді әділ бағаларыңызды қоюыңызды сұраймыз, ең үлкен әділ баға- 5 балл.
Жүргізуші:
Біліммен сайысады екі команда,
Мықтылары озып шығар бұл жолда.
Қызықтайық өнерін солардың,
Шықсын дейін қолды соғып енді алға.
Кеш «Windows», «Вирус»топтарының арасындағы сайыс түрінде өтеді. Әр команда өздерінің эмблемаларын, капитандарын, топтың ұраның таныстырады.
Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгін біз кемеге отырып, мұхитты жүзе, «Информатика патшалығына саяхат» жасамақпыз.
Топтар әр аралға тоқтап, ондағы тапсырмаларды орындаса ғана, әрі қарай жүзе алады. Сондықтан топтар тапсырмаларды дұрыс және жылдам орындауға тырысу керек. Ал енді қай топ «Информатика патшалығына» жылдам жетуін көрейік. Сонымен екі топ екі кемеге отырғызылсын. Енді сапарымызды бастайық (кеменің жүзу маршруты көрсетіледі). Кеменің жүзу маршруты:
1) «Қиын сұрақтар» аралы – топтарға информатикаға байланысты сұрақтар қойылады.
2) «Көркем сурет» аралында - топтар сурет жағынан шеберліктерін таңытады.
3) «Сиқырлы пернелер» аралында балалар пернетақта бойынша білімдерін көрсетеді.
4) «Ғажайып қалам» аралында – сайысты қазақ бөлімінде өткізгеннен кейін, информатика пәніне арналған өлең шығарады.
5) «Тапқырлар» аралында – 2 топқа сөзжұмбақ беріледі, оны әрине уақытқа шешу керек.
Жүргізуші: Балалар, біздің кемеміз «Қиын сұрақтар» аралына келіп тоқтады. Мұнда бізге бірнеше сұрақтар берілген. Соларға дұрыс жауап берсек, әрі қарай жүзуге жолымыз ашылады.
1. «Қиын сұрақтар» аралы.
Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинау арқылы кеме алға қарай жылжып отырады.
1. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (антивирус).
2. Информацияның өлшем бірлігі? (байт, бит).
3. Мәтін жазуға арналған редактор? (Word).
4. Дискеталдарды оқу құрылғысы? (дискжетек).
5. Ең басты батырма (Пуск)
6. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (СD-RОМ)
7. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер).
8. Ақпаратты енгізу құрылғысы (сканер, пернетақта).
9. Архивтеу программалады дегеніміз не? (Детектерді сығады).
10. Есептегіш программа (калькулятор)
11. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс? (интернет).
Жүргізуші: Жарайсындар балалар! Кемеміз «Қиын сұрақтар» аралынан өтті, енді алдымызда «Көркем сурет аралы» күтіп тұр. Бұны да қиналмай өтіп кетейік. Білімімізге сенейік. Мұнда қандай тапсырма бар екен, қане көрейік.
2. «Көркем сурет» аралы.
Сіздерге конверт берілген, Конверт ішіндегі қиындыларды дұрыс жинап, нәтижесінде бір сурет шығу керек. Осы тапсырмага 10 минут уақыт беріледі. Ал топтар тапсырманы орындағанша, біз мұғалімдермен сөзжұмбақ шешеміз.
1. Деректер компьютерде ... сақталады. Ол тұрақты және оперативті болады (Жад)
2. Белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны (Файл)
3. Компьютер жұмысына, файлдарына зақым келтіретін программ (Вирус)
4. Деректерді олардың кодтың комбинациясымен теңестіру (Кодтау)
5. Стандартты кішігірім мәтіндік редактор (Блокнот)
6. Ғаламдық тор (Интернет)
7. Кез келген терезенің 2 – ші жолы (Мәзір жолы)
8. Компьютерде операциялық жүйемен бірге орнатылатын программалар жиыны (Стандартты)
9. Есептегіш программа (Калкулятор)
10.Сол жолда қандай файл ашылған, неше беттен тұрады және көлемі көрсетіледі (Қалып-күй жолы)
Жүргізуші: Ал кәнеки балалар уақытымыз бітті, нәтижесінде осындай сурет шығу керек.
Әділ қазылар алқасы сөз кезегі сіздерде
Жүргізуші:3. «Сиқырлы пернелер» аралы.
Келесі аралға сапар шегейік. Онда қандай тапсырмалар бар екен? Бұл сайыс та тек капитандар ғана қатысады. Ал екі топтың капитандарын ортаға шығуларыңызды өтінеміз. Сіздерге қапшықта сиқырлы пернелер бар. Қапшықтан сиқырлы пернені алып, оның атын және функциясын атауларыңыз қажет. Біз кемеге капитандардың алғыр білімдерінің арқасында бұл аралдан да өттік.
Әділ қазылар алқасы сөз кезегі сіздерде
Жүргізуші: 4. «Ғажайып қалам» аралы.
Бұл арал – шығармашылық аралы. Сайысты қазақ бөлімінде өткізгеннен кейін, информатика пәніне арналған 8 жолды өлең шығару керек. Бұл тапсырма сізге үй жұмысы болып берілген.
Әділ қазылар алқасы сөз кезегі сіздерде
Жүргізуші:5. «Тапқырлар» аралы.
Бұл аралда топтар сөзжұмбақты шешеді. Бірақ бұл сөзжұмбақта бір сиқыр бар. Егер сіздер сөзжұмбақтың шешімін тапсаңдар, оның қазақша, орысша және ағылшынша баламаларын табу керек. Сіздерге бұл тапсырманы орындауға 10 минут уақыт беріледі.
Топтар тапсырманы орындағанша, көрермендермен жұмбақ шешеміз.
«Информатика патшалығына саяхат» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Оқушылар екі кемеге отырғызылып, осы бөлім шарттары бойынша мұхитпен жүзе отырып сайысты. Ал енді әділ қазылар осы сайыстың жеңімпазын анықтағанша, құрметті көрермендер, біз сіздермен сауалнама жүргіземіз.
Сан тұлпарлар сынға түсті бәрі бірдей дауылпаз,
Бәрі болу мүмкін емес, бір ғана жеңімпаз.
Әділдігін сұрап отыр сараптаушы алқадан,
Тамашалар қалық мына көрермендер атынан.
Әділ қазылар алқасы сөз кезегі сіздерде
«Информатика патшалығына саяхат» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Топтар екі кемеге отырғызылып, осы бөлім шарттары бойынша мұхитпен жүзе отырып сайысты. Сайысымыз жақсы өтті деп ойлаймыз. Сау-саламат болыңыздар!!!