Просмотр содержимого документа
«Сабақтын конспектісі "Үй жануарлары"»
Ортаңғы тобында оқу қызметінде ұйымдастырылған сабақтың конспектісі
Конспект занятия организованной учебной деятельности в средней группе
The lesson summary of organized educational activityfor the senior group
Өткізілетін күні: Дата проведения: The date: 21.02.2018ж
Тәрбиеші: Воспитатель: Educator: Тукпаева Г.С.
Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: «Коммуникация»
ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: «Сөйлеуді дамыту»+ «Сурет салу»
Тақырыбы: Тема: Theme: «Үй жануарлары» /сурет арқылы/+ «Әтешті бояу» Мақсаты: Цель: Aim:Үй жануарлары туралы әңгіме құрастыруға үйрету. Жан- жануарларды, олардың төлдерін білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту іскерліктерін дамыту.+ Балалар бейнелеуде бояудың мүмкіндігін кеңейтіп көрсетеді.Нақты түстердің атауын білу.Бейнелеуге нақты түстерді таңдай білуге үйрету.Қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Міндеттері: Задачи:Tasks:
Білімділік: Балаларды үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз ойларын кенейту, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көптілдік компонент: Полиязычие: Multilingualism: үй жануарлары-домашные животные- wild animal
Құрал – жабдықтар: Оборудование: Equipment: үлгі суреттер,
Алдын – ала жұмыс: Предварительная работа: Preliminary work: Тақпақтар,сұрақ-жауап,сергіту,шаттық шеңбер.
Атам мені құлыным дейді, Әжем мені ботам дейді, Әкем мені шырағым дейді, Анам мені қозым дейді, Ал шынында мен кіммін? Мен дарынды баламын! -Жарайсыңдар, балалар сендерді ата-аналарын, ата-әжелерін осылай еркелете ме? Олай болса бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде үй жануарлары жайында болмақ. Кәнекей балалар орнымызға жайғасып отырайық. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Қарға баласын «аппағым» дейді, Кірпі баласын «жұмсағым» дейді. -Жануарлар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады. -Балалар үй жануарларына нелер жатады? (түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі, қой, ит, мысық т.б) -Үй жануарларының төлін атайықшы? (бота, құлын, бұзау, қозы, лақ) -Үй жануарларының қоректенетін қорегі не? (жем, шөп, су) -Үй жануарларының қандай пайдасы бар? Олардың пайдасы өте көп, жеп отырған етіміз, ағарған тағамдарымыздың барлығын осы төрт түліктен алынады. Қой - төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағамыз, еденге төселетін киіздер бәрі де осы қойдың жүнінен жасалады. Және де қойдың етін тағам ретінде пайдаланамыз, Қойдың төлі – қозы. Ешкі – түбіті, терісі өте мықты болады. Ертеректе ешкінің терісінен сусын құятын мес жасаған, сүті мен еті өте пайдалы. Ешкінің төлі – лақ. Сиыр – сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар құрт, ірімшік, май, айран, қаймақ, сүзбе, сиырдың еті өте дәмді болады. Сиырдың төлі – бұзау. Түйе – түйені ертеректе көшіп-қонған кезде үстіне жүк артып көлік ретінде пайдаланған. Түйе сүтінен адамға емдік қасиеті бар шұбат жасалынады. Түйенің төлі – бота деп аталады. -Сонымен балалар үй жануарларының қандай адам өміріне маңызды пайдасы бар екенін білдік. -Адамдар үй жануарларын бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Қазақ халқы малдарды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. Әр малдың өзінің иесі болады. Қой атасы – Шопан ата, Жылқы атасы – Қамбар ата, Ешкі атасы – Сексек ата, Түйе атасы –Ойсылқара Сиыр атасы – Зеңгі баба. Жекеше және көпше түрде айтуды үйрету. Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, 1 қой, 1 жылқының суреттері ілінеді. Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді. (Бір түйе, бір сиыр т.б. Түйелер, сиырлар, қойлар.) -Балалар сендер ата-әжеміздің ауылына қонаққа барғыларын келе ме? -Балалар, көзімізді жұмып, ауылдағы ата-әжелерімізді олардың ауласында жайылып жүрген үй жануарларын көз алдымызға елестетиекші. -Кәне көзімізді ашамыз айналамызға қарайықшы бүгін біз әженің ауылына қонаққа келдік балалар. -Жарайсыңдар, балалар қойдың төлін не деп айтамыз? -«Қошақан» олай болса қазіргі әнімізде «Қошақандар» -Әже біздің балаларымыз үй жануарлары жайында тек тақпақ ғана білмейт сонымен қатар жұмбақта біледі. -Кім үй жануарлары жайында жұмбақ жасырады келе қойыңдар ортаға. Әже келеді.Тақпақты да, жұмбақты да жақсы біледі екенсіңдер Ал, қарандаршы балалар менің үй жануарларым өте көп. Мен соларды санай алмай басым қатуда. -Балалар, әжеге үй жануарларын санауға көмектесеміз бе? Заключительная часть: Қортынды бөлім: Балалар, сендерге үй жануарлары қатты ұнайды екен, алған әсерімізді сурет арқылы жалғастырайық