Сабақтың колданылатын әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, ойын, сұрақ -жауап
Сабақтын барысы: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін?
3 топқа бөлу:
I топ- Төле би ауылы,
II топ- Қазыбек би ауылы,
III топ- Әйтеке би ауылы.
Әр топ өз ұранын айтады.
Төле би ауылы:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің
Жаңбыр жаумаса – жер жетім.
Басшы болмаса – ел жетім.
Ұқпасқа айтқан – сөз жетім.
Атың жақсы болса,-
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жаксы болса-
Жан мен тәннің шырағы.
Қазыбек би ауылы:
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын-анаңқымбат,
Мейірімді - апаң қымбат,
Кіндік кескен – жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат.
Әйтеке би ауылы
Бай болсаң,
Халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң,
Жауға найзаң тисін
Аумин !
Бағалау әдісімен таныстыру.
-Балалар,біз бүгін әр түрлі кәсіп иелеріне қонаққа барамыз. Олардың сендерге дайындаған тапсырмалары мен сыйы бар. Сендердің әрбір дұрыс жауаптарыңа 10 ұпайдан беріледі.Сендер жинаған ұпай сандарына қарай бағаланасыңдар. 10, 20,30 ұпайға –“3”,40,50,60 ұпайға - “4”,70,80,90 ұпайға -“5”,деген баға қойылады.
-Балалар бізді бүгін мұғалім,балықшы,дәрігер,тігінші,музыкант,суретші және аспаз қонаққа шақырып отыр. Бізге оларға бару үшін көлік қажет. Қанеки, өзімізге ыңғайлы автокөлік түрін таңдап алайық.Таңдаган автокөлікке міну үшін сол автокөліктің атына дыбыстық талдау жүргізуіміз қажет.
II.Дыбыстық талдау.
Л-
И-
М-
У-
З-
И-
Н-
ІІІ. Тест арқылы өткенді қайталау
1. Түбір сөзді тап
А)Жаңалық
Ә)Күй
Б)Балықшы
2. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
А) Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін сөздер.
Ә) Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша
Б) Сөз мағынасын өзгертетін қосымша
3) Бастауыштың сұрақтары.
А) Қандай қай?
Ә) Қанша? Неше?
Б) Кім? Не? Кімдер? Нелер?
4) Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.
А) Мұ-на-ра
Ә) Мұн-а-ра
Б) Мұ-нар-а
5)Көп нүктенің орнына лайықты сөзді қой.Ол...... еткен дыбысты алыстан естіді.
А)Бұрқ-сарқ
Ә)Тасыр-тұсыр
Б)Маң-маң
6) Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін анықта.
А) Жай , құрмалас
Ә) Жалаң , жайылма
Б) Хабарлы,сұраулы,лепті
7) Баяндауыштың сұрақтары.
А) Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Ә) Кім? Не? Не қылды?
Б) Кімдер? Не Қылды? Қайтті?
8) Бас әріп жазылатын сөздер.
А) Жануарлар, жәндіктер
Ә) Адамның аты-жөні, жер-су аты
Б) Адамның аты, өсімдіктің аты
9)Дұрыс нұсқаны таңдау.
А) Сөйлем бас әріптен басталып жазылады
Ә) Сөйлемнің соңына үтір қойылады
Б) Сөйлемдегі сөздер бірге
Жұптық жұмыс. Тест кілтіне қарап бір-бірін бағалау.Әр дұрыс жауапқа- 10 ұпай.Тестің кілті.
1 Ә 4 А 7 А
2 А 5 Ә 8 Ә
3 Б 6 Б 9 А
ІV. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Сөздік диктант.Мұғалім, дәрігер, балықшы.