Мотивациялық-қозғаушылық | 1. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. 2. Балаларға «Не істедің?» дидактикалық ойынын арқылы оқу іс-әрекетін бастау. Ойынның шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысын тыңдатып,ненің дауысы екенін ажырату. | 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады. 2. Жануарлардың қай жануар екенін даусынан таниды. |
Ұйымдастыру-ізденістер | - Сонымен,балалар, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады? - Дыбыстар әртүрлі болады.Мысалы: а-а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады, дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы:д дыбысы. Балаларға дыбыс туралы толық түсіндіргеннен кейін,дыбыстардан сөз құралатынын айту және сөз туралы мағлұмат беру. Мысал келтіру. «Ана» деген сөзге дыбыстық талдау жасалады.Ана сөзі үш дыбыстан тұрады. 3. «Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны. Ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жасырады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады. 4. Дидактикалық ойын: «Қай буынды жоғалттым?» Бәріміз ойынға жақсы араласып, белсенділік танытайық. -Мен қазір сендерге бір буын айтамын,сендер сөздің соңғы буынын табасыңдар. Мысалы: са-ғат а-ғаш мы-сық кү-шік т.б Дәптермен жұмыс: 1.(піл, доп, қаз, мы-сық, түл-кі, кү-шік, а-рыс-тан, кө-бе-лек, жа-пы-рақ, кі-тап-ха-на, дә-рі-ха-на) суреттегі сөздерді буынға бөлу. Неше буыннан тұратынын айту. Үзік сызықпен берілген дөңгелектерді сызып шығу. 2.Дәптердегі суреттердің (зымыран,машина,автобус,қоян,түлкі,аю,қарлығаш,торғай,үтік,кресло)атарын айтқызып,әр сөзде қанша дыбыс бар екенін анықтау. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып сызу. | -Дыбыс. Балалардың өздеріне сөз құрату. Балалар сөз құрайды. Ойынға белсене араласады. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексивтік-түзетушілік. | Сөз құрату және дыбыстық талдау жасату. Мысалы: ара сөзі үш дыбыстан тұрады. а, р, а, Дыбыс пен сөз туралы алған білімдері бойынша сұрақтар қойылады.Балалардың жауаптарын толықтырып отыру керек. | Балалар алдымен дыбыстардан сөз құрап, сосын сол сөздерден сөйлем құрау арқылы сабақ қорытындылады. |