Сабақтың тақырыбы: "Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе"
Сабақтың тақырыбы: "Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе"
Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным-түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін
жетілдіре отырып, дайын түрлі-түсті қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: "Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе"»
Күні:
Білім беру саласы: Әлеумет
Кіріктірілген білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері.Аппликация
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным-түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін
жетілдіре отырып, дайын түрлі-түсті қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.
Білімділігі: Балалардың қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Пайдаланатын көрнекіліктер: Суретті слайд,тақырыпқа сай суреттер.
Қажетті – құралдар: Түрлі-түсті қағаздан қиылған кесе, қызғалдақ гүлі, желім, ақ қағаз, дымқыл шүберек.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбер.
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жайнап
Судай таза көңілмен
Бүгінігі күнімізді бастайық!
-Балалар бір аптада неше күн бар?
-Бір аптада 7 күн бар.
-Балабақшаға неше күн келеміз?
-Балабақшаға 5 күн келеміз.
-Балалар аптаның бейсенбі күні бізге қандай оқу – қызметі болады?
-Экология негіздері.Аппликация
-Балалар осы экология негіздерінен өткен тақырыптарымызды есімізге түсірейікші?
-Жарайсыңдар балалар!
-Біздің табиғат бұрышымыз. Мамандықтың бәрі жақсы .Өзім туралы . Менің көмекшілерім. Туған өлкенің өсімдіктері т.б.
-Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қонақ әдебі туралы әңгімелейміз.Қазақ халқы - қонақжай халық. Қонақ келген кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз.Дастархан жаямыз.
-Қазақ халқы қашаннан қонақжай халықпыз, дастарханннан дәмі кетпеген «Қонақ келсе - құт» әкеледі деп әң тәтті тамақтарын қонақтарына қойған.Үйіне келген қонағын қадірлей білген, сый - құрмет қошемет көрсетіп кішілік танытқан .
Дидактикалық ойын: «Не жасырылғанын тап»
Шарты: Тақтада ыдыстардың түрлі суреттері ілулі тұрады .
Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, тез бір сурет жоқ екенін айтады.
Тәрбиеші: Келген қонақтарға көрсетілетін құрметіміз мамаларымыздың толтырып жайған дастарханы екен.
-Балалар мамаларың үйлеріңе қонақтар келгенде дәмді тамақтар пісіреді ме?
-Қандай тамақтар пісіреді?
-Ата-аналарың келген қонақтарды күтіп,құрмет көрсетеді ме?
-Ия
-Келген қонақты қайда отырғызады?
-Үстел басына шақырады.
Үстелге не төсейміз?
-Дастархан.
-Дастарханға не қоямыз?
-Әр түрлі тағамдар қоямыз.
-Тағамдарды неге саламыз?
-Ыдыстарға
-Ыдыс - аяқтың қандай түрлерін білесіңдер.
-Бұларды балалар бір сөзбен ыдыстар деп атайды екенбіз.
Сергіту сәті.
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
-Балалар сендер өте дұрыс айтып отырсыңдар, енді бүгінгі оқу қызметімізде қонақтарға шәй ішуге ұсынатын , қызғалдақ гүлімен әшекейленген кесемізді жапсырайық.
-Балаларға жасалу жолын көрсетіп түсіндіремін.
Балалардың жұмыстарын қарап,жеке көмекті қажет ететін балаларға көмектесемін.
Қорытынды: Қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін, бекіту , жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, оқу қызметін қортыпдылап,мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қазақ халқының қонақжайлылығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі қонақ әдебімен танысып білді.
Нені меңгерді: Қағаздан қиылған кесені желімді пайдалана отырып, қызғалдақ гүлімен безендіруді меңгерді: