Просмотр содержимого документа
«"Сөздер мен дыбыстар"»
Үлкеншыған ОМ
Мектепалды «a» сыныбы
Тәрбиеші: Нургалиева Мейрамхан Төрехеновна
Ұйымдастаралған іс-әрекет тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар
Міндеті:Сөз, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты және дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Есту қабілеттерін жетілдіру.
Көрнекілігі: ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер.
Барысы:
Балаларды іс-әрекетке ұйымдастырамын. Балалардың назарын өзіме аударып, есік қағып, олардан не естідіңдер деп сұраймын?
Дабыл, тарс – тықылдақ.
Ал, мен барабанды ұрамын. Бұл дыбыс па, сөз ба?
Дыбыс.
Иә, балалар сендер дыбысты естідіңдер, дыбыстардың бәрі бірдей ме?
Дыбыстар әр түрлі болады.
Иә, А-ааа деп созып айтсақ даусымыз еркін шығады. Ал, енді балалар, «Д» дыбысы қысқа айтылады.Қане «А» және «Д» деп айтып көрейік.
Айырмашылығы қандай?
«А» созылып айтыла береді, «Д» айтылмады.
Иә, дыбыстар, дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар кедергі жасап, созылып айтылмайды. Мысалы: т, м,р,с,п.
Дауысты дыбыстар кедергі келтірмей ұзақ айтыла беріледі. А-аааа, Е-еее.
Ал, енді балалар, осы дыбыстардан сөз құрайық. Мына ойыншықтарды атаңдар.
Қуыршақ, машина, текше, доп.
Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бөл ойыншықты білдіреді. Сөз дыбыстан құралады. «Ана» сөзін талдайық. АНА сөзінде неше дыбыс бар.
3 дыбыс бар.
Иә, 3 дыбыстан құралған.
Сергіту сәті:
Секіреміз топ – топ
Шапалақтап көп – көп
Сол аяқпен 1,2,3
Оң аяқпен 1,2,3
Демалайық жинап күш!
Балалар, «Сөз ойла, тез ойла » ойынын ойнайық.
Д/О: «Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: Балаларды сөздерді дұрыс айта білуге үйрету. Шапшаңдығын арттыру
Ал, енді менімен бірге тақпақ жаттайық.
А деген ол аналар ғой ардақты
Ә деген ол әкелер ғой салмақты
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде, үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрды ол алфавиттің басында.
Балалар, дыбыс пен сөздің айырмашылығы қандай?
Дыбыс тек құлаққа естіледі, ал сөзді біз жаза аламыз, оқи аламыз.