kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім патшалы?ына саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сынып?а арнал?ан "Білім патшалы?ына саяхат" сыныптан тыс іс - шара. Саба? жа?а - ?діс т?сілмен я?ни "Блум" токсаномиясы ар?ылы ??рыл?ан. Саба?та о?ушылар бірінші рет критерий ар?ылы ба?алауды орындады. Ба?алау ?ш критерии ар?ылы ж?зеге асты. О?ушылар ?уаныш Ша??ытбаевты? ?мірімен ж?не е?бек жолымен танысты. Сонымен ?атар саба?та о?ушылар шы?армашылы?пен ж?мыс жасай алды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім патшалы?ына саяхат»

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қарашоқы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі: Бақытжан Айханым



Сабақтың тақырыбы: Білім патшалығына саяхат

Мақсаты: Оқушылар білімдерінің жан - жақты болуына, өзіне деген
сенімділігін қалыптастыруға бейімделеді;
Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылады;

Сайыста жауапкершілікті, шапшаңдықты, тиянақтылықты үйренеді.
Сабақтың әдіс- тәсілі: топтық жұмыс, ойын, сұрақ – жауап.

Эвалюациялау инструменттері: слайд, кеспе қағаздар, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: “Адам байлығының ішіндегісі ең тамашасы - білім” деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл Беруни. Ендеше 3 сыныппен өткелі тұрған “Білім патшалығына саяхат” сайысына қош келдіңіздер.

Сайыс кезеңдері:

I «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
II «Ойлан, тап»
III «Сен білесің бе?»
IV «Аударыспақ»
V «Кім жылдам?»

VІ «Ой толғау»

Шаттық шеңбері: Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу: 3-топқа бөліну үшін мұғалім нұсқаулығына байланысты өздері ұнатқан жемістерді таңдап алады және сол топқа барып отырады. Таңдаған жемістеріне байланысты мінездеме беріледі.

Әділқазы алқасын сайлау: Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтетіндіктен әділ қазы алқалары болуы керек, бірақ әділқазы алқалары өзіміз боламыз. Яғни әр топ өзін-өзі бағалайды.

Сайысымызды бастамас бұрын, топ ережесін құрастырып алайық.

  1. Топта бірін – бірі тыңдау.

  2. Уақытпен санасу.

  3. Достық көмек көрсету.

  4. Ережеге бағыну



Ендеше, сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
1- айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Үш топқа 6 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға жеребе тастау барысында қолына түскен әріптен басталатын сөзбен жауап берулері керек.
Сұрақтары: 1. Өсімдік атын ата.
2. Қазақтың ұлттық тағамын ата

3. Болашақта кім болғың келеді?
4. Досыңыздың аты кім?
5. Сіз өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?
6. Жазғы демалыста қайда қыдырасыз?

2- айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа  3 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет. Әр дұрыс жауапқа

  1. ұпайдан. Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)  

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3. - . . . Ал, сөйле, батырым! Ол тәртіпсіз бұның бәрін қалжың деп ойлайтын болуы керек, күледі маған қарап. Көзін бажырайтып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді өзімді. Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымды қарс түйіп, үстелді тарс еткізіп қойып қалдым.

(«Менің атым Қожа». Б.Соқпақбаев)

4. Қартайып нашар көрді Маймыл көзі,

Ойлады ем етерге оған өзі.

Көз кетсе, көзілдірік емі деген

Тиетін құлағына жұрттың сөзі.

(«Маймыл мен көзілдірік». А.Байтұрсынұлы)

5. Кітапты ала сала Әлкей оңаша кетіп қалды. Кітаптың атын әлсін- әлсін қайталап оқыды. Әлкейдің қолына тигені Абайдың өлең кітабы болатын.

(«Оқымысты бала», А.Жақсыбаев)

6. Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!

(«Не үшін!», Қадыр Мырза Әли)

7. «Сіз», «біз» деген – жақсы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті.

(«Сіз», «біз» деген – жақсы сөз», Өтебай Тұрманжанов)

8. Атасы: «Менің Армантайым – нағыз ер, сөзіне берік», - деп мақтады. Әжесі де: «Өзін – өзі жеңген бала қиындық атаулының бәрін де жеңе алды», - деді. Арман бірақ бұған мақтанбады.

(«Өзін – өзі жеңген бала», Дәулет Қасенов)



9. – Әй, әжем, қараңғы әжем, мені ауру ғой деп тұрмысыз. Сап – саумын.

Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шығып кеттім. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді...

(«Менің атым Қожа», Бердібек Соқпақбаев)



Сергіту сәті: Барлығымыз орнымыздан тұрып «Қара жорға» биін билейік.


3-айналым. «Сен білесің бе?» Математика пәнінен ауызша есептер.

1-топ
- Ондықпен 100 - ге дейін тура сана.
- 50 мен 20 сандарының қосындысын тап.
- Азайғыш 90, ал азайтқыш 70. Айырманың мәнін тап.

- Әкесі 50 жаста, ал баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста?
- Айгүлде 100 тг. болды, ол 40 тг. дәптер сатып алды. Айгүлде неше теңге қалды?

2-топ
- 100-ден бастап ондықпен кері сана.
- 40 пен 30-дың қосындысын тап.
- Азайғыш 80, ал азайтқыш 10. Айырманың мәнін тап.
- Жарысқа бір мектептен 30 бала, ал екінші мектептен одан 10 бала артық қатысты. Екінші мектептен неше бала қатысты?
- Дүкенге 10 қорап алма, 20 қорап жүзім әкелді. Барлығы неше қорап жеміс әкелді.

3-топ
- 9-дан кейінгі сан....
- 30 бен 50 қосындысын тап.
- Азайғыш 60, ал азайтқыш 20. Айырманың мәнін тап.
- Автотұрақта 50 машина тұр еді, тағыда 10 машина келді. Автотұрақта барлығы неше машина болды.

4 –айналым «Аударыспақ».

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз әдебиеттік оқу пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 4 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтулары керек.  

1- топ.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

2-топ

1. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

2.Таяқ тастам  жер (жақын)

3.Жүрегі тас төбесіне шықты      (қорықты)

4.Қас пен көздің арасында        (тез, жылдам, лезде)

3-топ

1.Ат құлағында ойнайды       (шабандоз)

2. Бетінен оты шықты (ұялу)

3. Ит өлген жер (алыс)

4. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)



5-айналым «Кім жылдам?».

Үш топқа бірдей «қанағаттандыралмағандықтарыңыздан» сөзі беріледі, оқушылар осы сөзден мағыналы сөздер құрау керек. Әр дұрыс сөз 1 ұпаймен есептеледі. 5 мин уақыт беріледі.

(қан, қанағат, ат, ата, арал, таң, ал, аттан, мал, алма, Қарағанды, Алматы, ана, аң, аға, аңыз, қар, қарға, қамал, қараңғы, дала, ала, қала, тары, тар, надан, Қанат, тамыр, ақыл, ақылды, т.б.)



6-айналым «Ой толғау» шешуші кезең.

Бұл кезеңде оқушылар білімді, білімсіз оқушыны сипаттау арқылы постер салулары керек. Және де бір-бір сөйлем арқылы осы оқушыларға мінездеме береді.



Қорытынды: Жеңімпазда анықтап, жеңіске жеткен топты мадақтап, мақтау қағазымен марапаттау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Білім патшалы?ына саяхат

Автор: Бакытжан Айханым

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314582


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства