Тақырыбы: «Сиқырлы математика»
(орта топ)
Білім беру саласы «Қатынас» «Таным», «Шығармашылық» «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Қарапайым математика», «Дене шынықтыру», «Жапсыру»
Мақсаты: 5 саның құрамы бойынша санау, қысқа ұзын ұғымын түсіндіру. геометриалық пішіндер үшбұрыш. төртбұрыш, тік төртбұрышты атап ажырату үйшік құрастырып жапсырумен саусақ қимылдарын дамыту. Дене қимылын жетілдіру адымдап, жүрелеп жүру, доға астынан еңбектеп өтуді пысықтау
Көрнекі құралдар:жапсырма үйшік үлгісі,санауға арналған түрлі геометриялық пішіндер,қораптар, шар,доғалар
әдістемелік әдісі:үлгі көрсету, түсіндіру, бағалау, ойындар, мадақтау
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық жағдай туғызу | Шуақты шеңбер айналасында жиын: Балаларды өзіне қаратып, барлықтарына бір -біріне күлімдеп қарап жүрек жылуын көрсетуін өтінеді. Содан соң балаларға арналған қораптар стол үстіне қойылғанын көрсетіп, олардың өз орнына барып отырып алдындағы қорапты ашып көріңдер дейді | Тәрбиешіге, бір- біріне қимылмен, көз қарасымен жүрек жылуын жолдайды содан соң орындарына барып отырып қораптарды ашады |
Іздену- ұйымдастырушы | Балаларға қораптан пішіндерді алғызып санатады, тік төртбұрыштарды санатады (1 үлкен, 1 кішкентай тік төртбұрыш,1 үлкен,1 кішкентай төртбұрыш). Қызыл түстісі үшбұрыш қанша? Көк түсті үлкен төртбұрыш қанша? Ақ түсті кішкентай төртбұрыш қанша? Қоңыр түсті үлкен тік төртбұрыш қанша? Қара түсті кішкентай тік төртбұрыш қанша? Содан соң осы пішіндерден әдемі үйшік құрастыруға болады дейді. Балалардан құрастыруды үйренесіңдерме деп сұрайды. Олай болса, мына әдемі үлгі жапсырмаға қараңдар,- деп оны жасау әдістерін үйретеді. Орындаған жұмыстары көрме сөресіне апарып ілгізеді, жасаған жұмыстарын бағалатады. Осы кезде музыка әуені естіледі мүзакасын ойнатып қолына магнитофон ұстап мысық келеді. Балалармен сәлемдеседі меніменен жаттығу жасайсыңдар ма ? деп балалардан сұрайды Мысық балаларға ғажайып қапшықты көрсетеді оны алысқа қояды жаттығу жасап, доға астынан үш реттен өткен балаларға қапшықта сыйлық бар дейді.
1б.қ аяқтың арасы ашық, қол төменде 1-қолды алға созып, тізені бүгу, 2-б.қ оралу, 4-5 рет қайталау. 2б.қ аяқтың арасы ашық, қол төменде. 1-қолды жоғары көтеру, 2-оңға қарай тербелу, 4б.қ оралу. 4-5 рет 3б.қ аяқтың арасы ашық, қол төменде. 1-еңкейу, 2б.қ оралу 4-5 рет қайталау 4б.қ аяқты созып отыру. 1-қолды жоғары көтеру, 2б.қ оралу 4-5рет қайталау 5 б.қ аяқты айқастырып секіру 7-8 секунд Содан соң екі қатардың алдына бірінен соң бірі қойылған доғалардың астынан өтіп барып қапшыққа қол тигізіп, орнына оралу -3-4 рет қайталау Қимылды ойын: «Шарды ұстап ал» Балалар шеңберді бойлай ортаға беттерін қаратып, қол созымдай жерде тұрады. Мысық қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5м) шыбыққа қысқа жіппен шағын шар байланған. Ол музыкаға билеп тұрған балалардың басынан жіпті сәл асыра айналдырады. Шар төбелерінен айналғанда балалар оны екі қолмен ұстағысы келіп секіреді. Шарды кім ұстап алса, сол «Мен ұстап алдым!»-дейді. Оны мадақтап, ойын әрі қарай жалғастырылады. Соңында тәрбиеші мысыққа алғысын айтады, біздің балалар қандай? мықты ма екен? деп сұрайды Мысық мақтап қапшықты ашып әр балаға бір чупа – чупс кәмпитінен береді. Қоштасып кетеді. | онда үш бұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш пішіндерді алып санайды. Балалар пішіндерді санайды 1үшбұрыш,2 төртбұрыш,2 тік төртбұрыш барлығы 5 пішін. Жапсырма жасауға келіседі, үлгі бойынша жасайды, көрме сөресіне апарып іледі Тосыннан шыққан музыкаға көңіл аударады мысықпен сәлемдесіп жаттығу жасауға келіседі. Жаттығуларды жасайды, ойынға қатысады Мысықпен қоштасады |
Рефлексивті коррекция лаушы. | Тәрбиеші балаларды орындарына барып отырғызады, кәмпиттерін жемей тұрып, бүгін немен айналыстық? не өте ұнады ?-деп балаларға жасаған іс -әрекеттерін қорытып айтуын сұрайды, бағалайды, оқу іс- әрекетті аяқтайды | Жасаған жапсырманы, санағандарын, ойнағандарын қорытып айтып береді. Өздеріне ұнаған сәтті әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртуы: 5 дейін санауды, сұрақтарға жауап беруді, жапсыруды жасауды.
Түсінуі:геометриялық пішіндерді салыстыруды, үйшік қандай бөліктерден құралатынын,жаттығуларды үлгіден айнытпай орындауды Қолдануы: салыстыруды,үйшік жапсырмасын бағалауды, жаттығуды қолдануды.