kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дидактические игры по математике

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математикадан дидактикалы? ойындар

«Біреу ж?не к?п» дидактикалы? ойыны № 1

Ма?саты: «Біреу ж?не к?п» ??ымын ажырата алу?а ?йрету.Т?рбиеші балалардан заттарды? арасынан бір ж?не к?п заттарды табуды ?тінеді. Мысалы: са?ат біреу-ойыншы? к?п; та?та біреу-парта к?п; бір аквариум-к?п г?л.?шб?рыш ?йшікке кіріп, жары?ты жа?ып, сонда т?ра бастады. Бір уа?ытта біреу есікті ?а?ады. ?шб?рыш: «Б?л кім?» деп с?райды. Шаршы к?рінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атау?а ?иналса, т?рбиеші ?зі атайды. Б?рі бірге оны? б?рыштарын санайды, барлы? ?абыр?аларыны? бірдей екендігін атап ?теді

«Шаршы ??растыр» дидактикалы? ойыны № 2

Ма?саты: Балаларды б?лшектерден б?тін бір зат ??растыру?а ?йрету.Балалар а? шаршыны? ?стіне б?ліктерге б?лінген т?рлі-т?сті шаршыны ??растырып ?ояды. Б?лшектерден б?тін бір зат жасайды. Балалар ?инал?ан жа?дайда т?рбиеші олар?а к?мектеседі. Шаршыны? ?анша б?ліктен т?ратынын санайды, ??растырыл?ан шаршыны? т?сін айтады.

1-н?с?а: ?рбір бала ?зі жеке жинайды.

2-н?с?а: шаршыны топ болып жинайды (?айсысы жылдам?).

3-н?с?а: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, к?рделірек т?рін беру.

«Зат неге ??сайды?» дидактикалы? ойыны № 3

Ма?саты: Геометриялы? денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналада?ы заттарды? геометриялы? пішінін ажырата білу да?дыларын дамыту.

1-н?с?а.Т?рбиеші геометриялы? пішінді немесе геометриялы? денені балалар?а к?рсетеді, ал балалар оны? ?орша?ан ортада?ы ?андай зат?а ??сайтынды?ын табады немесе естеріне т?сіреді.2-н?с?а.Т?рбиешіні? ?стеліні? ?стінде геометриялы? пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты та?дай отырып, оны? ?андай пішінге ??сайтынды?ын айтады. ?зіні? жауабын т?сіндіреді.

«Айырмашылы?ын тап» дидактикалы? ойыны №4

Ма?саты: Балалар?а екі суретті? немесе затты? айырмашылы?ын таба білуге; ?з ойын айта білуге ?йрету; а?ыл-ойларын дамыту; шыдамдылы??а, досыны? жауабын ты?дай білуге да?дыландыру.

Мазм?ны.Б?л ойында т?рбиеші сенсориканы, к?лемді, ке?істік ?атынасын, санын салыстыру ?шін белгілі бір ма?сатты к?здейді. Ары ?арай салыстыратын заттарды? санын арттыра отырып, бірнеше н?с?аларын ?атарынан істеуге болады. Ойын ?ткен материалды бекітуге арнал?ан. Т?рбиеші балаларды? с?йлемді д?рыс байланыстырып с?йлеуін ?ада?алайды.

Балалар екі сай?ымаза?ты салыстырады. Салыстыруда мына с?здер пайдаланылады: ке? – тар, ?алы? – ж??а, ?зын – ?ыс?а.

«Біреуі арты?» дидактикалы? ойын № 5

Ма?саты: «Біреу – к?п» ??ымын бекіту; ойлау ?абілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге ?йрету.

Мазм?ны.

1-н?с?а.

Балалар барлы? карточкаларды? арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін к?п зат бейнеленген карточканы к?рсетеді. Бір бала жауап береді, ?ал?андары тексеріп отырады.2-н?с?а.Барлы? балалар?а карточка ?лестіріледі (карточкалар ?айталанбайды). Барлы? балалар ?з карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отыр?ан екі бала бірдей д?рыс жауап ?айтарса, олар ж?лдыз алады. ?ай партада ж?лдыз к?п болса, солар же?еді.

