Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: Көп-біреу
Мақсаты: Балалардың сенсорлық сенімдерін дамыту. Дөңгелек туралы түсініктерін бекіте отырып көп- біреу ұғымдарын таныстыру. Ауыз -екі сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жұмсақ ойыншықтар, сиқырлы қорап, дөңгелектер.
Әдіс- тәсіл: көрнекілік, сұрақ- жауап, ойын.
Барысы
1. Мотивациялық кезең
Балалар шеңберге тұрып, өздері үйренген өлеңдерін айтып береді
2. Ұйымдастырушылық - ізденушілік кезең
-Ой балалар, бізге мына қорапты кім әкеліп тастаған?
-Қане көрейікші ішінде не бар екенін?
Ішінен ойыншықтар шығады(аттарын атау) Бір қоян, бір күшік, машина, ұшақ,маймыл, жіпке тізілген көп дөңгелектер. Дөңгелектер қанша екен?
- Көп
-Қызыл дөңгелек нешеу?
-Біреу
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін дәмдісін,
Анамызға сыйлайық.
3. рефлексивті түзетушілік
Енді балалар мына екі қызыл және сары ыдыстар бос екен осыған көп дөңгелектерді жапсырайық.
Қане ыдысымызда қанша дөңгелек болды?
-Көп
-Ішінде сары дөңгелек нешеу екен?
- Біреу
Топқа түлкі кіреді. Балалар топқа мына қорапты мен әкелдім. Сендер тәрбиеші апайдың сұрақтарына жақсы жауап беріп, өлеңді жақсы айттыңдар.
Сендердің жапсырған көп дөңгелектеріңді маған сыйлаңдаршы. Ормандағы достарыма көрсетейін.
Рахмет. Сау болыңдар.
Күтілетін нәтиже
Білуі тиіс: дөңгелектерді және түстерді заттарың атын атау.
Игеру керек: көп, біреу ұғымдарын.
Істей білу: дөңгелектерді тиісті орынға жапысыруды.