3-н?с?а.Балалар ?з бетімен партада ж?мыс істейді. Жауапты? орнына балалар жай ?арындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол бала?а та?ы бір карточка беріледі. Екі немесе ?ш карточка?а жауап берген балалар же?імпаз деп саналады

«Сипап сезу ар?ылы санау» дидактикалы? ойыны №6

Ма?саты: Сипай сезіп санау ар?ылы ?арамай-а? екі топта?ы заттарды салыстыру?а ?йрету (арты?, кем, те?); санау да?дыларын бекіту; салыстыруда беттестіру т?сілін ?олдана білу.Мазм?ны.Т?рбиеші ?стеліні? ?стінде орамалмен жабыл?ан заттарды? екі тобы (4 кірпіш, 5 ж?к машинасы) ?ойылады. Ша?ырыл?ан бала бір топта?ы заттарды? санын орамалды ашпай ?олмен ?стап санау ар?ылы аны?тап, ?орытынды санды айтады ж?не осылайша екінші топта?ы заттар да саналады. ?арамай-а?, ?ай топта?ы заттарды? арты? не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлы? балалармен жауапты? д?рысты?ы тексеріледі. Ары ?арай топтарды салыстыру ар?ылы неше арты?, неше кем екенін аны?тау, те?естіру ж?мыстарын ж?ргізуге болады.

«С?зді керісінше ата» с?здік ойыны №7

Ма?саты: Балаларды ?арсы ма?ынада?ы с?здерді таба білуге ?йрету; к?лем, ке?істіктегі ара ?атынас туралы білімдерін бекіту.Мазм?ны.Т?рбиеші к?лемді, ке?істіктегі ба?ытты немесе санды? ?атынасты аны?тайтын с?зді атап, допты бір бала?а ла?тырады. Бала осы с?зге ?арсы м?ндес с?зді атап, допты ?айтадан т?рбиешіге ла?тырады (?лкен – кіші, ке? – тар, ?зын – ?ыс?а, биік – аласа, ?алы? – ж??а, сол жа?та – о? жа?та, жо?ары – т?мен, аз – к?п, ?алы?ыра? – ж??ара?, ?зыныра? – ?ыс?ара?, ке?ірек – тарыра?, т.б.

«А?дарды ?оректендір» дидактикалы? ойын №8

Ма?саты: 1саны, ж?не цифры туралы ал?аш?ы білімдерін бекіту; ?орша?ан орта туралы білімдерін ке?ейту.

Мазм?ны.Та?тада а?дарды? суреті ілінген, ал тама?ты? суреті т?рбиеші ?стеліне ?ойыл?ан.

- Марат, ?алай ойлайсы?, бананды ?ай а??а береміз? Апарып бер. Сен пілді? баласына неше банан берді?? Осы цифрды ата ж?не к?рсет. Бас?а а?дармен де осындай ж?мыс ж?ргізіледі.

- Ал аю нені жа?сы к?реді? ?рине, балды.

- Жола?тары бар карточканы алы?дар. Солдан о??а ?арай жо?ар?ы жола?ты, содан кейін т?менгі жола?ты сауса?тары?мен ж?ргізі?дер.

- Енді жо?ар?ы жола?ты? сол жа?ына бір аюды ?ой.

Т?рбиеші бірнеше баладан неше аюдан ?ой?андарын с?райды.

- Т?менгі жола??а сол жа?тан о??а ?арай балы бар к?п б?шкелерді ?ойы?дар (фишкалар).

Т?рбиеші бірнеше баладан жекелей с?райды:

- ?онжы?тар нешеу?

«Нені? баласы?» дидактикалы? ойыны № 9

Ма?саты: Балаларды? «?лкен», «кіші» ??ымдары туралы т?сініктерін бекіту; жабайы ж?не ?й жануарлары туралы білімдерін ке?ейту.

Мазм?ны. ?лкен ж?не кіші ойыншы?тар б?лек т?рады. Бала ?лкен ойыншы?ты та?дап алады ж?не о?ан кішкене ойыншы?тарды іріктеп алады (немесе керісінше). ?зіні? та?дап ал?ан ж?бын атайды.

Мысалы: ит ?лкен, ал к?шік кішкентай.

«Циркті? ?ртістері» дидактикалы? ойыны. № 10

Ма?саты:балаларды? 2 саны ж?не цифры туралы ал?ан білімдерін бекіту.

Мазм?ны.

1-н?с?а.

Ковралан та?тада жануарлар бейнеленген суреттер ?р жерге орналас?ан. Т?рбиеші б?гін циркте тек м?нда 2-ден ?ана бар ?ртістер ?нер к?рсететіні? айтады. Балалар суретті та?дап, оларды б?лек ?ойып санайды, к?рсетеді, цифрды атайды.

2-н?с?а.

1-н?с?ада к?рсетілгендей, біра? б?л жерде мазм?нды суреттер ?осылады. Балалар 2-ден болатын заттарды ?ртістерге таратады. Барлы?ына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды ж?не к?рсетеді.

- ?андай заттар бір-бірден ?алды? (1цифрын к?рсету, атау).

3-н?с?а.

2-н?с?а?а ??сас, біра? тапсырма к?рделенеді. Ж?п заттарды? суреттері т?сіне, к?леміне ?арай іріктеліп алын?ан: ?зын, ?ыс?а секіртпе ?лкен, кіші барабан (т?рбиеші ?з н?с?аларын ойлап табуына болады.) Т?рбиеші бір н?с?аны та?дайды.

«Жыл атасы» дидактикалы? ойыны № 11

Ма?саты: Балаларды жыл мезгілдері ж?не айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар ?атары туралы ал?ан білімдерін бекіту.

Та?тада Жыл атасыны? суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.

- ?азір жылды? ?ай мезгілі?

Т?рбиеші ?азір ?ай ай екенін с?райды, балалар ?айталайды. ?рбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, к?з айларын атайды.

?лестірмелі материалдармен ж?мыс.

- Б?гін жыл атасы бізбен к?з туралы ??гімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка ?келіпті.

- Не ?шін сары карточка ?келді?

?рбір карточкада керекті санды ?ою?а арнал?ан к?з айларына с?йкес келетін тор к?з бар.

Т?рбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орын?а ?ояды. Одан кейін т?рбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

«?ан?ызын тап» дидактикалы? ойыны № 12

- Бізге егістіктен ?ан?ыздары ?шып келді. Олар бір-біріне ?те ??сас. Барлы?ы оларды ыл?и да шатастырады. Олар ?здерін бір-біріне ??самайтындай етіп жасауларын с?райды. Олар?а к?мектесеміз бе? ?рбір ?ан?ызында да?тары о? ж?не сол ?анатында бірдей болатындай жаса. Сол жа?та неше да?, о? жа?та неше да? бар екенін сана. Барлы?ы ?анша? Цифрды к?рсет.

- Екінші ?а??ызында сол жа?ында?ы да?тар о? жа?ына ?ара?анда арты? болсын. Сол жа?ында неше жа?, о? жа?ында ше? Барлы?ы неше да?? Цифрды к?рсет.

- ?шінші ?а??ызындасол жа?та?ы да?тары о? жа??а ?ара?анда кем болатындай жаса. Сол жа?та неше да?, о? жа?та ше? Барлы?ы неше? К?рсет.

- Бізді? ?а??ыздарымыз?а енді «жасырыну керек», ?йтпесе то?ып ?алады (топ б?лмесіні? ?р жеріне ?ойылады).

- Сендер оларды таба аласы?дар ма?

«Зат неге ??сайды?» дидактикалы? ойыны № 13

(2-саба?ты? н?с?асын ?ара?ыз).

- Буратиноны? ?йіндегі ?андай заттар тікт?рб?рыш?а ??сайды?

- Міне, барлы? ?она?тар мерекелік дастар?ан басына жиналды. Кім Буратино?а жа?ын отыр?

- Кім Буратинодан алыс отыр?

- Кім Карабас-Барабас?а жа?ын отыр?

- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?

?лестірмелі материалмен ж?мыс.

- Паровозда неше тікт?ртб?рыш ж?не д??гелек бар? Не арты??

«Си?ырлы ?алта» дидактикалы? ойыны № 14

Ма?саты: Балаларды заттарды ?олмен ?стап, санау?а ?йрету.

1-н?с?а – затты ?олмен ?стап санау.

2-н?с?а – ?андай зат екенін ?стап к?ріп, аны?тау.

Т?рбиеші балаларды? ортасына «си?ырлы ?алтаны» ?келеді. Балаларды? арасынан бір баланы та?дап алады. Ол бала к?зін ж?мып, ?олын «си?ырлы ?алта?а» салып, кез келген т?ймелері бар жола?ты та?дап алып, ?олын «си?ырлы ?алтадан» шы?арма?ан бойы т?ймелерді сауса?ымен санайды. ?алтадан ?олын шы?арып, санын айтады. Балалар тексереді ж?не т?ймелерді? санына (1-5) с?йкес цифрларды к?рсетеді. ?л балалар Ілиясты?, ?ыздар Айс?луды? неше т?йме ?ада?анды?ын аны?тайды.Балалар ?кесіне кафель т?сеуге к?мектесуді ?й?арады. Бірнеше кафель жерге ??лап, сынып ?алды. Балалар?а оны жинау?а к?мектесуді с?райды.«Шаршы ??растыр» дидактикалы? ойыны №15?лестірмелі материалдармен ж?мыс.Т?рбиеші тапсырманы? орындалуын ?ада?алайды. Егер бала орындау?а ?иналса, о?ан к?ршілес партада?ы бала к?мектеседі. М??алім к?рделі шаршыны д?рыс ??растыр?ан бір партада?ы балалар?а ж?лдызша беріп, мада?тайды.

- Ілияс пен Айс?лу жануарларды? ?р?айсысын ?з ?йлеріне орналастырма?шы.

Т?рбиешіні? ?стеліне жануарларды? суреттері, ал та?таны? ?р б?рышына ?йшіктер ?ойыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дидактические игры по математике »

Математикадан дидактикалық ойындар

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1

Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.

Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2

Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.

Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.

1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.

2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).

3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.



«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 3

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.

1-нұсқа.

Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.

2-нұсқа.

Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны №4

Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.

Мазмұны.

Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.

Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.



«Біреуі артық» дидактикалық ойын № 5

Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.

Мазмұны.

1-нұсқа.

Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.

2-нұсқа.

Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.

3-нұсқа.

Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады



«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны №6

Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.

Мазмұны.

Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.



«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны №7

Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.

Мазмұны.

Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.



«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын №8

Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны.

Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.

- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.

- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.

- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.

- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.

Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.

- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).

Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:

- Қонжықтар нешеу?



«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны № 9

Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.

Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.

Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.



«Цирктің әртістері» дидактикалық ойыны. № 10

Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекіту.

Мазмұны.

1-нұсқа.

Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды.

2-нұсқа.

1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді.

- Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау).

3-нұсқа.

2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.



«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 11

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.

Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.

- Не үшін сары карточка әкелді?

Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.

Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.



«Қанқызын тап» дидактикалық ойыны № 12

- Бізге егістіктен қанқыздары ұшып келді. Олар бір-біріне өте ұқсас. Барлығы оларды ылғи да шатастырады. Олар өздерін бір-біріне ұқсамайтындай етіп жасауларын сұрайды. Оларға көмектесеміз бе? Әрбір қанқызында дақтары оң және сол қанатында бірдей болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ бар екенін сана. Барлығы қанша? Цифрды көрсет.

- Екінші қаңқызында сол жағындағы дақтар оң жағына қарағанда артық болсын. Сол жағында неше жақ, оң жағында ше? Барлығы неше дақ? Цифрды көрсет.

- Үшінші қаңқызындасол жақтағы дақтары оң жаққа қарағанда кем болатындай жаса. Сол жақта неше дақ, оң жақта ше? Барлығы неше? Көрсет.

- Біздің қаңқыздарымызға енді «жасырыну керек», әйтпесе тоңып қалады (топ бөлмесінің әр жеріне қойылады).

- Сендер оларды таба аласыңдар ма?



«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 13

(2-сабақтың нұсқасын қараңыз).

- Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды?

- Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр?

- Кім Буратинодан алыс отыр?

- Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр?

- Кім Карабас-Барабастан алыс отыр?

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

- Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?



«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны № 14

Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.

1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.

2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.

Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды.

Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.



«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны №15

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды.

- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы.

Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.



«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16

Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.

5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.

- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.

- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.

- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.

- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.

- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?

- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер.

- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер.

- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?

- Аңдардың қайсысы артық? Неге?

Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.



«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны № 17

Мақсаты: Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.

Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген.

Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды.

- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал – жабдықтары көрсетілген сурет).

- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір.

- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңдар. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.

Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады.

-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?



«Ненің жұбы болады» дидактикалық ойыны. №18

Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, «жұп» ұғымын бекіту.

Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.

Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т.б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.

- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?

- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - «артық». Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу – «үшінші артық адам» болады.



«Сандар шатасты» дидактикалық ойыны. №19

Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.

Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.

Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.

- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?

- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?

- Қане, тексеріп көрейік (санайды).

- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді.Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).

- Кім бірінші? Кім екінші?

- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші, үшінші...)

- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып қалыпты, қанеки, көмектесіп жіберіңдер.

- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде өзінің нешінші екендігін ұмытып қалыпты.

- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып, дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші еді?

Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жіберді



«Не өзгерді» ойыны №20

Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.



«Дауыстап санау» дидактикалық ойыны № 21

Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.

1-нұсқа.

Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.

Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.

2-нұсқа.

Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.

Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.

- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).



«Адасқан цифрлар» дидактикалық ойыны № 22

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.

Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.



«Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын № 23

Қапшықта геометриялық пішіндер:

Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады.

4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.

«Жеті» - көсеу баяғы,

Жалғыз оның аяғы.

7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.



«Суретші қай жерде қателесті?» дидактикалық ойыны № 24

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.

Ойынның мазмұны.

Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.



Сөздік ойыны № 25

1-нұсқа.

Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.

Күзде жаңбыр жауады, ал қыста...(қар жауады).

Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде...(жапырақтар түседі).

2-нұсқа. (көлем туралы).

Бұта аласа, ал ағаш...(биік).

Бұлақ тар, өзен...(кең).

Тәулік бөліктері туралы.

- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал... түскі ас ішеміз.

- Біз кешке тамақ ішеміз, ал... жаттығу жасаймыз.

- Түнде біз ұйықтаймыз, ал... серуендейміз.

- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.

- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды...көреміз.



«Заңдылығын тап» дидактикалық ойыны № 26

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.



«Не жоқ?» дидактикалық ойыны № 27

Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады.



«Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны № 28

Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.

Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.



«Жыл атасы» дидактикалық ойыны № 29

Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка.

- Жыл атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады).

- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?

- Оларды өз орындарына қойыңдар.

Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды.

Түнде аяз күшейіп,

Күндіз тамшы тамады.

Күн білінбей ұзару,

Бұл қай кезде болады?

(Ақпан)

- Ақпан айы қай айдан кейін болады?

- Қыс айларын атаңдар.

Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны № 30

Тәрбиеші сопақшаның бөлме ішіне жасырынып қалғанын айтады. Балалар бөлме ішінде сопақша пішіндегі заттарды атайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Дидактические игры по математике

Автор: Туманбаева Гульшат Тайжановна

Дата: 23.11.2014

Номер свидетельства: 134594

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Дидактические игры. Математика 5- 6 классы."
    ["seo_title"] => string(45) "didaktichieskiie_ighry_matiematika_5_6_klassy"
    ["file_id"] => string(6) "397742"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488638103"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Дидактические игры как форма обучения детей основам математики."
    ["seo_title"] => string(72) "didaktichieskiie_ighry_kak_forma_obuchieniia_dietiei_osnovam_matiematiki"
    ["file_id"] => string(6) "438848"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510679161"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(273) "Статья  «Развитие познавательной активности   дошкольников  посредством дидактических игр математического содержания  и дидактического материала»"
    ["seo_title"] => string(143) "statiarazvitiiepoznavatielnoiaktivnostidoshkolnikovposriedstvomdidaktichieskikhighrmatiematichieskoghosodierzhaniiaididaktichieskoghomatieriala"
    ["file_id"] => string(6) "307264"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458299406"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "ДИДАКТИЧЕСКИЕ ИГРЫ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ "
    ["seo_title"] => string(44) "didaktichieskiie-igry-na-urokakh-matiematiki"
    ["file_id"] => string(6) "217467"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1433353969"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(203) "«Использование дидактической игры в формировании элементарных математических представлений у дошкольников»"
    ["seo_title"] => string(80) "ispol_zovaniie_didaktichieskoi_ighry_v_formirovanii_eliemientarnykh_matiematichi"
    ["file_id"] => string(6) "355862"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478433954"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства